Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: ?аза? хал?ыны? ою ?рнегі»
Алматы облысы Жамбыл ауданы
Ұзынағаш ауылы «Өнер» мектебі МКҚК
«Шебер қолдар» үйірмесі
Гулжан Рахимбаевна Ескожанова
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ою өрнегі
Сабақ мақсаты: Халық мұрасы ою-өрнек туралы білім беру. Оюдың түрлерін шығу тарихын әңгімелеу. Қазақтың ұлтық ою-өрнегімен, халық өнерін таныстырып, қастерлеуге, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, математика, қазақ әдебиеті, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: ою-өрнек түрлері, тұрмыстық бұйымдар, тілік сызбалар, мақал-мәтел, журналдар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ бөлімі.
І Кіріспе:
ІІ Оюлар ауылына саяхат .
ІІІ Сарамандық жұмыс.
Қортындылау:
Бағалау:
Кіріспе: Адамдар ертеден-ақ қоршаған дүниені тасқа салып келген .Сыры кетседе сыны кетпей сақтап келе әсем ғимараттар, тас мүсіндер, сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары ұрпақтың көркемдік талғамын дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Осылай бірте-бірте ою-өрнектің сан түрі пайда бола бастады. Ою-өрнек дегеніміз –әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құралған өрнек бөлшектері. Кейде осы сөзді жалпы ою деп атайды. ОЮ сөзі латынның «ornamentum» (орнамент), ал өрнек сөзі орыстың «узор» сөзінен алынған- әсемдеу, сәндеу деген сөзден шыққан. Біздің халқымыздың тіршілігінде ою-өрнектің алатын орны үлкен. Ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан бірден-бір өнер. Шеберлер ою-орнектің тілін, сырын, тарихын өте жақсы түсініп білген. Енді біздің міндетіміз ата-бабамыздан қалған ою-өрнек мәдениетін, әдет-ғұрып дүниетанымының ерекшеліктерінің жемістілігін көре отырып, оқушыларға үйрету және сақтау барынша ұлықтануымыз қажет. Ою-өрнектің атауы мен түрі өте көп. Қолөнер шебері ұлттық ою-өрнектің хас майталманы Шөптібай Байділдаұлын айтпасақ болмас. Ол кісі 35 жылдан астам уақыттан бері ою-өрнек жасаумен шұғылданады. Ол кісі 1500-ден астам ою-өрнектің түрлерін жасаған. Ою-өрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Кейбір зерттеулер қазақ ою- өрнегін физикаморфтық және биоморфтық деп екі топқа бөлген, кейбір топтық жіктеулерді көбейте түседі. Ою-өрнек теңеуінің түрлері:
-ай, күн, жұлдыздарға көк әлеміне байланысты;
-малға, малдың денесіне, ізіне байланысты;
-аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты;
-құрт-құмырсқаға байланысты;
-жер,су, өсімдік, гүлге байланысты;
-гиометриялық пішіндерге байланысты.
Шын мәнінде ою-өрнек тек әдемі ғана емес, терең мәнге танымға да ие. Халқымыз өмірден көрген-түйгенін, ойларын әдемі шеберлік шешімімен ұштастыра білген. Әрбір бояу нақышқа дейін өзінше бір сыр аңғартады.