Саба?ты? та?ырыбы: Ш?к?рім ??дайберді?лыны? ?мірі мен шы?армашылы? жолы
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік: О?ушыларды? Ш?к?рім ??дайберді?лы ?мірі мен шы?армашылы?ы,а?ын ?ле?деріні? идеясын ашу, рухани-адамгершілік ?а?идаларымен танысу,?ле?дерін на?ышына келтіре о?и отырып,негізгі т?йінді таба білуге да?дыландыру; Ш?к?рім лирикасы мен Абай ?ле?деріні? ?ндестігін тануда о?ушыларды ?зіндік ой ?орыту?а ба?ыттау.
Т?рбиелік: Ш?к?рімні? ?ле?дері ар?ылы о?ушыларды? рухани байлы?ын, адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастырып, жаман мінезден аула? болу,адами сезімді ?астерлеу, с?йіспеншілік,ішкі рухани тазалы??а ?йрету.
Дамытушылы?: О?ушыларды? ?о?ам?а деген ?зіндік к?з?арасыны? ?алыптасуына ы?пал ету, ?з ойларын еркін,на?ты жеткізе білуге баулу, тіл байлы?тарын шы?дау, ?зін-?зі дамыту,коммуникативтік,о?у-танымды? ??зіреттіліктерін дамыту.
Саба?ты? барысы :
І.?йымдастыру кезе?і :
а) О?ушылармен с?лемдесу;
?) О?ушыларды? саба??а ?атысуларын тексеріп, сынып тазалы?ына назар аудару;
Просмотр содержимого документа
«Ш?к?рім ??дайберді?лы ?мірі мен шы?армашылы? жолы »
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық жолы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы,ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру кезеңі :
а) Оқушылармен сәлемдесу;
ә) Оқушылардың сабаққа қатысуларын тексеріп, сынып тазалығына назар аудару;
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта жызылған шығармаларға тоқталып, тест парақшалары арқылы үй тапсырмасын сұраймын. (Тест парақшалары таратылады)
Ой қозғау.
Абай атамыздан тәлім-тәрбие алған қандай ақындарды білеміз?
Мына әннің авторы туралы не айтар едік? («Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдатамын)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы бойынша оқып,
осыған дейін ақын жайлы не білетінімізді ортаға салып жаңа сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім-қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген , қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын еді.
Қытымыр, қилы заманда оққа ұшқан ақын есімі халық санасынан аласталмақ болды. Бірақ...өзі өлсе де аты өшпейді. Осы ретте Абай атамыздың «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деген өлең жолдары ойымызға оралады. Ұлы ақын өлсе де, ұрпағына ғибрат етіп қалдырған мұрасы бар.Ол мұраны сақтау, одан тәрбие алу біздің міндетіміз.
Өмір жолына шолу
1858 жыл
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген.
1866 жылы
Әкесі Құдайберді дүние салған соң, Шәкәрім атасы Құнанбайдың тәрбиесінде және Абайдың қамқорлығында болады.
1905-1906 жылдары
Меккеге барып, бұл сапарынан олжалы қайтады.
1909-1910 жылдары
Шыңғыстау өңіріндегі Шақпақ деген жерден сая табады.
1917 жылы
Аталған дүбірлі кезеңді ақын әділет жолы деп ұғып, ел ішіне оралып халқымен бірге болуға бекінеді.
1931 жылы
Мемлекеттік саяси басқарманың өкілдері ақынды оңаша, үйінен ауданға бара жатқан жерінде, жол үстінде атып өлтіреді.
ІV. Шәкәрімнің қандай шығармалары бар? (Кесте бойынша түсіреміз)
Поэзия
Проза
Өлеңдері: Сатиралық лирика, азаматтық лирика, философиялық лирика, махаббат лирикасы, көңіл-күй лирикасы
«Әділ - Мария», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер», «Шын бақыттың айнасы», «Мен жетпіс екі жасқа келгенше», т.б.
V.Шәкәрім -Абайдың талантты шәкірті . «Еркін микрафон» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салады. Шәкәрім мен Абайдың ұстанған жолдарындағы ұқсастық пен айырмашылықты байқайық. (Венн диаграммасын жасату)
Абай ұқсастығы Шәкәрім
Ғаруз дегеніміз – Шумақтың үш тармағы бірыңғай ұйқасып келеді де, әр шумақтың төртінші тармағы бірыңғай басқаша ұйқасады.
VІ. Абай мен Шәкәрім шығармаларын салыстыру.
- Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен байытып өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы-әдебиетіміздің асыл қазынасы. «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» деген Абай мектебінен тағылым алып, оның жолын жалғастырған Шәкәрім өлеңдері ақын өлеңдерімен үндесіп жатады.
Оқушылар ақындардың өлеңдеріндегі ұқсастыққа тоқталады. Мысалы:
Шәкәрім: Адам үшін еңбегім,
Өмірден барлық тергенім.
Қалағанын қарап ал,
Мұрам сол ,жастар бергенім.
Абай: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін,
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
VІІ. Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін тақтамен жұмыс басталады. Тақтада ақынның өлеңдерінен бір шумақтан шығады,үш оқушы шығып өлеңді құрылысына қарай талдайды.