Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің әрекеті, әдіс -тәсілдер | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру /4 мин/ | ББЖӘТ: «Подиум» тренингі Бағалау өлшемдері таратылады | Оқушылардан мұғалім көңіл-күйлерін сұрап, көңіл күйі түсіңкі оқушыларды алға шығарып, комплимент айту арқылы көңілін көтеруге тырысады. | | Бағалау өлшемдері |
ББЖӘТ: зерттеушілік әңгіме Интерактивтік тақтадан мысалдар көрсетеді. Ол мысалдарда тыныс белгілері қойылмаған уақытта не болатынын сұрайды. Мұғалім толықтырулар жасайды | Бұл жобаның ұлттық, рухани, мәдени маңызы зор. Оқыса: «Ей, үш адам, үшеуің бір жүрсең, жолың болмайды», -деген жазуды көреді. Оқушылар осы мысалдардағы тыныс белгілерін өздері қойып шығады, және осы тыныс белгілері не үшін қойылып тұрғанын түсіндіруге тырысады. | Мадақтау арқылы формативті бағалау | |
Үй тапсырмасын сұрау | Үйге берілген тапсырманы тексеру. | Үйге берілген тапсырма 3 оқушыға оқыту, өзге оқушылардың тақырып бойынша сұрақ дайындауы арқылы тексеріледі. | Критерий бойынша | |
Білу және түсіну /8мин/ | ББЖӘТ: топтық жұмыс. Оқушыларды 6 топқа топтастырады. Әр топқа жеке тапсырма береді. | Әр топқа сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді бөліп беріп, не себепті қойылатынын оқулықтағы ережелерге сүйене отырып, мысалмен дәлелдеп, өзге топтарға түсіндіреді. 1-топ - Үтір (,) 2-топ-. Қос нүкте (:) 3-топ- Жақша () 4-топ - Тырнақша (“”) 5-топ - Сызықша (-) 6-топ - Нүктелі үтір (;) | Бас бармақ арқылы формативті бағалау | А3 формат |
Қолдану, талдау /25мин/ | ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар А деңгейі -161-жаттығу В,С деңгейі -160-жаттығу Тақтада 159-жаттығу орындалады. | А деңгейі 159-жаттығуды оқиды, сөйлемдегі тыныс белгілерінің қойылу себебін ауызша түсіндіреді. В,С деңгейлері 160-жаттығуда тыныс белгілердің қойылу мәнін түсіндіреді және кесте бойынша мәтіннен сөз таптарына 3 мысалдан теріп жазады. Жазады, сөйлем мүшелеріне талдайды, тыныс белгілерінің қойылу себебін анықтайды. | Критерий бойынша бағалау А мах -1 балл В мах 2балл С мах 3балл | Оқулық |
Жинақтау, Бағалау /6 мин/ | ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар СТОҮ: «Егер, онда, өйткені» | А деңгейі –Берілген мысалдарды оқып, көшіріп, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді. В деңгейі – өздерінің таңдауы бойынша бір ақынның өлеңін жатқа жазып, тыныс белгілерін қояды, түсіндіреді. С деңгейі –тыныс белгілерінің мәні, маңызы туралы ой қорытады. Егер, онда, өйткені деген ұғымдарды толықтыра отырып тыныс белгілері не үшін керектігі туралы ой тұжырымдайды. Мысалы: Егер үтір болмаса, онда сөйлемнің мағынасы өзгеріп кетер еді, өйткені үтір сөздерді, ойды ажыратуға көмектеседі. | Критерий бойынша бағалау А мах -1 балл В мах 2балл С мах 3балл | |
Бағалау /1мин/ | Мұғалімнің критерий бойынша жиынтық бағалауы | | | Бағалау критерийлері |
Үй тапсырмасы /1мин/ | ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар | А,В –Сөйлем ішіндегі тыныс белгісіне көркем шығармадан 5 мысал жазу В,С –Сөйлем ішіндегі тыныс белгілеріне көркем шығармадан 10 сөйлем жазу, синтаксистік талдау жасау | | |
Критерий | Дескриптор | Ұпай |
Үй тапсырмасына дайындығы | Үй тапсырмасына толықтай дайын, сауатты орындаған Үй тапсырмасына дайын, аздаған қателер кездеседі Үй тапсырмасына дайын емес | 2 1 0 |
Жаңа тақырыпты өздігінен меңгере білуі | Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып түсінеді, өзгелерге түсінуге көмектеседі, дәлелдейді Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып түсінуге қиналады, өзгелердің көмегін қажет етеді, дәлелдейді Жаңа тақырыпты өз бетімен де, достарының көмегімен де түсінуге қиналады, тек мұғалімнің көмегін қажет етеді | 3 2 1 |
А деңгейі -161-жаттығу В,С деңгейі -160-жаттығу | Тапсырманы орындауда сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу себебін нақты, дәлелді , дұрыс ажыратады Тапсырманы орындауда сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіруде қиналады немесе көмекті қажет етеді Тапсырманы қате орындайды | 3 2 1 |
А деңгейі –тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру. В деңгейі – тыныс белгісін өзі қойып, түсіндіру С деңгейі –тыныс белгілерінің мәні, маңызы туралы ой қорыту. | Тапсырманы орындауда сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу себебін нақты, дәлелді , дұрыс ажыратады Тапсырманы орындауда сөйлем ішіндегі тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіруде қиналады немесе көмекті қажет етеді Тапсырманы қате орындайды Сөйлем ішіндегі тыныс белгілерін өз дұрыс қойып, дәлелдей алады Тыныс белгілерін жартылай дұрыс қояды, қойылу себептерін түсіндіруде қиналады Тыныс белгілерін қоя алмайды Тыныс белгілерінің маңыздылығы туралы мысал арқылы жан-жақты ой қорытады Тыныс белгілерінің маңызы туралы біледі, бірақ мысалдармен дәлелдеуде қиналады Тыныс белгілерінің маңызы туралы біледі, бірақ дәлелдей алмайды | 3 2 1 3 2 0 3 2 1 |