Дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. Ғылыми жобаларын қорғау, болжам-пікір.
Сабақтың мақсаты:
Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңін, ана тілінің ұлттық ерекшелігін саралау. Қазақ тілінің бүгінгі жай-күйін өз беттерінше зерттеу, ертеңіне болжам жасау. Қазақ тілінің бай, көркем, оралымды тіл екендігін дәлелдеу. Өз елінде өгей баланың күйін кешіп жүрген ана тілімізге байланысты басты мәселелерді зерттеп, талдап, жинақтау; іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
Ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұлылар мұраларындағы адам баласына тән гуманизмді, ана тіліне деген құрмет сезімдерін үлгі ету.
Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту. Білімді оқушылық деңгейден анализ, синтез, шығармашылық деңгейге көтеру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, зерттеу, талдау әдістері, сұраққа-жауап әдісі, пікірлесу.
Оқыту формалары: ұжымдық, индивид. форма, топтық.
Сабақтың жабдығы: слайдтар, ғылыми жоба, интерактивті тақта.
І кезең
Кіші ғылым академиясындағы кіші ғылыми кеңес отырысы (жобалар қорғау)
Мақсаты: Оқушыларды өзіндік ізденіске, болжам, қорытынды жасауға дағдыландыру. Алдын-ала берілген тақырыптың ең негізгі түйінді дәнін ала білу, проблеманы шешу, талқылау, ғылыми ізденіске жетелеу.
І топ «Зерде»
ІІ топ «Қыран»
ІІІ топ «Тұлпар» (Өз жобаларын қорғайды)
ІІ кезең.
Диагностикалық консилиум.
Мақсаты:
Өзгелердің пікірін тыңдай білуге, пікір айта білуге баулу.
Қаралатын мәселе:Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі
ІІІ кезең
«Миға шабуыл» сұрақтары
(Қорытынды пікірталас)
Мақсаты:
Проблема шешу, іздену, зерттеу дағдыларына түрткі жасау, өз ойларын, пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге жетелеу. Сыпайы қарым-қатынасқа баулу.
Сұрақтар:
Қ.Р.-ның Тіл туралы Заңының 4-бабында : «Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі»,-деп атап көрсетілген. Қалай ойлайсыңдар, мемлекеттік тіліміздің бүгінгі қалпы көңіл көншітерлік пе?
Қазақ тілінің болашағын қалай елестетесің, өз болжамыңды оралымды тілмен айтып бер. Оқушыларды өзіндік ізденіске, болжам, қорытынды жасауға дағдыландыру.
ІҮ кезең
«Мен және менің Ана тілім»
(идеялар презентациясы)
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттеріне жол ашу. Жазба жұмыстарына дағдыландыру. Ауызша, жазбаша көркем сөйлеуге баулу.Шебер, ұтымды сөйлеуге, тапқырлыққа баулу. Өз ойын дәлелді, айқын жеткізуге талаптандыру.
Өз қалаулары бойынша:
-ой толғау
-сыр толғау
-жыр толғау
ІҮ кезең
Бағалау, коррекция, үй тапсырмасы
Сабаққа дейін алған әсерім
Сабақтан кейін алған әсерім
Бұған дейін білгенім...
Сабақтан кейін білгенім...
Бағалау парағы:
Аты-жөні
Өз бағасы
Спикер бағасы
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға
Үйге тапсырма:
Міндетті тапсырмалар:
Тіл туралы 2 мақал-мәтелге сатылай комлексті синтаксистік талдау жасау.
Ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан даналық бірнеше даналық сөздерін тауып жазу.
Өз қалаулары бойынша орындайтын тапсырмалар:
«Ең бірінші бақытым – тілім менің...» (ой толғау)
«Егер мен қолында билігі бар адам болсам ана тілімізді...» (өз ойыңды жалғастыр)