Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Д?рыс тама?тану режимі »
Пән: қазақ тілі Сынып: 7 Күні:
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану режимі
Түрі:дәстүрлі
Әдісі:сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: кеспе қағаздар
І.Ұйымдастырукезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
І деңгей 84 бет,
III. Сабақтыңмақсатын, барысын айту.
1)ана тілін аяққа баспай биік ұстаужөніндетүсіндіру, соғандәріптеу;
2)тәрбиелікмәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін Отанын сүюгетәрбиелеу;
3)оқушылардың білімін бақылауарқылыдұрыс жаза білуге үйрету;
IV. Бекіту.
1. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестеріп құрау.
4. Сөйлем құрау.
Сөздік
зат алмасу - обмен веществ
бұзылулар - нарушения
ауру - болезнь
бауыр - печень
теңіз тағамдары - морепродукты
жеткілікті - достаточный
2. 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның айтып беру. Төменде берілген сұрақтарға жазбаша жауап беру. Сұрақтар:
1) Дұрыс тамақтану режимі адамды неден сақтайды?
2) Адам күніне неше рет тамақтану керек?
3) Қандай тағамдарды жеткілікті мөлшерде пайдалану қажет?
Осы тапсырманы төменде берілген ойын арқылы жүргізуге болады.
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлесу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур.
Оқушылар, әдеттегідей, партада қатарласып отырады. Барлығы 6 қатар.
1 қатар
2 қатар
3 қатар
4 қатар
5 қатар
6 қатар
Мұғалім әрбір оқушыға барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.
ІІ тур.
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырады, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пай да болады.
1-қатар + 3-қатар
4-қатар + 6-қатар
2-қатар + 5-қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).
Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке парақ болады. Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны жұптаса қояды.
III тур.
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар
2-қатар + 3-қатар
4-қатар + 5-қатар
(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
3. 2-тапсырма. Мақал-мәтелдердің орысша баламасын тауып, мағынасын түсіндіру. Жауап үлгісі:
1. Сыйлап берсе, суын іш.
1. И вода - еда, если от души подана.
2. Асы бар аяқтан аттама.
2. Не перешагивай через блюдо с едой.
3. Ac қадірін тоқ білмейді.
3. Сытому не понять цену куска хлеба.
4. Той тамағы тәтті.
4. Праздничные блюда -самые изысканные блюда.
5. Ac - адамның арқауы.
5. Еда придает человеку силу.
4. 3-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.
5. 4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұның ашатын негізгі сөйлемдер құрап, жауап беру.