kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы:Табиғаттан нәр алып

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. . Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.

Курс бағдарламалары мазмұнының негізі 7 модульді құрайды, атап айтқанда, Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылық.

   Сыни ойлау-оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап, салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалыптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білуі деп ойлаймын.Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз – баланы ойлауға үйрету! Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін! Сыни ойлауға оқыту – жеңіл міндет емес. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы:Табиғаттан нәр алып»













































 
Сабақтың тақырыбы:Табиғаттан нәр алып


Сабақтың мақсаты : 
Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу. 
Міндеттері: 
1. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту. 
2.Тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту. 
3. Жақсы азамат болуға тәрбиелеу. Ресурстар: 
оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, түрлі түсті қағаз, қайшы. 
Сабақтың барысы: 
Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық. 

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин) 
Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш. 

2. Тыныштық сәті. (3-5 мин) 
ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН. 

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. 

(Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 
Сыныпты топқа бөлу ( Жер,су сөздері жазылған парақтармен бөлу) 
Сабақ барысын талқылау: 

1. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин) 
. О.Бөкейдің «Алтай» тақырыбын сұрақ қою арқылы тексеру. 
3. 1. Алтай өлкесінің сұлулығын мәтін арқылы сезіне алдыңдар ма? 
4. 2. Өр алтай, асқар Алтай, асқан Алтай дегенде қандай сезімді аңғардыңдар?
5. 3. Табиғат әдемілігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме? 
2. Дәйексөз. (5 мин) 
«Адам табиғатқа тәуелді болса, 
Табиғатта оған тәуелді» 
Анатоль Франц 
1. Неге адам табиғатқа тәуелді деп ойлайсыңдар? 
2. Табиғат адамға неліктен тәуелді? 

Әңгімелеу (мұғалімнің сыйы) 
Мұғалім сыйы 
«Бейнебаян» Алма ағашы 
1) Бейнебаянда не туралыбаяндалған? 
2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер? 
3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңдіестеріңетүсіріп, мысалменайтып беріңіздерші. 

1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин) 

1- топ. Өзің тұратын ауылдың экологиялық ахуалын түзету үшін не істер едіңдер. Жоба дайындау 
2- топ. «Табиғат бізге не береді? Ал адамдар табиғатқа не сыйлайды?» тақырыбына кластер толтырады 
Оқушыларды екі топқа бөліп, жауаптарын тыңдау. 

2. Топпен ән айту. (3 мин) 

САРЖАЙЛАУ 
Сөзі М.Мақатаевтікі 
Әні Н.Тілендиевтікі 
Жазира, жасыл кілем өрнектеген 
Туған жерге, дариға, жер жетпеген! 
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем 
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем 
Қайырмасы: 
Саумал бұлақ – балдай дәрім 
Салқын самал – баурайларың 
Саялаған, беу, туған жер 
Сағындырған, Саржайлауым 
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! 
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем 
Басқаның жерұйығын неғылайын 
Жерұйығы өзімнің қасымда екен! 
Қайырмасы. 
Жадырап, жұтайыншы тау самалын 
Осы еді ғой сағынып аңсағаным 
Гүлдерім,шыршаларым, аршаларым 
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын 
Қайырмасы. 

3. Үй тапсырмасы. (1 мин) 

Қайыңның қасіреті Қ.Толыбаевтың әңгімесін оқу 
4. Сабақ соңындағы тыныштық сәті. (2 мин) 
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Табиғаттан нәр алып Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Сабақтың тақырыбы:Табиғаттан нәр алып

Автор: Хуаныш Гулдарига

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405252


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства