kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы: Маманды?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Маманды?тарды? ма?ызы жайлы с?з болады. Маманды? та?дау?а к?мегі тиеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Маманды?»


Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы. «Көйлекті маған кім берді?» Шақ категориясын қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. - оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру; Мамандыққа байланысты мәтін арқылы тіл үйренушілердің лексикалық қорын байыту.

2. Дамытушылық. - сурет бойынша сөздер, сөз тіркестерін және сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту,топта, жеке жұмыс істеу; Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.

3.Тәрбиелік. Әртүрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.- басқаның пікірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,салыстыру,талдау

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, суреттер, кесте түрлі мамандық иелері туралы суреттер, интерактивті тақта


Сабақтың барысы:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Отырыңдар.

-Қазір қандай сабақ?

-Қазір қазақ тілі сабағы.

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

- Бүгін қай күн?

-Ауа-райы қандай?

-Жылдың қай мезгілі?

-Өте жақсы.

Өзім: Қандай мамандық иесінің сөзі? /мұғалім/


Үй жұмысы. Көрініс.

Наубайшы:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Бәрімізге жейтұғын,

Ең алдымен нан керек.

Көтеруге ел туын,

Қуат керек, әл керек.

Дәрігер:

- Сәлеметсіз бе? Келіңіз.

- Қай жеріңіз ауырады?

- Ыстығыңыз бар ма? Ұйқыңыз қалай?

-Мен сізге дәрілер жазып берейін.

-Таңертең, түсте, кешке ішіңіз.

-Сау болыңыз. Жазылып кетіңіз.

Құрылысшы:

Мен құрылысшымын. Мен биік үйлер, мектептер, балабақшалар саламын. Маған құрылысшы болу ұнайды. Мен өз жұмысымды жақсы көремін.

Сатушы:

- Сәлеметсіз бе, Келіңіз. Не аласыз?

- Маған 1 нан, 2 қорап шай, 2 қорап оттық, 1 литр сүт беріңізші.

-Мінекей алыңыз. Мен есептеп жіберейін. Барлығы 300 теңге болады.

- Мінеки, қалған ақшаңызды алыңыз.

-Тағы да келіп тұрыңыз.

Мұғалім:

-Сәлеметсіздер ме, балалар

-Отырыңдар.

-Қазір қандай сабақ?

-Қазір қазақ тілі сабағы.

-Бүгін нешесі?

-Аптаның қай күні?

-Өте жақсы. Балалар, бәріңе рахмет.

Аспаз:

Бір тамақты пісіріп,

Бір тамақты түсіріп.

Апам ылғи жүреді,

Жадырайды, күледі.

Он жетіге толамын ,

Мен де аспаз боламын.

Мінеки, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбына да келдік.


ІІ. Жаңа сабақ барысы.

1 КЕЗЕҢ. БАҒДАРЛАУ – МОТИВАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢ

1/ Жұмбақтарды шешіңіз.

Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз)


Адамның жүзін,

Басы мен көзін.

Айнытпай келбетін,

Салатын кім суретін? (Суретші)


Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспаз)


Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)


2/

Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

Барлық істің батыры – біз,

Екі қол мен ақылымыз.


Осының бәрін кім істейді? Кім айтады?

Асты кім әзірлейді?

Сабақты кім оқиды?

Көйлекті кім тоқиды?

Тұқымды кім себеді?

Үйлерді кім салады?

Кенді кім табады?

Кітапты кім жазады?

(кестені толтыр)




















Тірек схеманы интерактивті тақтада көрсету.

Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз? Осы сөздердің ортақ атауы - МАМАНДЫҚ.


Сабақтың тақырыбын айтып, мақсатты айқындау.


3/ Жаңа сөздер

Мүлдем мазасыз- беспокойный, назойливый

Сұрамайтыны жоқ-все хочет знать

Қойма –склад

Мата тоқитын фабрика-текстильная фабрика

Мақташы-хлопковод

Мамандық-профессия


4/ Мәтінді түсініп оқыңыз.

«Көйлекті маған кім берді?» атты әңгіме бойынша жұмыс . мәнерлеп оқу, аудару.

2 КЕЗЕҢ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ – ОРЫНДАУШЫЛЫҚ


5/ Мамандық атауларына сай қызметтерін жазыңыз

Үлгі: суретші – сурет салады.

Суретші, оқытушы, аспаз, биші, шаштараз, өрт сөндіруші, әнші.

Бала оқытады, ас әзірлейді, би билейді, шаш қияды, өртті сөндіреді, ән айтады.

/ интерактивті тақтада, сөздер мен сөз тіркестері жасырын тұрады, әр жауаптан соң, тексеру барысында басып қаламыз./




6/ 3-тапсырма. Төменде берілген етістіктерге үлгі бойынша осы шақ, келер шақ, өткен шақтардың жұрнақтарын қосып жазыңдар. Тігу, оқыту.

Үлгі:

Сату-сатып тұру, сатады, сатты.

7/ Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

-Інісі қандай бала?

-Мазаң.

-Кім көйлек сатып әкеліп берді?

-Ағасы сатып әкелді.

-Інісі қандай сұрақтар қойды? Мәтіннен інісінң сұрақтарын тауып, айту.

-Дүкенге көйлек қайдан келген?

-Қоймадан.

-Қоймаға қайдан келген?

- Тігін фабрикасынан.

- Тігін фабрикасына қайдан келді?

-Мата тоқитын фабрикадан.

-Мата неден тоқылады?

-Мақтадан тоқылады...

- Сонымен көйлекті кім берген деген шешімге келдіңіздер?

- Інісі қандай шешімге келді?

- Е, көйлекті маған мақташылар берген екен ғой, деген шешімге келеді.


8. Екі бағанадағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз

Мата тоқитын фабрикадан

армандадым

Мақтадан мата

ән айтады


Мен бала күнімнен

бала оқытады

Дәрігер

үй салады

Оқытушы

адам емдейді


Құрылысшы

тоқылады.


Әнші


келген

Көйлекті мақташылар

көйлек тігеді.

Тігінші

береген екен ғой.


Деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей. Берілген сөздердің жалғауын анықтап, белгілеп,айтыңыз.

Сөздер: мамандық+тар (көптік жалғау)

мамандығ+ым (тәуелдік жалғау)

мамандық+тың (септік жалғау І.с)

маман+мын (жіктік жалғауы)

2-деңгей. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шақтарын анықта.

Сатып әкеліп беріп едім, деді, алдым, келген, тоқылады, берген екен.



9. Сергіту сәті

«Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.

  1. КЕЗЕҢ. РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ – БАҒАЛАУ.

- Бүгінгі сабақта не үйрендіңіз?

- Көйлектің қайдан келетіндігі жайында білдім.

- Мәтінде мамандықтың қандай түрлері көрсетілген?

- Мамандықтың түрлерін атаңыз.

- Дүкенші, қоймашы, тігінші, тоқушы, мақташы.


БІЛІМДІ ТЕКСЕРУ 5 сұрақтан тұратын блиц – тест. /жылдам жауап жазу/

1. Дәрігер …

А. Оқытады В. Емдейді С. Үй салады Д. Киім тігеді

2. Оқытушы

А) емдейді в) үй салады с) киім тігеді д) оқытады

3. Құрылысшы

А) үй салады в) оқытады с) тігеді д) тоқиды

4. Тігінші

А) оқытады в) тігеді с) тоқиды д/ емдейді

5. Ұшқыш

А) ұшады в) тігеді с) салады д/ оқытады

6. Сақшы

А) ұшады в) бағады с) салады д) қорғайды

7.Көйлек дүкенге қайдан келген?

а/ наубайханадан.. в/ жүргізушіден с/етікшіден д/ тігін фабрикасынан


ҚОРЫТЫНДЫ СӘТ

«5 саусақ бірдей емес» дегендей. Әрине, әр адам өзінше қызықты. Барлығымыз бірдей құтқарушы, мұғалім, ұшқыш бола алмаймыз. Әр адам өз қалауы бойынша мамандық таңдайды. Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Мамандық таңдау - әр адамның мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең»,- дейді халық. Барлық адамның арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады.

Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

/музыка ойнап тұрады./












Т



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы: Маманды?

Автор: Ибраева Айнаш Сергазиевна

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324438


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства