"Сатылай кешенді о?ыту" технологиясы бойынша саба? жоспары
"Сатылай кешенді о?ыту" технологиясы бойынша саба? жоспары
"Сатылай кешенді о?ыту" технологиясы бойынша саба? ?лгісі. ?ос с?з та?ырыбында лексикалы? та?ырып ?н ?нері етіп алынды ж?не т?рлі талдау ?лгілері бойынша тапсырмалар беріліп отыр.1- тапсырмада синтаксистік талдау жасап, ойтол?ау жаз?ызу тапсырмасы берілген. С?з ??рамына, лексика- грамматикалы? ма?ынасына талдау ?р топ?а т?рлі с?здерге талдау берілген.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Сатылай кешенді о?ыту" технологиясы бойынша саба? жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Қос сөз.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің қосарлануынан жасалған сөздерді білуге үйрету. Білімдерін тексеру, сатылай кешенді талдау жасату.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту. Меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Грамматикалық сауаттылықтары арттыру.
Тәрбиелілік: Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеу. Жан-жақты ізденушілікке баулу.
«Шаттық шеңбері» психологиялық дайындық. Оқушыларды үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Тапсырмаларды үздік орындаған топ қызыл жұлдызға, жақсы орындаған топ көк жұлдызға ие болады.
Тақтада слайдта жазылып шығады топ аттары мен ұрандары
«Білімпаздар» тобы «Зеректер» тобы «Болашақ» тобы
- Әр топ өздерін таныстырсын.
1 топтың аты: «Білімпаздар » Топтың ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
2-топтың аты: «Зеректер» Топтың ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
3-топтың аты: « Болашақ»
Топтық ұраны: Болашақ тобы алға!
Биіктерге самға
Достығымыз барда
Жүреміз тек алда!
Топтарға ЖҰЛДЫЗДАРДЫ табыстау
ІІ. Лексикалық тақырыппен жұмыс.
Қазақ халқының әншілік-өнері.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс - ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі - ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. 1- тапсырма.
Мәтінде берілген нақыл сөздерді әр топқа орындату. Синтаксистік талдау. Берілген нақыл сөздер бойынша ойтолғау жазу.
1-топ «Сөз күміс - ән алтын»
2-топ «Ел көркі – қыз, той көркі - ән»
3-топ «Ән өмір ұзартады»
Берілген тапсырманы қаншалықты еңгейде орындағандарына байланысты ЖҰЛДЫЗДАРДЫ табыстау.
2- тапсырма.
Мәтіннен қос сөздерді теріп жазып, оларға сөз құрамына, лексика- грамматикалық мағынасына талдау жасау.
1-топ тұрмыс-салт
2-топ наным-сенім
3-топ мақал-мәтел
Сөз құрамына, лексика- грамматикалық мағынасына талдау
Бұл сөз екі құрамнан тұр: тұрмыс және салт.
Тұлғасына қарай- тұрмыс-салт –туынды түбір.Себебі аналитикалықнемесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің қосарлануынан жасалған туынды сөз.
Құрылысына қарай- күрделі, біріккен сөз. Себебі ритм- ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, қосарланып тұрақталған құрама сөз.
Қосарлама қос сөз. Себебі екі басқа түбірдің қосарлануынан жасалған.
Екі сыңары да мағыналы.
Екі сынары да қосымшасыз.
Синонимдес қос сөз. Себебі мағыналары бір –біріне жақын сөздер. ЖҰЛДЫЗДАРДЫ топтарға беру.