Сабақтың тақырыбы:Тамаша табиғат.Етістік.
Сабақтың мақсаты:білімділік-оқушылардың табиғат туралы түсініктерін кеңейту ,етістік туралы алған білімдерін жинақтау;дамытушылық-оқушылардың ойлау,есте сақтау,сөйлеу қабілетін, тіл ұстартуын жетілдіру, интерактивтік тақтада жұмыс істеуге дағдыландыру;тәрбиелік-оқушыларды туған табиғат,қоршаған ортаны аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,ізденіс шығармашылық
Көрнекілігі:интерактивтік тақта,слайдтар,тірек –сызбалар,қарындаш,кеспе.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі
а)Сәлемдесу.Оқушыларды түгелдеу.б)сұрақ-жауап:
-Балалар ,қазір қай жыл мезгілі?
-Бүгін ауа райы қандай?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның нешінші күні?
II.Үй тапсырмасын тексеру. «Ой қозғау»
1.Етістік дегеніміз не?
2.Етістіктің сұрақтары?
3.Етістік нешеге бөлінеді?
4.Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
5.Көктем айларын ата?
6.Ағаш бұтақтарында не пайда болады? т.б
III.Жаңа сабақ.
Балалар ,бүгінгі сабақтың тақырыбы –осы сөзжұмбақта жасырылған. Сұрақтарға жауап беріп,онымен танысамыз.
Сөзжұмбақ сұрақтары:
1.Қазақстанда Алтай,Тарбағатай,Жоңғар .......(таулары ) бар.
2.Апорт ........(алма) қандай дәмді!
3.Көкеніс , жеміс сататын жер? (базар)
4.Қандай жануар адамның ең жақын досы? (ит)
5.Солтүстік қазақстанның ормандары қандай?(ғажап)
6.Қазақ халқы ерте заманнан шұғылданған кәсіп?(аңшылық)
7.Алакөл –ең ......... ( тұщы ) көл.
1
Т
А
У
Л
А
Р
А
А
Л
М
А
Б
А
З
А
Р
Ы
И
Т
Ғ
А
Ж
А
П
А
Ң
Ш
Ы
Л
Ы
Қ
Т
Ұ
Щ
Ы
1.Қазір біз 1-тапсырмадағы мәтінін бойынша жұмыс жасаймыз. (Топтық жұмыс .Сыныпты 4 топқа бөліп әр топқа төменде жазылған тапсырмаларды беремін)
а/Сөйлемдерді оқып ,аудару.
ә/Осы сөйлемдерді рет-ретімен қойып ,мәтін құрау.
б/Мәтіндегі жаңа сөздерді тауып дәптерлеріне жазу.
в/Мәтінге сұрақ қою.Мәтінге ат қойыңдар.
2.Жаңа сөздермен танысу.
Тау етегі-у подножья гор
Жағасында-на берегу
Емен-дуб
Бұлбұл-соловей
Көкек-кукушка
Оқушылар жаңа сөздерді бірге ,жеке айтады,сөз тіркестерін немесе сөйлем құрастырады.
3.Денгейлік тапсырмаларды орындау.
III-деңгей.1Сөйлемдерді дұрыс құра.
1.Республикада орман,тоғай,әдемі,бар.
2.Қазақстан,өте,бай ,жері,көлге
3.Бұлақтар, ағады ,таудан, мөлдір.
II-деңгей.1Керекті сөздерді аударып ,көп нүктенің орнына жаз.
1.Қазақстанда ..... тауы бар.
2.Табиғатты қорғау - ..... борышы.
3. ........... мөп-мөлдір.
4.Орманда ... мен .... өседі.
5.Табиғат ..... байлығымыз.
Керекті сөздер:озера,наше,тополя и березы,Алтай.
I-деңгей.1. «Доп»мәтінін мәнерлеп оқып,мазмұнын айтып мағанасын түсіндіру. 4-тапсырма .158-бет.
2.Табиғат тақырыбына 4 шумақ өлең шығару/7-8мин/
4.Мақал-мәтелдер дұрыс құрастыру.Мағанасын түсіндіру./кеспе қиындылары/
1.Ел-ердің көркі,орман-тоғай-жердің көркі.
2.Бір тал кессең,он тал ек.
3.Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
4.Табиғат -тіршілік көзі. т.б
5.Қортынды:Класстер құрастыру.
Табиғатты не істеу керек?
-Келешек ұрпаққа табиғат байлықтарын жеткізуіміз керек. Табиғатты қорғау-қасиетті парызымыз.
6.Үйге тапсырма:табиғат туралы 5 мақал-мәтел жаттап келу. 3-тапсырма.158-бет.
7.Оқушыларды бағалау.