kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілері, ?тір.

Нажмите, чтобы узнать подробности

білімділік- с?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілері  ?тір

                                                         туралы жалпы т?сінік беру

                                      т?рбиелік- с?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілері  ?тір,   

                                                         ?атысты жатты?уларды негізге ала отырып,

                                                         о?ушыларды Отанс?йгіштікке, адамгершілікке  

                                                         т?рбиелеу

                                      дамытушылы?- ойлау  ?абілетін арттырып, ой-?рісін ке?ейтуге,

                                                         с?йлеу да?дыларын жетілдіріп, есте са?тау ?абілетін

                                                         жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілері, ?тір. »

Бекітемін мектеп-лицей директорының

оқу-тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары

Х. Орынбасарова

Күні:

Сыныбы:

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері, үтір.

Сабақтың мақсаты: білімділік- сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері үтір

туралы жалпы түсінік беру

тәрбиелік- сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері үтір,

қатысты жаттығуларды негізге ала отырып,

оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке

тәрбиелеу

дамытушылық- ойлау қабілетін арттырып, ой-өрісін кеңейтуге,

сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, есте сақтау қабілетін

жетілдіру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жазбаша

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу

-Оқушыларды түгелдеу

-Сынып тазалығына көңіл бөлу

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ . Үй тапсырмасын тексеру

153-жаттығу

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

  • Пунктуация деп нені айтады?

  • Тыныс белгілері не үшін қажет?

  • Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?

  • Тыныс белгілірін қоюдың қандай принциптері бар?

  • Қандай тыныс белгілері сөйлем соңында қойылады?

  • Нүкте қандай орындарда қойылады?

  • Сұрау белгісі қандай жағдайда қойылады?

  • Леп белгісі не үшін қажет?

  • Қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің ерекшелігі неде?

  • Ой аяқталмай, үзіліп қалған жағдайда оның бірінші бөлігі сұрау мағыналы болса, қандай тыныс белгілері қойылады?

  • Мысал келтір!

  • Көңіл күйін білдіретін сөйлемдердегі ой аяқталмай, кілт үзілсе, қандай тыныс белгілері қатар қойылады?

  • Мысал келтір!


ІІІ Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі:

Сөйлем құрамындағы кездесетін тыныс белгілері сөйлем ішіндегі кей сөздердің мағынасын, қызметін, қолданылу себебін даралап, ерекшелеп көрсету қызметін атқарады. Ойдың кімге бағытталғандығын немесе автордың көзқарасын, белгілі жайтты санамалап, дәлелдеп, түсіндіре отырып жеткізу мақсатын көздейді. Оларға үтір, сызықша, нүктелі үтір, қос нүкте, жақша, тырнақша жатады.

Сөйлем ішінде ерекшеленіп, мағынасын айқындауды қажет етіп тұратын сөздер - қаратпа, қыстырма, одағай сөздер мен бірыңғай және айқындауыш мүшелер. Мысалы:

Бұл жиында Ызғұтты, Жақып, Майбасар сияқты үлкендер және балалардан Құдайберді Абай бар. Абырой болғанда, Нұрбек орнында тұр екен. Бірінші сөйлемдегі бірыңғай мүшелер жиынға қатысушы адамдарды жай ғана санап тұрған жоқ, олардың орнын да ерекшелеп, жалпы сөйлемнің мақсатын көрсетіп тұр.Ал екінші сөйлемдегі қыстырма сөз арқылы айтушының ризашылық сезімі аңғарылады.

Одағай сөздерді ерекшелеу арқылы сөйлеушінің әр алуан көңіл күйін білдіруге болады. Мысалы: -Пәлі, Тұрар аға, тым асырып жібердіңіңіз,- деп Әуезов қозғалақтап, қуқил өңіне қызыл арай жүгіріп, тіпті ай маңдайы жіпсіп кеткендей болды.

Осы сөйлемдегі «пәлі» сөзі Әуезовтың соншалықты көтеріңкі көңіл тасқынын білдірсе, қаратпа сөз бен автор сөзіндегі қыстырма сөз, тұтастай алғанда, ұлы адамның өміріндегі бір көңілді сәттен көрініс беріп тұр. Егер осы айрықша сөздердің тыныс белгісін дұрыс қоймаса, айтпақ ойы ашылмас еді. Демек, сөйлем ішіндегі тыныс белгілерін қоя білудің маңызы өте үлкен.

Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі – үтір. Ол бірыңғай мүшелердің арасына , қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін ( грамматикалық, мағыналық, интонациялық) толық есте ұстау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына да, тыңдаушысына да жетпейді.

Үтір




Қойылатын орындары

Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде және жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшелердің әрқайсысымен қайталанып айтылғанда, араларына үтір қойылады.

Оңашаланған айқындауыштың алды-артынан қойылады.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылады.

Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан үтір, сызықша қойылады.

Оқшау сөздер ( қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Сөйлем ортасында келсе, екі шетіне үтір қойылады. Сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.


Қарат- қыстыр- одағай

па сөз ма сөз

Мысалдар

Қорықпаймын енді мен аңыздан, желден, бораннан. Шеген- әрі батыл, әрі ақылды кейіпкер.

Сіздер маған өз халқымызды, қазақ халқын, сүюді үйреттіңіздер.

Ел болғың келсе, бесігіңді түзе. Ақыл- жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

«Білгір кісіні, ақылды, кітапты ұстаз сана»,- депті Шәкәрім.

  1. Балам, ертерек кел.

  2. Әрине, ертең сабақ болады.

  3. Жүрегім, ойбай, соқпа енді.



ІҮ Жаңа сабақты бекіту

  • Сөйлем ішіне тыныс белгілерінің қай түрі қойылады?

  • Олар тыныс белгілерін қоюдың қандай принципіне сүйенеді?

  • Сөйлем ішіне тыныс белгілерін қоюдың қандай мәні бар?

  • Үтір қандай себептерге байланысты қойылады?

Оқулықпен жұмыс

155- жаттығу

Көшіріп жазып, үтірлердің қойылуына зер салу.

И,у, я, ю әрпі бар сөздерді транскрипциялап, дыбыс саны мен әріп санын салыстыру.Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтау.

156- жаттығу

Мәнерлеп оқып, үтірдің қойылу себебін айту.Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздерді табу. Тәуелдік жіне жіктік жалғауларын табу.

159-жаттығу

Мәтінді оқып шығып, мазмұнына қарай бөліп, тақырып қою. (ауызша)

161-жаттығу

Бірыңғай мүшені тауып, қажет жеріне үтір қойып жазу

Әйтеке би

Әдебиет өнер тарихында рухани таза болмысымен турашылдығымен даналығымен күйлі-қуатты әрі сымбатты сөздерімен аты аңызға айналған ақыл-ой алыптарының бірі-Әйтеке би. Ол ұлтының біртұтастығын сақтаған мемлекеттің іргетасын көркейте қалаған елінің есендігі мен еңсесі биік болуы үшін қайраткерлік санаткерлік мәмілегерлік батырлық шешендік өнерінің күш-қуатын мейлінше сарқа пайдаланған текті тұлға.

Әйтеке би – Тұран мемлекетінің негізін қалаған. Әмір-Темірдің жеті кеңесшісінің бірі. Ол он екі жасына дейін ұлы әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген. Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб-парсы тілдерін үйренген.

Ел аузында «Әйтеке жарып айтады» «Қазыбек қазып айтады» «Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөз бар. Әділ сөйлеу ойды шегелеп нақты жарып айту батырлық пен батылдықтан даналық пен білімпаздықтан туады.

( «Қазақ әдебиеті тарихы» кітабынан)

173-жаттығу

Қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгілерін қою. Олардың қандай мағына білдіріп тұрғанын айту.


Тапсырма

Үтірдің қойылған орнын табыңыз


Түрлері




Мысалдар


Бірыңғай мүшелер арасына қойылған

Оқшау сөзге қатысты қойылған.

Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылған.

Құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылған.

Хабарлау мақсатындағы төл сөзден кейін, автор сөзі алдынан қойылған.

1.Қазақ осы: ағыл-тегіл, көл-көсір.






2. Бұлт ыдырап, жел тынып, майда жаңбыр бүркіп тұр.






3. Туу, сөз бар ма?






4. Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер!






5. Сіздің халық, менің аңғаруымша, ақын халық.






6. Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.






7.Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ.










8. «Ырыс алды-ынтымақ,»- дейді халық даналары.






9. Кеше келді ме екенң ә?






10. Мынау қай ауыл, қалқам?








Ү Үйге тапсырма

175-жаттығу

Одағайларды тауып, тыныс белгілерін қойып, жазу.

ҮІ Бағалау.















Үтірдің қойылған орнын табыңыз


Түрлері




Мысалдар


Бірыңғай мүшелер арасына қойылған

Оқшау сөзге қатысты қойылған.

Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылған.

Құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер арасына қойылған.

Хабарлау мақсатындағы төл сөзден кейін, автор сөзі алдынан қойылған.

1.Қазақ осы: ағыл-тегіл, көл-көсір.






2. Бұлт ыдырап, жел тынып, майда жаңбыр бүркіп тұр.






3. Туу, сөз бар ма?






4. Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр...Сәлем бер!






5. Сіздің халық, менің аңғаруымша, ақын халық.






6. Ол әндер ерлікті де, елдікті де, сұлулықты да сыйдырған.






7.Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бұл жағында, Абайды дос көрер жан жоқ.










8. «Ырыс алды-ынтымақ,»- дейді халық даналары.






9. Кеше келді ме екенң ә?






10. Мынау қай ауыл, қалқам?




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
С?йлем ішіне ?ойылатын тыныс белгілері, ?тір.

Автор: Жанс?лтан ?ырмызы С?ндібай?ызы

Дата: 13.03.2015

Номер свидетельства: 185708


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства