Білімділік: себеп - салдар салаласпен таныстыру Дамытушылық: оқушыларға себеп-салдар салалас туралы түсінік беру, себеп-салдар салаластың жалғаулықтарымен таныстырып, оны таба білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. тест тапсырмасы. 1) Берілген сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз. Біз жұмыстан кеш қайттық, себебі тексеріс келген еді. А) Талғаулы В) Ыңғайлас С) Кезектес Д) Қарсылықты Е) Себеп - салдар 2. Ілгерінді ықпалды табыңыз. Өзіңді кез келген жаннан тым биік көтермесеңші. А) Өзіңді В) Жаннан С) Көтермесеңші Д) Кез келген Е) Тым биік 3. Бұйрық райлы етістікті табыңыз. А) кешке алтыбақан құрамыз. В) Мерекеге жақсы дайындалды. С) Балаларым аман болса екен. Д) Айбек үйіне қайтсын Е) Өмірмен күнесіп келемін 4. Берілген сөйлемнің ішінен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз Хаттар көбінесе қара сөз түрінде жазылады. А) Түрінде В) Көбінесе С) Сөз Д) Жазылады Е) Қара 5. Жалаң сөйлемді белгілеңіз. А) Ұзамай тағыда қонақтар келді. В) Бәріне бірдей тапсырма берілді. С) Жұмысшылар қайтып келді. Д) Жаңадан үш жүз жұмыскер аламын. Е) Бәрі тапсырманы орындады. 6. Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз А) Себеп - салдар В) Қарсылықты салалас С) Түсіндірмелі салалас Д) Талғаулы салалас Е) Кезектес салалас 7. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз А) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды. В) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда, шыж - быж етіп ұрыспайды да. В) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды. Д) Баршагүл сәлем беріп еді,- ол қырын қарап кетті. Е) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер. 8. Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз А) Түн. Ышқынған дауыл. В) Қасиетті мекен, күн сәулесі. С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті. Д) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ. Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты. 9. Матасуға қай септік тән екенін белгілеңіз. А) Барыс В) Ілік С) Көмектес Д) Атау Е) Жатыс 10. Сөздің ауыспалы мағынасын белгілеңіз А) Әжем қоңыр сиырды іздеп кетті. В) Қызыл, қоңыр, сары – күз түстері. С) Қоңыр қарындашымды көршіме бердім. Д) Әміре сахнада қоңыр дауыспен ән салды. Е) Сізге қоңыр көйлек жарасады екен. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Құрамындағы жәй сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының,немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп салдар салалас деп атаймыз.
Себеп-салдар салаластағы жәй сөйлемдер жалғаулықсыз іргелесте,жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.Ол жалғаулықтар:себебі,өйткені,сондықтан,неге десеңіз. ІV.Жаттығулар орындау.
102-жаттығу.
Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құраңдар.
Қаленді жауапқа тартады деген ой оның басына келген емес,өйткені айыпты тек Нұрым екеуміз деп түсінді. Қолың қатты дейді,сондықтан қорқып тұрмын.Торыайғыр тауы желдің екпінді өзегінен бір қырындау тұрады,сондықтан ондағы жел әлдеқайда саябыр келеді.Мезгіл кешігіп кетті,амалсыз қонуға тура келді. V.Бекіту жаттығулары. Фонетикалық, морфологиялық талдау фонетикалық: опасыз; морфологиялық: тұрақтамайды Фонетикалық талдаудың сызбасы: Мысалы 1. Шырша - Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай жуан буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауыстылар жуан дыбыстар. Бұл сөз екі буынға бөлінеді: шыр - ша, себебі, сөзде екі дауысты дыбыс бар. Шыр (б. б), ша (а. б.) Шырша сөзінің бір ғана тасымалдану түрі болады, себебі 2 буынды сөз. шыр - ша Қазақ тілінде сөз екпінінің орны бір шама тұрақты, сондықтан бұл шырша сөзінде екпін «а» дыбысына түседі. Шырша - түбір сөз, үндестік заңы жоқ. әр дыбысты талдау
Морфологиялық талдаудың сызбасы: Мысалы Айтуға Үш кұрамнан тұр: Айт+у+ға Тұлғасына қарай - негізгі Құрылысына қарай — дара Сөзде 1 лексикалық, 3 грамматикалық мағына бар Лексикалық мағынасы қимыл әрекетке берілген атау бірінші грамматикалық мағына айт не істе? Негізгі етістік екінші грамматикалық мағына у тұйық етістік арқылы берілген атауыштық мағына үшінші ға барыс септігі арқылы жасалған категориялық грамматикалық мағына
VІ. Сабақты қорытындылау. Себеп-салдар салалас дегеніміз не? Жалғаулық арқылы байланыса ма? Қандай тыныс белгілері бар? VІІ. Үйге тапсырма: Қарсылықты салалас