Просмотр содержимого документа
«"Салалас ??рмалас с?йлем" саба? жоспары»
Буранкулова Жазира Барлыққызы
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы
Мәжит Жүнісов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақ ҰБТ- ге қатысатын 11- сынып оқушыларына алған білімдерін нақтылау мақсатына құрылған.
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Салалас сөйлем және оның түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада салалас түрлерін құрмалас сөйлемнің басқа түрлерінен ажырата білуге жаттықтыру.
Дамытушылық: Түрлі тансырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге; адамгершілңкке тәрбиелеу.
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау арқылы бүгінгі сабақты бастау;
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Адамның ойы мен пікірі сан қилы болады. Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен.
Бүгінгі сабағымыз-құрмалас сөйлемнің түрі-салалас құрмалас сөйлемді қайталау сабағы. Оқушылар 2 топқа бөлініп, сабақ барысында түрлі тапсырмалар орындайды
І. Қызығушылықты ояту.
ҰБТ- әлемдік білім беру жүйесіне жетудің алғашқы сатысы.( ҰБТ сөзін оқушылар өз түсініктерімен шешеді. Мысалы: ҰБТ- ұмтылу, білу, талпыну. ҰБТ- ұстамдылық, білімділік, талаптылық.т.б.)
І- тапсырма.
Сызбаны сөйлет.
Сөйлем
ІІ тапсырма
І топ ІІ топ
Ыңғайлас салалас Түсіндірмелі салалас
Қарсылықты салалас Талғаулы салалас
Себеп-салдар салалас Кезектес салалас
(Анықтамалары, мағыналық түрлерін нақты мысалдармен айту.)
ІІІ тапсырма. Лекция.( Мұғалім лекцияны оқиды, оқушылар керек тұстарын жазып не есте сақтап, лекция аяқталған соң, айтып береді.)
Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін. Олардың арасындағы мағыналық қарым – қатынас бірыңғай болмай, әр алуан болып келеді. Мысалы: Жуырда білім сайысы болуға тиісті: не «білімділер» тобы женеді, не «алғырлар» тобы озады. Бұл сөйлем құрамында үш сөйлем бар: біріншісі соңғыларымен түсіндірмелі қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста, екінші мен үшінші сөйлемдер талғау мәнді қатынаста.
Ыңғайлас салалас шылаулардың қатысуына қарай екіге бөлінетіні белгілі. Және жалғаулығы келгенде, әрі шылаулы қайталанбай бір-ақ рет келгенде жай сөйлемдер арасына үтір қойылмайды.
Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады. Жалғаулықты себеп салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғаның тыныс белгілері арқылы айырамыс. Егер себеп мәнді бұрын тұрса, үтір қойылады. Керсінше салдар мәнді сөйлем себеп мәнді ден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.
Жалғаулықсыз қарсылықты салалас сөйлемнің баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден және болымды, болымсыз формадағы сөздерден жасалады.
Түсіндірмелі салалас жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемінің баяндауышы сонша, сондай, соншалық деген сөздер болса, олардан кейін сызықша қойылаы
.
ІҮ-тапсырма Мәтінмен жұмыс.
(Мәтінде қанша сөйлем бар, жай сөйлем қанша, оның қай түрі, құрмалас сөйлем қанша, сөйлемдер саалалас па, сабақтас па, әлде аралас па ажыратады. 1 сөйлемге синтаксистік талдау.)
І-топ
Қателіктің арты өкініш.
Ғабит ауруханадан ұзақ уақыт емделіп, бүгін шыққан болатын.
Ол айналаның осындай әсем екендігін жаңа байқағандай. Әсем табиғат, сәулетті үйлер, өз шаруасымен жан-жаққа бара жатқан адамдарды жаңа көргендей таңдана қарады. Ол есірткінің әлегінен өмірден қаншалықты оқшау қалғанын, тіпті отбасынан, достарынан тым қашықтап кеткенін жаңа ғана түсініп, енді бәрі басқаша болатынына нық сеніммен, өз-өзіне уәде берді.
Ол адамның болашағы өз қолында екенін, өмірде кездесетін қиындықты шешуге болтынын және кез келген жағдайда кінәні адам өзінен іздеу қажет екенін алғаш рет түсініп, өзінің өткен өмірін ой елегінен өткізді.
ІІ-топ
Сұлулық.
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.
ҮІІ тапсырма.( Сыныпта әдебиет пәнін таңдаған оқушылар бар, сол себепті пәнмен байланыс.)
«Ойлан, тап»
Шығармадан үзінді?
Қай шығармадан
алынған? Кімнің жазғаны?
Салалас түрін анықта.
Бақтығұл інісін біресе арқасына салып арқалады, біресе қолынан жетектеп жүрді.
Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет (идеясы)
«Өз көңілімді барласам, дүниенің бәрі дос. Жарқыраған күн де дос, тұнжыраған түн де дос... Сауық құрам- ән сүйеми, саят құрам- сән сүйем, жалын ұрам- жар сүйем.»
«Қатонқарағайға кеткенім сол- ызаға шыдамадым, күн көру үшін кеттім. Қолымдағы қаражатым бір- ақ ай тұруға жететін еді».
ҮІІІ Тест жұмысы
1) Баламалы тест (ия-жоқ)
Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты бір -біріне тәуелді болмайды.
Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.