kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сан есімні? т?рлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: О?ушыларды? сан есімнен ал?ан білімдерін ны?айту, тияна?тау, теориялы? білімдерін т?жірибемен ?штастыру.

Дамытушылы? ма?саты: О?ушыларды? тап?ырлы?, ізденімпазды?, ойлау, ?абілеттерін арттыру, шы?армашылы??а баулу, ?з ойын тияна?ты жеткізуін дамыту.

Т?рбиелік: Талдау?а алын?ан мысалдар, м?тіндер ар?ылы ?лтты? д?ст?рді ?адірлеуге, патриотты? сезімге  т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сан есімні? т?рлері»

Еңбекшіқазақ ауданы

Балтабай орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Омаржанова Ақмарал


Сабақтың тақырыбы: Сан есімнен өткенді қайталау.

Сынып:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау, қабілеттерін арттыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар, мәтіндер арқылы ұлттық дәстүрді қадірлеуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: «Топтастыру», «Сәйкестендіру» стратегиялары,

топтық жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Перфокарталар, суреттер, слайд.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру барысы. Оқушыларды түгелдеу.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген мақал – мәтелдерді тексеру.

III. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • Балалар, бүгін cан есімді қайталау барысында өз білімімізді нығайтамыз, тиянақтаймыз.

«Теңге алу» ойыны

Сұрақ – жауап:

  • Сан есім дегеніміз не?

  • Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

  • Дара сан есімдер қалай жасалады?

  • Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

  • Сан есім тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

  • Негізгі сан есімдер қалай жасалады?

  • Туынды сан есімдер қалай жасалады?

  • Сан есімнің неше мағыналық тобы бар? Қандай?

2 топқа да перфокарталар таратылады.


Сан есімдер

дара

күрделі

отыз



тоқсан



елу



жетпіс жеті



алпыс тоғыз



жүз елу үш




Сан есімдер

дара

күрделі

он сегіз



жиырма төрт



мың екі жүз елу сегіз



алты



үш



қырық екі



екі - үш




ә) «Сәйкестендіру» стратегиясы. Кестені сан есімнің мағыналық топтарына қарай сәйкестендіріп толтырыңдар.


Сұрақтары

Мысалдар

Сан есім түрлері

неше?


Есептік сан есім

нешінші?


Реттік сан есім

нешеу?


Жинақтық сан есім

нешелерде?


Болжалдық сан есім

нешеден?


Топтау сан есімі

нешеуі?


Бөлшектік сан есім


Ү. Мәтінмен жұмыс.

І топ

а) Мәтінді қысқаша баянда.

б) Берілген мәтіндегі сан есімдерді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.



Ақсүйек

Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы сайлап алады. Ойнды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқасын беріп сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады.

Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бірінші боп тапса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Ойын жалғасып, қайталанып, ойналады.

(«Ұлттық ойындар»)

ІІ топ

а) Мәтінді қысқаша баянда.

б) Берілген мәтіндегі сан есімдерде теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.


Жақсы мен жаман


Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші - күннің нұрын, екінші - мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.

Бір күні:

- Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.

- Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды. Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен.

(Б. Әбділов).

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

І деңгей

  1. Төмендегі цифрмен берілген есептік сан есімдерді сөзбен жаз. Құрамына қарай қандай сан есімдер екенін түсіндір.

3, 5, 11, 15, 17, 25, 64, 181.

  1. Берілген сөйлемдердегі сөзбен жазылған сан есімдерді цифрлармен жазып, ондағы қосымшалар қалай жалғанатынын көрсет.

Алпыс бестен асқанда,

Жетпіске қадам басқанда. (Ж.Ж.)

Бір көлде он екіден қаз ойнайды,

Алсам деп бірін – бірі наз ойлайды.

Жеті жүз отыз бірінші жылдың жазында шексіз даланы армансыз билеген Бумын, Қапаған, Естеми, Құттық қағандардың ұрпақтары.

Оқушылар сыныпқа екі – екіден кірді.

Алаңдағы шеруге мыңдаған адам қатысты.

Көтерілістен кейін ауылда он – он бес үй қалды.


ІІ деңгей

  1. Сөйлемдерден сан есімдерді тауып, мағыналарын, құрамын анықта.

а) Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір.

ә) Бұл мамандардың 193-і жоғары білімді, 71 – і орта білімді жандар.

б) Ол – сол кезде қырық бес шамасында, ал Мұхаметқали – отыз бестерге келген жігіт.

в) Менің жиырмаға жаңа шыққан кезім еді.

г) Сексеннен асқан аңшы мен елуден асқан күзетшінің бас қосатын жері осы ұста дүкені болатын. (Ғ. Мұстафин).

2. Сан есімдерді мағыналарына қарай топтап жаз. Орындарына қой.

Есептік

Реттік

Жинақтық

Болжалдық

Топтау

Бөлшектік








Бестен төрт, екеу, алпыс бір, елу-алпыстай, үш жарым, екіден бір, жетінші, мыңдаған, он шақты, жиырмалап, бес- бестен, екі – екіден, жиырма бес, үштің бірі, алпыс алтыншы, үшеу, жиырмаға тарта.


ІІІ деңгей.

  1. Төмендегі сөйлемдердің құрамындағы сан есімдерді тап, мағынасын анықта.

а) Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейтқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді.

ә) Ханның қырық уәзірі бар екен.

б) Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды.

в) Бүгінгі концертке жүздеген көрермен жиналды.

2. Құрамында сан есім бар екі мақал – мәтел жаз.


ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

Сан есімнің модулін жасау.






























Үй тапсырмасы: Сан есімдерді қатыстырып, «Сандар әлемінде» атты ертегі жазып келу.


Бағалау. Оқушылардың бағалау парақтары бойынша бағаларын қою.


Бағалау парағы


Оқушының аты-жөні

Үй жұмысы

Перфокартамен жұмыс

Сәйкестендіру

Мәтінмен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар

Модуль жасау

Қорытынды


























































Бағалау ережесі: әр тапсырмаға 1-5 дейін балл қойылады.

30 – 25 = «5»

24 – 15 = «4»

14 – 10 = «3»

9 – 0 = «2»


Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

  • Нені үйрендің?



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Сан есімні? т?рлері

Автор: Омаржанова А?марал

Дата: 08.11.2015

Номер свидетельства: 249972


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства