kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шархан М?ртазаны? "Бесеуді? хаты" драмасында?ы кейіпкерлер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шерхан М?ртазаны? "Бесеуді? хаты" драмасында?ы кейіпкерлер бейнесін талдау ретіндегі ашы? саба?ым.Саба?ымны? ма?саты:драма идеясыны? мазм?нын ашу,оброздар ж?йесіне талдау жасау да?дыларын дамыту.О?ушыларды ?осымша материалдармен ж?мыс істеуге да?дыландыру.Елін,хал?ын с?юге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шархан М?ртазаны? "Бесеуді? хаты" драмасында?ы кейіпкерлер»

Ш.Мұртазаның "Бесеудің хаты" драмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: драманың идеялық мазмұнын ашу, образдар жүйесіне талдау жасау дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: оқушыларды қосымша материалмен өз бетімен жұмыс істей білуге, рөлде ойнай білуге жетелеу.

Тәрбиелік:Отансүйгіштік ұлтжандылық сезімге баулу, ел қамын ойлайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ш.Мұртаза, Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов суреті, интербелсенді тақта, слайдтар.мәтіндер,көркем әдебиеттер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақтар бойынша пікірлесу, сто стратегиялары.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру

II.Үй жұмысын сұрау.

топтық тапсырмалар берілген драмадан көрініс көрсету

I топ пролог

II топ 174 бет бюро жиналысы

III топ 195 бет жазалау

Бекіту:

а) Ш.Мұртаза кім?

ә) Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

б) "Бесеудің хаты" атты драмаға арқау болған оқиға.

в) Драманың негізгі кейіпкері кім?

г) Оқиға қай жылы өткен?

ғ) Драмадағы Сталин туралы не білесіңдер?

Жаңа сабақта "Бесеудің хаты" драмасындағы кейіпкерлермен таныстыру жұмысы жүргізілді.

III.Жаңа сабақ:"Бесеудің хаты" драмасындағы кейіпкерлер.

Мұғалім:

Тұрар

Голощекин




Драмадағы кейіпкерлер



Балым


Жантоқов




Ғабит

Сталин





Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың себеп–салдарын ашатын шығармалар көпке дейін жазылмай келді. Бұл драмада халқымыздың тарихындағы ең қайғылы кезең, сол нәубет жылдар оқиғасының шындығын елестетеді. Сол бір қиын күндерде халқының жанашыры, арашашысы, қамқоры бола білген Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов сияқты азаматтар тұлғасы сомдалған

Ш.Мұртаза Т.Рысқұловтың бейнесін "Қызыл жебе" романында сомдағанын білеміз. Бұл драма сол "Қызыл жебенің заңды жалғасы. Тұрар өмірінің соңғы кезеңдері суреттеледі..

4.Слайдтардан ашаршылықтың суреттерін көрсету.

Осы тарихи шындықты Қазақстандағы ауыр жағдайды баяндап жалған ақпарларды аяусыз әшкерелеп, шара қолдануды сұрап ,Т.Рысқұловтың да, Ғ.Мүсірепов бастаған бір топ адамдардың да Сталинге ресми хат жолдағаны тарихтан белгілі. Рысқұловтың ,Голощекиннің,Мүсіреповтің Сталинге жазған хаттары таныстырылды.

1 слайд.хатты көрсету (Салыстыру) Москва кремль

ВКП(б) орталық комитетіне, Сталин жолдасқа "қонысын тастап Қазақстанмен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен–жайларынын түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда қазіргі орта Еділде–40 мың, Қырғызстанда–100 мың, Орта Азияда–30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа да осы сияқты шалғай жерлерге көшіп кетті. Байлар бастаған бір қауым Батыс Қытайға ауды... Бұл қазақтардың жай көші–қоны (әдетте жаз айларында қолындағы бар малын жайлауға шығарып өріс ұзатқаны сияқты) емес, көп ретте аш адамдардың талғажау іздеп, басы ауған жаққа кетуі. Кейбір аудандарда тұратын халықтың 40–50% дейін жетеді. (Тұрар Рысқұлов)

2 слайд. (салыстыр)

"Өз ауылынан ешқайда ұзап шықпаған, өзінің көшу жолдарын біле бермейтін қазақ Қазақстанның ішінде бір ауданнан екінші ауданға оп–оңай сырғуда; орыс, украин колхоздарына кіріп жатыр . Еділ бойының және Сібірдің шаруашылық құрылыстарына жұмысқа ауысуда. Әрине, мұндай ауысулар шаруашылықты өзгертеді, тұрмысты өзгертеді, ескі тұрмысты күйретеді, ескі шаруашылық қирайды. Шығын да болары анық. Біреулер–ұлтшылдар бұдан тек шаруашылықтың күйреуінің жабыраңқы жақтарын ғана көрсе, ал басқа солшыл "сөзуарлар" бұдан бір ғана нәрсені–контрреволюцияны көреді... Негізінде тұрмысты қайта құру жүріп жатыр. (Ф.Голощекин.) (Советская степь) 1931ж қыркүйектің бірі.

3 слайд Шерхан Мұртаза былай дейді:

"Пьеса хат ізімен жазылды, бірақ көшірме емес, тарихи шындықтың көркемдік шындыққа ұласуы дер едім".

4 слайд Бесеудің хатына үзінді

"Мал басының қисапсыз кеміп кетуі мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екінші жартысынан бастап) жөнінде әлі күнге дейін ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс, мұның өзі сырт қарағанда бұл мәселе жөніндегі большевиктік өзара сыннан тайсақтау сияқты...

Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Б.Алтынбеков, Қ.Қуанышев

Слаидтан төмендегі нәрселер салыстырылды.

1.Мәтіннің мазмұны

2.Тарихи шындық

3.Дәуірдің болмысын ашқан ақиқаты

4.Қазақ халқының басындағы ауыр жағдай

Венн диаграммасы арқылы Ғ.Мүсірепов пен Т.Рысқұловтың, Сталин мен Голощекиннің ұқсастығы мен ерекшелігін анықтадық.

6.Венн диаграммасы:

Ғ.Мүсірепов Ұқсастығы Т.Рысқұлов

жазушы, ғалым, драматург, аудармашы академик

қоғам қайраткері, өз ұлтын сүйетін азамат, ержүрек, көсемсөзші

Ірі саясаткер, айтулы аратор, жалынды күрескер, қазақ жастар рев–ң ұйымдастырушы, Сталинмен қызметтес болды






Сталин






Сталин Ұқсастығы Голощекин

Қазақ өлкелік партия комитетінің басшысы

Екеуі дос, аяушылықты білмейтін қатыгез

Кеңес өкіметінің басшысы









5. Топтық тапсырма

I топ II–бөлім 1–сурет

Ғ.Мүсірепов бейнесіндегі ерекшелікті табу

II топ II–бөлім 12–сурет

Ф.Голощекин бейнесі

III топ II–бөлім 12–сурет

Т.Рысқұловтың бейнесі

I топ оқушыларының жауаптары. Ғ.Мүсірепов–бес азаматтың атынан, қылышына қан тамған жоғарғы орынға шүберекке түйіп жүріп ашық хат жазған азамат болатын. Оның бейнесіндегі ерекшелік: сабырлылық, шындықты көлгірсімей ашық айту, тайсақтамау, білімділік, басым кетеді деп қорықпау.

II топ оқушыларының жауаптары. Голощекин I925–1933 жылдары қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған. Оның шын аты–Шая,Сталинмен ескі дос. Бала–шағасын,әйелін,баласын тастап кеткен. Патшаны, әйелін, нөкерлерін, қызметші, жалшыларын, аспаздарын аяусыз қырған қанішер адам. Қазақтарды жабайы халық деп есептейді.

III топ оқушыларының жауаптары. Тұрар жасынан намысшыл, аршыл, дегенінен қайтпайтын қайсар болып өсті, 22 жасында ол Оңтүстік Қазақстанда ұлт–азаттық көтеріліс жасады. Жасы 25 қарағанда мұсылман бюросын ұйымдастырушы болды. Сталинмен қызметтес болды. Бұл жас қазіргі өлшеммен алғанда жас маманның жасы еді.

Тұрар–өте сауатты, ұлт қамқоры, жанашыры бола білді.

7. Дәптермен жұмыс.

I топ драмадағы мақал–мәтелді теріп жазу.

II топ драмадағы орыс сөздерін теріп жазу, мағынасын түсіндіру.

III топ Өзіңе ұнаған кейіпкерге шағын мінездеме жазу.

Оқушылардың дәптерге жазғанын оқыту.

8. Кім? Қашан? Қайда? (ойлан,тап!)

(Интерактивті тақта арқылы драмадағы үзінділер оқып, қай кейіпкердің сөзі екенін табу).

а) Ғабит, мынаны қара!

Екеуі де... Беу, бейбақтар, құшақтасып жатып жан тапсырыпты. (Нұрхан ақын)

Бүкіл ауылдан бірінші көрген тірі адам, өліктен айырмасы шамалы. Тамақ беріп көріңдер. Көрер жарық сәулесі болса, тірі қалар. (Ғ.Мүсірепов).

Сонда еңбегің–еш, тұзың–сор, байғұс бала. Әкелген астығыңды анау Алматыдағы шала құдайыңа апарып, өңешіне тық, қақалып өлсін! (Балым)

Әлгі Рысқұловтың шабуылынан қорғасаңыз болғаны. Сессия сайын пленум сайын мені сынағаннан басқа жұмысы жоқ. (Голощекин)

Партиядан шығарып сотқа беру керек. (Құрамысов)

Ондай–ондай асаулардың талайын ауыздықтағанбыз. Әрнәрсе өз уақытыменен . (Сталин)

9. Сұрақтар бойынша пікірлесу.

а) 1932–33 жылдары Қазақстанда болған ашаршылық оқиғалары тарихта қалай берілген, көркем әдебиетте қалай көрініс тапқан?

ә) Жеке басқа табынудың салқыны, оның өзекті өртер өкініші тарихта қалай бағаланды, осы драмада қалай берілген?

б) Пьесаның соңғы бөлімдерінде Тұрар басына төнген қауіп бұлты қандай?

10. Қорытынды.

Мұғалім сөзі:

Тұрар–Ғабит–Шерхан (слаидтан суреттерін көрсету)

Мәскеу билеушілерінің Қазақстанды басқаруға жіберген адамы – Ф.Голощекин. Жергілікті халықтың тұрмыс–салтымен, дәстүрімен, шаруашылық, кәсіп ерекшелігімен санаспай, елді ашаршылыққа ұшыратып, тоздырып жіберген кезеңнің шындығын батыл жазуға тәуекел еткен жазушылардың бірі–Ғ.Мүсірепов « Ғ.Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Онымен мақтануымыз керек.» (З.Қабдолов)

Тұрар–бүкіл өмірін жоқшылық пен жалшылыққа, ізгілік пен құлдық еңбекпен өткізген, бірақ намысын аяққа таптатпаған, өр мінезді қазақ кедейінің баласы болған. Мемлекет, ел алдында атқарған еңбегі орасан. Табиғатынан ерекше туған жан.

Шерхан

1937–1938 жыл. Бір жылдың ішінде 125 000 қазақ зиялысы қырылған, жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі–көзі ашық болғаны. Өз ұлтының намыс–сезімін жақтағандары үшін кінәлі болды.

Бүгінгі ұлттық сана–сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді.

11. Үйге тапсырма:

"Елім–ай" тақырыбында шағын шығарма жазу.

12. Бағалау:

Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже:

Оқушылардың тарихи танымы өсті,сол дәуірдің шындығын түсінді,қазақ халқының басынан зұлмат күндердің өткенін түсінді.Ірі саясаткер Т.Рысқұловтың өмірін,ұлттың қомқоры,жанашыры бола білгендігін ұғынды.Жазушы Ғ.Мүсіреповтің ерлігін,қара басының қамын ойламай шындықты айтуы,білімділігі жайлы мағлұматтарды білді.

Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.

Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренді.



Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қобланова А

Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Шархан М?ртазаны? "Бесеуді? хаты" драмасында?ы кейіпкерлер

Автор: ?обланова Айтг?л Назарбаевна

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298179


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства