kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? жоспары ?аза? тілінен "Саба?та" 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

КММ "Раисовка орта мектебі". Саба? жоспары ?аза? тілінен "Саба?та" 4 сынып. Саба? № 2. Саба?ты? та?ырыбы: Саба?та. Саба?ты? ма?саты: Білімділік: Та?ырып?а байлынысты тірек – с?здерді естеріне т?сіру, білімін тере?дету. Дамытушылы?: с?здерді ж?не с?йлемдерді д?рыс о?ып, ма?ынасын ??ына білуге да?дыландыру. Т?рбиелік: адамгершілік ізгі ?асиеттерге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? жоспары ?аза? тілінен "Саба?та" 4 сынып »

Сабақ № 2

Сабақтың тақырыбы: Сабақта

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыпқа байлынысты тірек – сөздерді естеріне түсіру, білімін тереңдету.

Дамытушылық: сөздерді және сөйлемдерді дұрыс оқып, мағынасын ұғына білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.1.Ой шақыру.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?

2.Бүгін неше сабақ болады?

3.Бірінші Сабақ қандай?

4.Төртінші сабақ қандай?

5.Сыныпта неше оқушы бар?

1.2.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ.Жаңа сабақ:

2.1.Топтық жұмыс:

Сыныпты үш топқа бөліп, тапсырмалар беру.

1-топ оқу құралдарының аттарын;

2-топ пәндердің атауын;

3-топ сыныпта бар заттардың атын атайды.

2.2.Деңгейлік тапсырмаларды орындау:

Үшінші деңгей:

а)Сөмкелеріңдегі оқу құралдарының аттарын атату, жазғызу.

Дәптер, қалам, қарындаш, сызғыштар, оқулық, қаламсауыт, күнделік.

ә)Аталған сөздерді қатыстырып, сөз тіркесін құрастыру.

Қазақ тілі дәптері, менің қаламым, түрлі түсті қарындаштар, ұзын сызғыш, математика оқулығы, әдемі қаламсауыт, оқушының күнделігі.

б)Кітаптағы жаттығуларды (1, 5 жаттығу) оқып танысқаннан кейін өтілген жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

Тірек сөздер: нешінші сыныпта, оқу жылы, 1 қыркүйек – Білім күні.

Екінші деңгей:

а)Оқулықтағы 2 – жаттығуға берілген жұмбақтар шешіледі.

Ортасында «шегесі»

Жіп – жіңішке денесі

(Қарындаш)

Із қалдырып үнемі

Тұмсығымен жүреді

(Қалам)

Қабат – қабат ақ тақыр

Қатар – қатар жол жатыр

(Дәптер)

ә)Жұмбақ жауаптарын қатыстырып, сөйлемдер құрастыру. Мысалы:

1.Дәптер партада жатыр. 2.Бала қарындашпен сурет салды. 3.Әлия Қанатқа қалам берді.

б)Диалогты оқытып, өзара жалғастыру

Бірінші деңгей:

а) «Мозаика» оқыта үйрету ойынын ұйымдастыру.

Оқулықтағы 1 – жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тапқыздырады. Содан соң мұғалім 1 – жаттығудағы сөйлемдерді жеке – жеке параққа жазып, олардың әрқайсысын жеке хатқалта салады. Хатқалтаны сөйлемнің әр сөзі жекелеп қиылған. Тапсырма: оқушы берілген сөздерді ретімен орналастырып, сөйлемдерді қалпына келтіреді. Осылайша барлық сөйлем дұрыс құрастырылып, тақтаға жазылады. Ендігі кезекте оқушылар сол сөйлемдерді мағынасына қарай нөмірлеп, мәтін құрастырады.

ә)Құрастырылған мәтінді толық оқытып, мазмұнын айтқызу.

Айша мектепке келді. Қоңырау соғылды. Мұғалім сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Бірінші сабақ – қазақ тілі болды. Оқушылар жаттығуды оқыды. Айша өлең оқыды.

ІІІ.Сабақты қортындылау.

Сабақта сендер не істейсіңдер?

Қазақ тілі сабағы ұнай ма?

Бүгін неше сабақ болады?

IV.Үйге тапсырма беру.

4 – жаттығуда берілген диалогты оқып, сөйлесуге жаттығу.

Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба? жоспары ?аза? тілінен "Саба?та" 4 сынып

Автор: Бегумова Фариза Мендибаевна

Дата: 30.01.2015

Номер свидетельства: 164174


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства