досты? пен бірлікті ны?айту барысында мемлекеттік тілге ??рмет сезімдерін ?алыптастыру.
М??алім: ??рметті ?стаздар, о?ушылар тілдер мерекесіне ?ош келді?іздер!
Бізді? елімізде 130- дан астам ?лт ?кілдері т?рады.?аза?стан экономикасы мы?ты, т?уелсіз, егеменді ел.?аза?стан ?р тілде с?йлейтін халы?тарды? басын біріктіріп отыр?ан мемлекет.?аза?стан бізді? досты? ?йіміз, ал Привольный орта мектеп білім ?йіміз.
Енді «Ойлы болса?, озып к?р» сайысын бастайы?. Б?л ойын 6 кезе?нен т?рады.
Алдымен сіздерді? жауаптары?ызды сараптау ?шін ?діл?азылармен таныстырайы?:
1. Абишева И.М.- о?у ісіні? орынбасары.
2.Амансейітова А.А.- ?аза? тілі м??алімі.
3.Матц А.Ф.- ?дістеме бірлестігі басшысы.
Топтар ?здерін таныстырады (?й тапсырмасы бойынша ?ран дайындап келу): І топ«Тап?ырлар», ІІ топ «С???ар»
І топ«Тап?ырлар»
?раны:«Білекті бірді жы?ады, білімді мы?ды жы?ады».
ІІ топ «С???ар»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сайыс саба?ы:«Ойлы болса?, озып к?р»»
Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын
Сайыс сабағы:«Ойлы болсаң, озып көр»
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы
достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады.Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел.Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет.Қазақстан біздің достық үйіміз, ал Привольный орта мектеп білім үйіміз.
Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Бұл ойын 6 кезеңнен тұрады.
Алдымен сіздердің жауаптарыңызды сараптау үшін әділқазылармен таныстырайық:
1. Абишева И.М.- оқу ісінің орынбасары.
2.Амансейітова А.А.- қазақ тілі мұғалімі.
3.Матц А.Ф.- әдістеме бірлестігі басшысы.
Топтар өздерін таныстырады (үй тапсырмасы бойынша ұран дайындап келу): І топ«Тапқырлар», ІІ топ «Сұңқар»
І топ«Тапқырлар»
Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
Бірінші кезең«Сөз тапқанға».Қазір сендер әріптер аласыңдар.Әр топқа сұрақ қойылады.Сұрақтың жауабы қолдарыңдағы әріптен басталуы керек.Жауап шапшаң болуы тиіс.
І топ сұрақтары. Ө,Қ, Т.
1. Бүгін қандай күн?
2.Сен қайда тұрасың?
3.Жазда қайда болдың?
4.Нені жақсы көресің?
5.Сыныбыңда қанша оқушы бар?
6.Қай пән ұнайды?
7.Досың көп пе?
8.Сенің сүйікті ақының?
9.Немен саяхат жасайсың?
ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ, С.
1.Сенің калаң қандай?
2.Кім болғың келеді?
3.Нені ұнатасың?
4.Қандай құсты білесің?
5.Қандай фильм көрдің?
6.Жақсы көретін күнің?
7.Күз мезгілі ұнай ма?
8.Сенің сүйіп оқитын жазушың?
9.Саған қандай тағам ұнайды?
Екінші кезең «Білімпаздар» сөзі беріледі.Бұл сөзден екі топ бірнеше сөз құрау керек./Олар сөздер құрағанша жанкүйерлерге тапсырма беріледі/
1-тап.Қонаққа келіп отырған жан күйер қауымға тапсырмалар.
«Тіл-өнері» кезеңі
Интерактивті тақтада берілген тақырыпқа мақал –мәтелдер айту.
Үшінші кезең «Сен білесің бе?»Интербелсенді тақтада сандар жазылған торкөздердің астында сұрақтар жасырылған.Әр жауап 5 балмен есептеледі.Екі топ кезектесіп жауап береді.
5.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім?/Т.Әубәкіров/
6.Қазақтың үш биін ата./Қазбек би,Әитеке би,Төле би/
7.ҚР-ның Тәуелсіздік күні./16 желтоқсан/
8.Қазақстанның атақты суретшісі кім? /Ә.Кастев/
9.2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан жеңімпазы/О .Ш./
10. Қазақ тілінде неше септік бар?/7 септік/
11.«Отан» сөзінің синонимін тап./Ел/
12. «Абай жолы» романының авторы кім?/М.Әуезов/
Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
І топқа берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық,
доп, сызғыш, гүл.
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян, сурет, пойыз,қайшы, маймыл,қолшатыр.
Бесінші кезең « Қызықты ұйқастар».
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сүт, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
2-тап.Қонаққа келіп отырған жан күйер қауымға тапсырмалар
Виктарина сұрақтары
1.«Менің атым -Қожа «повесінің авторы кім?
2.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды…
Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім?
3.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)
4.Жердің нақты үлгісі.(Глобус)
5.Қаза хандығының неше жылдығын атап өттік?/550жыл/
6.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата
Алтыншы кезең. « Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы».
Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.
Привольны орта мектебі
Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын
«Ойлы болсаң, озып көр».
9-10 сыныптар
өткізген қазақ тілі пәнінің мұғалімі:Оразбаева Г.Т