Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп
Сабақтың тақырыбы | Н.Орманбетұлының «Сарыарқа сайран жерім-ай» толғауы (Сарыарқа образы) |
Жалпы мақсаты | Н.Орманбетұлының отарлық езгі, отаршылдық өктемдікке қарсы үн көтерген ақын екенін таниды, «Сарыарқа сайран жерім-ай» толғауын талдайды. |
Нәтиже | Топта жұмыс істеу арқылы оқушылардың жеке тұлға ретінде ізденімпаздық қасиеттері, ойларын жеткізу, сөйлеу дағдылары дамыды, белсенділіктері артты. |
Дереккөздер, ресурстар | Ғаламтор жүйесі (білім беру сайттары), 10-сыныптың оқулығы мен хрестоматиясы, әдістемелік нұсқаулар |
Сабақ жабдықтары | АКТ құралдары (интерактивті тақта, компьютер), слайд, плакат, маркер, постер, бағалау парағы, стикерлер, карта, бағалау белгілері |
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгерту |
Пәнаралық б/с | География, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | «Мозаика», «Ассоциация», «Болжау», «РАФТ», «Диагностикалық сұрақ», «Көркемдік ментальды карта», «Бір сөйлем» стратегиялары |
Модульдер | СТО, АКТ |
Тапсырмалар / әрекеттер | 1. Толғау мазмұнын меңгеру. 2. Мағынаны ашу (топтар бойынша тапсырмалар) 3. Кері байланыс. 4. Рефлексия. 5. Үйге тапсырма. |
Сабақ барысы Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. 2 минут | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті |
Ассоциация Әр түрлі суреттер: қалам, кітап, айна, тау, су, құмырсқа, күн, гүл, бәйтерек, т.б. | Әр оқушы көршісіне суретті қатыстырып, тілек айтады. |
Өткен тақырыпқа кері байланыс №1 − (қорғау) 8 минут | Тапсырмамен таныстырады. Әрекетке бағыттайды. (Нарманбеттің Арқаның ақиық ақыны екенін дәлелдетеді) Формативті бағалау жүргізеді. | Үйден дайындаған постерлерін қорғайды І топ. Нарманбет – ақын (лирикасы бойынша). ІІ топ. Нарманбет – азамат (өмірі, халыққа еңбегі). ІІІ топ. Нарманбет шығарма-ның басты тақырыптары (мысалдар). ІV топ. Нарманбет өмірі мен шығармаларының зерттелуі. |
№2 −«Бір сөйлем» страт. 3 минут | Әр топ қорытынды ретінде бір сөйлеммен түйін жасайды. |
Топтастыру (жаңа топ) 3 минут | Мозайка «Сарыарқа» (өлең шумақтары) Бейнекөрсетілім және «Сарыарқа» күйі | Таңдайды. Топтасады. Тыңдайды. |
Жаңа сабақ Тақырыпты айқындау. «Болжау» стратегиясы Мақсат қою. 2 минут | Бағыттау: 1. Біз топқа қалай бөліндік? 2. Бүгінгі тақырыбымыз? 3. Сабақ мақсатымен таныстырады. | 1. «Сарыарқа» өлең шумақтары арқылы. 2. Сарыарқа өңірімен байланысты, Нарманбет Орманбетұлының «Сарыарқа сайран жерім-ай» өлеңі. 3. Оқушылар өз мақсаттарын қояды (стикерге жазып, «өзен жиегіне» жапсырады). |
№3 Топтық жұмыс «Сарыарқа сайран жерім-ай» өлеңін талдау 7 минут + 10 минут | І топ 1. «Кеше / бүгін» (салыстырмалы карта) ІІ топ 1. РАФТ. «Айтарым бар...» (рольдік ойын) ІІІ топ 1. Диагностикалық сұрақ (неліктен?) ІV топ 1. Көркемдік ментальды карта | Сарыарқаның кешегісі мен бүгінгісін өлең бойынша салыстыра көрсетеді. (постер әзірлейді) Сарыарқа образына енеді. Сол арқылы өз жайынан хабардар етеді (өңір тұлғалары, ерекшелігі, ...). Үш Сарыарқаның диалогі не монологі (заманына қарай) Географ -этнограф-тарихшы ретінде өлең бойынша талдау жасайды Өлеңнің тіліне, құрылысына (троп, фигура, ұйқас,...) талдау. |
Жаңа тақырып бойынша кері байланыс. №4. Сарыарқа образы 5 минут | «Сарыарқа сайран жерім-ай» толғауы (Сарыарқа образы) | Түйін жасайды. Салыстырады. Дәлелдейді. «Сарыарқа сайран жерім-ай» өлеңі бір аймақты ғана емес, бүкіл қазақ жерін қамтыған ұғымды білдіреді (кластер) |
Рефлексия 3 минут | Ұсыныс | Білім нәтижесін саралайды: «өзеннен өтеді», «өзенде» − сурет/ стикер. |
Үйге тапсырма 1 минут | 1. Н.Орманбетұлының ғылым-білім, өнер жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, талдау. 2. «Туған жерім – тал бесігім» тақырыбына ойтолғау жазу (10 сөйлем) |
Бағалау 1 минут | Ілім − ол білім алу, білім − ол өзіңді білу. Сен өзіңді білмесең, бұл − жай оқығандық. Юнус Эмре | Топ басшысының тобындағы оқушыларды бағалауы (бағалау парақтары) |