Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан облысы. Үстеу,оның түрлері.»
Батурин ЖОББ мектебінің
мұғалімі:Габдушева А.Т.
Сабақтың тақырыбы: Батыс Қазақстан облысы.
Үстеу,оның түрлері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың үстеу туралы алған білімдерін пысықтау. Үстеу түрлерін ажырата білуге, танымдық қабілетін арттыру, ойын арқылы білімдерін пысықтап бекіту.
2. Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін жетілдіру, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту, іздене білім алуға дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:туған жеріміздің тарихын танып,біліп,ардақтап,табиғатын аялауға үйрету,Отанға деген патриоттық сезімдерін ашу.
Күтілетін нәтиже:
1Туған елінің тарихын меңгеру. 2 Үстеудің түрлерін ажырата білу. 3 Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу. 4 Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Оралым, сенің қойныңда, Ойнақтап өткен жылдарым. Жарқылдап Жайық бойында Достармен сайран құрғамын. Шағанның бойы көк шалғын,Шалқамнан жатқам
шаңқай түс. Қ. Аманжолов
3) Қызығушылықты ояту.
1. Ой қозғау.
Отан деген не?
Сендер қай елде тұрасыңдар?
Сендердің Отаныңыз қалай аталады?
Сендердің кіші Отаныңыз қалай аталады?
4) Топтастыру
Батыс Қазақстан облысы туралы не білесіңдер?
II Мағынаны тану
5) Мәтінмен жұмыс.
А)Сөздікпен жұмыс:
Міндет – обязанность
Шектеседі – граничит Шекаралас - граничат
Көршілес – соседние Кеден - таможня
Ә)Мәтінді оқу, сұрақтар құрастырып, өзара сөйлесу.
Б) БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫн көрсетіңдер
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батысында, Жайық өзенінің бойында, Еуропа және Азия дүниежүзі бөліктерінің аралығында орналасқан. Солтүстікте Ресей мемлекетінің Самара, Орынбор, Саратов облыстарымен, солтүстік шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Атырау, батыста Астрахань және Волгоград облыстарымен шектеседі. Жер көлемі 151,2 мың шаршы шақырым. Облыс 1932 жылы 10 наурызда «Батыс Қазақстан облысы» деген атауымен құрылған. 1938 жылы Орал облысы деп өзгертілді. 1992 жылы облысқа бұрынғы атауы қайта берілді. Облыс орталығы – Орал қаласы. Облыс құрамында 12 әкімшілік аудан бар. Облыс жері Ресейдің басқа көршілес облыстарымен шекаралас жерлерде кейбір кеден бекеттері орналасқан. Кеден қызметкерлерінің басты міндеті облыс шекарасын қорғау және халықтың бейбіт өмірін сақтау
6)“Insert’’-”Түртіп алу” стратегиясы
V – “білемін”,
- “мен үшін түсініксіз”
+ “мен үшін жаңа ақпарат” ?
– “мені таң қалдырады”
7)Грамматикалық тақырып
« Үстеу,оның түрлері.» (қайталау)
Үстеу туралы не білесіңдер? Құрамына қарай Тұлғасына қарай Мағынасына қарай ? ? ?
8) Грамматикалық тапсырмалар орындату.
Үстеулерді тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратып, сұрақтар қойыңдар:
Еріншектің ертеңі бітпес. 2) Көп оқыған білмейді, көп тоқыған біледі. 3) Ауыл тым алыс емес. 4) Астық биыл бітік шықты
Төмендегі үстеулерге қарсы мәнді үстеулерді тауып, көрсетілген жолдарға толтырыңыздар. Ү л г і: Жоғары-төмен
Ілгері
Бұрын
Әрі
Мұнда
Ерте
Ішке
1.....................................
2.....................................
3.....................................
4.....................................
5.....................................
6.....................................
Алға
Ертең
Жоғары
Жаздыгүні
Биыл
Сыртта
1.....................................
2.....................................
3.....................................
4.....................................
5.....................................
6.....................................
Үстеулерді қолданып , сұрақтарға жауап беру:
-Кеше қайда болдың? -Ертең қайда барасыз? -Былтыр нешінші класта оқыдыңдар? -Мектепке жаяу келесіңдер ме? -Қазір қандай сабақ болып жатыр?
4) «Сиқырлы сандықша» Сандықшаға салынатын сұрақтар: 1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? 2 Үстеудің мағыналық түрлері нешеу? 3 Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4 . Үстеу дегеніміз не? 5 Етістік деп қандай сөз табын айтамыз? 6 Есімдік дегеніміз не? 7 Сан есім дегеніміз не? 8 Сын есім деп қандай сөз табын айтамыз? 9 Зат есім дегеніміз не? 10 Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 11 Үстеу қатысқан мақал- мәтелді айт. 12 Батыс Қазақстан облысында неше аудан ?
9)Тест сұрақтары.
1.Мезгіл үстеулі тіркесті көрсетініз. а) Жоғары өрледі. ә) Қысы- жазы үзілмейді. б) Ышқына өрледі. в) Ілгері кетті .2. Мекен үстеулі тіркесті көрсетіңіз. а) Былтыр көрген ә) ілгері жылжыды. б) Тағы да келді. в) Ән салды 3. Күшейткіш үстеуді табыңыз. а) Тіпті, әбден. ә) Емін- еркін, әбден. б) Амалсыздан, босқа. в) Онша, әжептәуір 4. Сын- қимыл үстеуді табыңыз. а) Қолма- қол жұмсады. ә) Бірталай отырды. б) Қасақана кешікті. в) әрең еңбек етті. 5. Мөлшер үстеуді табыңыз. а) әдейі, жорта ә) дәл, сәл, нақ. б) Лажсыздан, амалсыздан в)Анағұрлым, неғұрлым. 6. Мақсат үстеуді табыңыз. а) қазір келеді. ә) босқа кетті.б) Жорта үнемдеді.в) Сөйтіп, қаннен- қаперсіз отырды. 7. Себеп- салдар үстеуді табыңыз. а) Құр босқа бақырған ә) Ендігәрі келмейді. б) Әлгінде келіп кетті. в) Қыруар әңгіме айтылды