kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Мені? елім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ту?ан жер та?ырыбына арнал?ан. Ту?ан жерді? ?адір-?асиеті д?ріптеледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Мені? елім»



Сабақтың тақырыбы : « Менің елім » . Салалас құрмалас сөйлемдер.

Сабақтың мақсаты: І. Білімдік: Қазақстан жайында мәлімет аламыз,білімдерін толықтырамыз. Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу. Салалас сөйлемдердің түрлерін қайталау.

ІІ.Тәрбиелік.І Оқушылардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Отанға,өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

ІІ. Дамытушылық: Оқу, жоспар бойынша әңгімелеп беру, пікірлесу, диалог құрастырып сөйлесу дағдыларын дамыту. Сөз қорын байытып, зейінін тұрақтандырып, ойлану, салыстыру қабілеттерін арттыру.

Мәселелі оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекіліктер:Кесте. компьютер, слайттар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі.


Сабақтың ұраны. Отан- оттан да ыстық.



Сабақтың барысы:





1Ұйымдастыру кезеңі:


2. Жаңа сабақ:

Лексикалық тақырып:

Парақтағы мәтінмен жұмыс.














































Сөздік жұмысы:








Мәтінмен жұмыс:






















Бекіту:


Тақтамен жұмыс:

Кезекпен тақтаға шығады, жауап береді 3оқушы, жауаптарын жазады 2 оқушы. /қалғандары дәптерге жазады/









Қортынды бөлім:

Үй

тапсырмасы:

Бағалау.

Сабақ аяқталды.



Амандасу.

Кезекшіні тұрғызу.

Түгендеу.

/мақсатымды айтам/

Балалар, бүгінгі сабағымызда Қазақстан жайында мәлімет аламыз. Салалас сөйлемдердің түрлерін қайталау барысында ,түрлі

грамматикалық тапсырмалар орындаймыз. Мәтін бойынша пікірлесеміз.

-Ал қанекей балалар, үй тапсырмасын тексерейік.

Үй жұмысын тексеру.

  1. Диалогты тексеру.

  2. Тәуелдеңіз: Туған жер

  3. Жіктеңіз:Елші

/Үй жұмысын ауызша бағалап өтемін./


Қазақстан – біздің Отанымыз. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығындағы мемлекет. Табиғаты әр алуан. Қазақстанның тарихы мындаған ғасырларды қамтиды,жері шежірелі.Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды.


Қазақстанның астанасы-Астана қаласы екенін барлығыңыз білесіздер. Ал, Астана қаласына дейін ......

1)Қазақ елінің неше астанасы болды?

Орынбор,Қызылорда,Алматы,Ақмола-Астана.Қазақстан Республикасының астанасы ең алғашқыдаОрынбор қаласында,...

одан кейін Қызылордада болды.1929жылы астана Қызылордадан

Алматыға көшірілді.1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола

қаласы тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасы болды.1998 жылы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.


Келесі сұраққа жауап береміз.

2)Қазақ жерінде қандай пайдалы кендер бар.Олар:мыс,қорғасын,

алтын,күміс,темір т.б.


Қазақстан елі пайдалы кендерге өте бай екен. Жері кең екен. Ал енді

3)Қазақстан Республикасының ұлан-байтақ жеріне Еуропаның қанша елдері орналысады екен? Олар:Ұлыбритания,Франция,Германия,Испания,Австрия,Голландия,Дания.


Келесі бір қызықты сұраққа жауап беріңіздер.

1)Жер шарын бір тәулікте аралап шығатын күн көзі Қазақстанда неше сағат кідіреді? Үш сағат.


Жаңа өздеріңіз көптеген сұрақтарға жауап беру арқылы, қызықты мәліметтер алдыңдар.

өлең шумағы:

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,

Жанымды мейірімді құрсаулаған.

Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,

Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Балалар, дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді, сабағымыздың тақырыбы Менің елім. Салалас құрмалас сөйлем.екенін жазып алыңыздар.Жазып болсаңыздар, жаңа сөздерге назар аударайық.


Ал,сөздерді мұқият тыңдап, менің артымнан қайталап айтамыз. дәптерлеріңе жазып отырыңдар.

Жаңа сөздер:

Жарияланды-объявлен

Бекітті-утвердил

Таңғажайып-удивительно

Дербес-самостоятельная

Дамыған-развитая

Ал енді сөздер арқылы сөйлемдер құрастырамыз.


Мәтінді мұқият тыңдаймыз.

Ал енді өз ойларыңды ортаға салыңыздар.

Мына тапсырмаларды орындайық.

Тапсырма Оқушылар сұрақтарды кезекпен оқып,диалог құрастырады

Қазақстан қай жылы егемен ел болды?

Халқының саны қанша?

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан сайланды?

Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіз ел болып жарияланды?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтанбасы қашан бекітілді?

Қазақстанда қанша мемлекттік елшілік бар?

Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесі қашан айналымға енгізілді?

Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгенің жаңа түрі қашан айналымға енгізілді?

Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?

Қазақстан Республикасының астанасы қай қалаға көшірілді?


Біз Қазақстан жайында көптеген мәліметтер алдық, ал енді өз туған жерлерің жайында қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Ал, енді тақтада берілген мақалдардың жалғасын табайықшы, балалар!

Мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

Туған жердің жері де көрікті,елі де сүйікті.

Әркімнің өз жері-жұмақ

Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас.

Кісі елінде сұлтан болғанша,Өз елінде ұлтан бол

Ағаштың тамыры-өскен жерінде, Адамның жаны-туған елінде

Ел-елдің бәрі жақсы,өз елің бәрінен жақсы.

Ел іші-алтын бесік.

Келесі тапсырма. Балалар, мені мұқият тыңдаңдар!

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болды,

және ол еліміздің бас қаласына айналды.

Бұл қандай сөйлем?


Ал енді сандықшадан шылауларды алып,орынды-орнына апарып орналастыру керек. Қанекей кім тақтаға шығады? Келе ғой!

Ыңғайлас : да,де,та,те,және,әрі

Қарсылықты : бірақ, алайда,дегенмен

Себеп-салдар: сондықтан, себебі, өйткені, неге десең

Талғаулы: не, немесе, я, әлде, бірде

Кезектес: біресе, кейде, бірде


Тағы бір граматикалық тапсырманы орындаймыз.

Биыл елімізде егін аз шықты бірақ нан бағасы қымбаттаған жоқ.

Қазақстан жері кең байтақ және табиғаты тамаша.


Келесі тапсырманы орындаймыз.

Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтап айт.

1)«Отан» деген сөзді күнде естиміз,себебі Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Бұл қандай сөйлем.


Білімдеріңді тексеру үшін мына тест тапсырмасын орындаймыз.

Тест

Қазақстан туралы ойларыңды ортаға салайық. Кезекпен тақтаға шығып жазайық.




Қорытынды сұрақтар: Сонымен балалар, Қазақстан туралы не білдіңдер? Отан дегеніміз не?

Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру:

Қазақстан туралы мәтінді мазмұндау.

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау


Жоқ болсын уайым-қайғы Отаныңда,

Қазақ боп, өз тілімде қалғаныңда.

Қадірле бабалардың ақ батасын

Тәуелсіз еркіндігін алғаныңда.



Сау болыңыздар!




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Мені? елім

Автор: Ибраева Айнаш Сергазиевна

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324439


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства