«Рудный қаласының № 13 орта мектебі» ММ
Мектеп ішілік семинарға арналған
сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы
Садықова Ә.С.
6 сынып
2013 жыл
Интеллектуалды -танымдық сайыс сабақ «Кім тапқыр?».
Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы топты анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын артыру, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар екі топқа бөлу.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін «тапқыр достар» атты интелектуалды-танымдық сайыс- сабағына қош келдіңіздер!
Армандарым көп менің, Атқарамын деп келдім.
Оқып білім,ғылымды, Өнер табам деп келдім.
Үйренген соң білімді, Сайысамыз деп келдік,- дей отырып, бүгінгі «Кім тапқыр?» сайысын бастайық.
Ақ көңілмен, ниетпен,Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай, Айтқаныңызға көндік деп
Әділқазы алқасын, Сайлап алсақ жөн болар
Еленбей еш қалмасын, Адалдықпен сөз айтар.(Әділқазыларды сайлау)
ІІ. Таныстыру
Сайыс шартымен таныстыру
Өтілу барысы: Әр топтын капитаны өзін таңыстырады, тобын таңыстырады. Бірнеше шумақ өлен оқып береді.
«Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып, әр топқа 4 оқушыдан бөлінген.
1-тур Таныстыру (аты, ұраны, эмблемасы)
2-тур Кім білімді (әр топқа сұрақ қойылады, әр дұрыс жауапқа 5 бал)
Өз тілін жетік біліп үйренсе кім,
Ең жақын ұрпағы сол Жиреншенің.
Құрбы -құрдас,сергітіп бірін-бірі,
Шешендігін білдірер бүгін, міне.
1-топ
1.Тұрлаусыз мүшелерді ата
2.Ас атасы (нан)
3. Түйенің төлі (бота)
4.Кітапта сөзі қай септікте тұр
5.Тұрлаулы мүшелерді ата (бастауыш, баяндауыш)
6.Алғашқы оқулық (әліппе)
8.Ешкінің төлі (лақ)
9. «Елка» сөзінің аудармасы (шырша)
10.Ара сөзі қандай буын
2-топ
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Сөз таптарын ата. (зат есім, сын есім, етістік, т.б.).
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары қандай?
4. Ы.Алтынсарин кім? (Қазақ мектебін ашқан ұлы педагог).
5. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).
6. Сөйлем мүшелерін ата. (тұрлаулы, тұрлаусыз).
7. Сын есім дегеніміз не?
8. Абай Құнанбаев кім? (ақын).
9. Түбір дегеніміз не? (сөздің одан әрі бөлшектеуге келмейтін бөлігі).
10.Мектептен сөзі қандай септікте тұр?
3-тур Полиглот
1-топ
1.Жүздің көркі-көз, ауыз көркі...(сөз, слово)
2.Тамшы тас жарады, тас жармаса....жарады (бас, голава)
3.Өнер алды-қызыл.....(тіл, язык)
4.Жақсы байқап сөйлер,.... шайқап сөйлер (жаман, плохо)
5.Ана сүті бой өсіреді,...ой өсірелі ана тілі, родной язык, )
2-топ
1.Көп сөз күміс, аз сөз.....(алтын, золото)
2.Мектеп кеме,білім...(теңіз, море )
3.Денсаулық-зор...(байлық, богатство)
4.Білім сандығы...(кітап, книга)
5.Әдепті бала арлы бала,...бала сорлы бала (әдепсіз, не воспитанный)
4-тур Адасқан әріптер
1.Тілін білмеген-түбін білмейді.
1, 3, 8, 15,9, 6, 14, 12, 20, 2, 7, 13, 4, 11, 5, 18, 30, 21, 33, 45, 34, 48, 22, 23, 43, 24.
2.Әдеп пен тәртіптің басы-тіл.
1, 3, 10, 18, 5, 7, 17, 19, 11, 15, 8, 20, 16, 9, 22, 24, 6, 13, 21, 14, 12, 4, 2.
5-тур Кім тапқыр« 42 әріп » ойыны.
1. жемістің аты – алма
2. тұңғыш оқулық - әліппе.
3. тақтаға немен жазады – бормен
4. балалар көлігі – велосипед
5. қалампыр ненің аты – гүл
6. Тоқтар Әубәкіров кім – ғарышкер
7. балалар футболды немен ойнайды – доппен
8. жаман баға – екі
9. шыршаның аудармасы – елка
10. скороговорка сөзінің аудармасы – жаңылтпаш.
6-тур. Сен білесің бе?
Таңғалдыр біліміңмен көрерменді,Әрқайсысы бақтарынан көрер енді.
Қанекей,өрендерім бастайықшы«Сен білесің бе?» деген бөлімді.
1-сұрақ. «Менің атым Қожаның» авторын ата.
2-сұрақ. Елтаңбаның авторларын ата.
3-сұрақ. Оқу-білім туралы мақал айт.
6-сұрақ. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
7-сұрақ. Оқу жылының алғашқы айын ата
8-сұрақ. Оқу жылының соңғы айын ата.
ҮІ. Үй тапсырмасы.
Тыңдаңыздар балалардың тапсырмасын,Таңғажайып сұрақтар бар қызықтасын.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,Керегіңді өмірден тез табасың.
Әр оқушы өздерінің дайындап келген тапсырмаларын ұсынады.
ҮІІ.Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,Қиналмай шықтық бүгін шыңдарына.
«Кім тапқыр?» сайысы аяқталды,Сөз кезегі әділқазы алқасында.
(Әділқазыларды тыңдау)