Просмотр содержимого документа
«Спортты? т?рлері »
Қазақ тілі. 7 сынып
Тақырыбы: Спорттың түрлері
Мақсаты: Реттік сан есім тақырыбы бойынша оқушының оқу жетістігін бағалау; Қазақтың белгілі спортшылары туралы мағлұмат беру.
Міндеті: - оқушылардың теориялық білімдерін жүйелеу, дұрыс сөйлеу нормаларын меңгерту және жаттықтыру;- грамматикалық ережелерін саналы, тиянақты меңгерту;- сөздік қорының орынды қолданылуы;- сан есім, оның түрлерін тәжірибеде қолдана білу;- жазылым, оқылым, айтылым әрекеттері арқылы іске асыру;
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Сабақ көрнекілігі: критерий бойынша тапсырмалар, интербелсенді тақта, суреттер.
Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру, тарих.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақ түсіндіру. Бүгінгі сабақ бойын тапсырмалар орындаймыз оларды критерийлер арқылы бағалаймыз. Ол үшін алдымен оқу жетістігін бағалайтын критерийлермен танысып алайық.
Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийі
критерий Жетістіктердің ең жоғарғы деңгейі
А ТҮСІНУ 5
В ҚОЛДАНУ 5
С ТАЛДАУ 5
Критериалды бағалау
Оқушылар білімін бағалау жүйесі
“5”- 13 – 15 балл (86%- 100%)
“4”- 11 – 12 балл (70%- 85%)
“3”- 8 – 10 балл(50%- 69%)
“2”— 0 – 7 балл (49% төмен)
Критерий А.
Сан есімдерді пайдаланып сөйлем құраңыз, реттік сан есімге айналдыр..
Қазақстанның жалауын 1984 жылы /…..../ Кросноярск қаласында 33 жастағы /…..../ Жақсылық Үшкемпіров алып шықты. Серік Қонақбаев 1959 жылы /…........./ 25 қазанда /…...../ Павлодор қаласында дүниеге келді. 1986 – 1992 жылдарда /…......../ Қазақстан құрама командасының жаттықтырушысы болды. Ермахан Ибраимовтың орташа салмағы 71 кг /…...../. 2000 жылы /…....../ Сиднейден алтын медальмен оралды.
2. Реттік сан есім ретінде сөздермен жазыңдар.
254, 21, 54, 102, 1005.
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Нешінші жылы Астана мен Алматы қаласында Олимпиада болды?
2. Спорттың қай түрімен шұғылданасың?
3. Қазақстан құрама командасы 2012 жылғы Олимпиадада неше медаль алды?
Критерий В.
Сурет бойынша әңгіме құраңыз. Спортың бұл түрінен кім олимпиада чемпионы болды?
2. Көп нүктенің орнына сан есімдер қойып жазыңыз.
Илья Илин …….. Жылғы олимпиадада чемпион болды. Серік Сапиев бокс спортымен……….. жасынан айналысқан. Жақсылық Үшкемпіров ……… жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы атанды.. -…
3. Сан есімдерді түрлеріне қарай топтастыр.
Есептік сан есім:
Реттік сан есім:
Жинақтық сан есім:
Топтық сан есім:
Болжалдық сан есім:
Бөлшектік сан есім:
Біреу, екінші, бес, бес – бестен, жетеу, жиырма төртінші, бестен, алтыдай, үштен екісі, алтыдан, он алтыдай.
Критерий С.
1. Берілген спорт түрлеріне сипаттама жазыңдар.
2. Сан есімге анықтама беріңіз, өзге сөз таптарымен салыстырыңыз
3. Мәтінді түсініп оқып, сан есімдердің түрлерін анықтау
Ермахан Ибраимов 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол 1996, 2000 жылдары Қазақстан Олимпиада алауын алып жүрді. 1996 жылы Атлантадан қола медальмен, 1997 жылы Будапешттен күміс медальмен, 1999 жылы Хьюстоннан қола медальмен, 2000 жылы Сиднейден алтын медальмен марапатталды. 2002 - 2004 жылдары аралығында ұлттық құрама командасының бокс спорты бойынша бас бапкер болып жұмыс істейді.
1. Мәтін мазмұнына орай сурет салыңыз.
2. Мәтін бойынша спорттың түрлерінің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз.
3. Мәтіннен сан есім сөздерді тауып, морфологиялық талдау жасаңыз.