Сан есімдер - санды? ??ымды білдіретін с?здер. Олар екі т?рлі ?ызметте ж?мсалады: бірінші - белгілі бір затты? на?тылы санды? м?лшерін білдіріп, ?анша? неше? деген с?ра?тар?а жауап береді. екінші, санны? атауы болып ?ызмет етеді де, не? деген с?ра??а жауап береді.
сан есімдерді? т?рлену ж?йесі біркелкі емес, ?ркелкі болып келеді. есептік сан есімдер заттарды? санды? м?лшерін білдіргенде ешбір ?згеріске т?спейді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сан есімнің мағыналық түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Сан есімнің мағынасына (нені білдіруіне) қарай алты түрге бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, болжалдық сан есім, топтау сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім.
1 .Есептік сан есім.
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сүрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он, жүз екі, т.б. есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
2. Реттік сан есім.
Реттік сан есім заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сүраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге, егер олар дауысты дыбысқа бітсе, -ншы, -нші, ал дауыссызға аяқталса, -ыншы, -інші жү_рнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір+інші, екі+нші,т.б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондай да сан есімдердің жазылуы мына төмендегіше болады:
1. Реттік сан есімдер араб цифрмен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы,
-нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Ол 6-қатардан орын алды.
Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. Мысалы: Шығарманың II томы.
Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю.Гагарин ғарышқа ұшты.
3.Жинақтық сан есім
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген сүрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
4.Болжалдық сан есім
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап керсетеді де, қанша, неше, қаншадан сияқты сұрақтарға жауап береді.
5.Топтау сан есім
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, т.б.
6.Бөлшектік сан есім.
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс немесе ілік септікте, алымы тәуелдік түлғада жұмсалады, кейде тәуелдік жалғауы түсіріліп те айтылады. Мысалы: екіден бірін. Үштің бірі, т.б. Осы сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздері тіркесіц келіп те жасалады. мысалы: екі жарым, үш ширек, т.б. он-дық бөлшектік сан есімнің бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. мысалы: екі бүтін үш ондық немесе бес бүтін жүзден төрт, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 162-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып, құрамындағы есептік сан есімдерді теріп жазыңдар және олардың құрамын анықтаңдар, сұрақтарын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 163-жаттығужүмысының орындалу шарты төмендегідей: Есептік сан есімдерді қатыстырып сөзбен есеп қүрастырыңдар.
Келесі тапсырма: 164-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңдар.
Келесі тапсырма: 165-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Сөйлемдерді оқып, реттік сан есімдердің қалай жасалғанын жэне сүрақтарын айтыңдар.
Келесі тапсырма: 170-жаттығу жүмысының орындалу шарты төмендегідей: Сөйлемдерді көшіріп жазып, болжалдық сан есімдердің жасалу жолына көңіл бөліңдер, оларға сұрак койыңдар.
Келесі тапсырма: 171-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Берілген сан есімдерді қатыстырып, ауызша сөйлемдер құраңдар.
Жаңа сабақты бекіту жұмыстары. 1. Сөзжұмбақ шешкізу. Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде, тігінен «Болжалдық» деген сөз шығады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1.Араның сыйы (бал)
2.Мұздасаң жылытатын (от)
3.Ешкінің баласы (лақ)
4.Жыл мезгілі (жаз)
5.Жеміс аты (алма)
6.Балшық түрі (лай)
7.Тынығатын күн (демалыс)
8.Суық сөзінің антонимі (ыстық)
9.Жыл атауы (қоян).
2.Сюжетті суреттерді ала отырып мәтін құрау. Мәтіндегі сөйлемдерден сан есімді табу.
З.Үлестірмелі кеспе қағаздарымен жұмыс.
№1
Жинақтық сан есімді тап. Біреу, екеу, жетеу, От пен отын, көсеу, Сонда бэрі нешеу?
№2
Жүмбақты шеш. Сан есімді тап. Екі айнасы, Екі найзасы бар. Төрт сылдырмағы, Бір шыбыртқысы бар.
№3
Жұмбақты шеш. Сан есімнің түрін ажырат. Төртеуі тұрады, Біреуі жейді. Біреуі аула сыпырады.
№4.
Болжалдық сан есімдерді тап. Қалай жасалғанын ата. Жиырма бестей арғы атамыз, Сонша жасап бергі атамыз. Өз атамыз — жиырмада, Бізге сол жас бүйырмай ма?
Сабақтың қорытындысы:
Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
Үйге тапсырма: Сан есімнің мағыналық алты түріне мысалдар жаз