Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы: Бізді? мектеп »
Сабақтың тақырыбы:Біздің мектеп
Сабақтың тақырыбы:Білімділік: Жаңа сөздерді пайдалана отырып,өзінің мектебі,мекенжайы туралы әңгімелеп беруді үйрету.Мәтінді дұрыс, саналы түрде түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық : Тіл дамыту, ойлау, сөйлеу, есте сақта қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқу құралдарына мұқиятты болуына.
Міндетті:1.Оқушының білімдік танымдарын өмірмен байланыстыра отырып арттыру. Сөздік қорын молайту
2.Тақырып бойынша оқушылардың ой-өрісін байыту,
етістіктің райларын пысықтау, тапсырмалар орындау.Қазақ тілінде өз ойларын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, іскерлікке үйрету. Адамгершілік пен еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Танымдық : Сөйлеу , ойлау , көру қабілеттерін дамыту .
Сабақ түрі:дәстүрлі Пәнаралық байланыс: информатика,орыс тілі. Оқыту әдістері:қайталау, әңгімелеу,мәнерлеп оқу,СКТТ технологиясы, ойын элементтері Көрнекілік:слайдтар,тірек сызбалар,суреттер интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсің бе, күн!
-Сәлем етсің бе,ел!
-Сәлеметсің бе,ай!
-Сәлеметсің бе, жер- ана!
-Сәлеметсің бе,сен!
-Сәлеметсің бе, мен!
-Сәлеметсіз бе!
-Сәлеметсіңдер ме, балалар отырыңдар.
Бүгін сабағымыз ерекше. Бізге қонақтар келді. Олар сендердің ІІ тоқсанда қазақ тілін қалай меңгеріп алғандарыңды көреді.
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
-Бүгін нешесі?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-25 бетте, 2 тапсырма.
Үй жұмысын тексеру.
25 бетті ашыңдар, 2-нші тапсырма диалогті толықтыру керек.
... сұрақ қояды
... жауап береді.
Сергіту сәтін өткізу.
Жаңа сабақ.
Сөздік дәптерлеріңді ашыңдар. Жаңа сөздерді сөздік дәптерлеріне жазыңдар.
Артында – сзади үстінде- вверху
Алдында –впереди астында- внизу
Жөндеу –ремонтировать қасында –рядом
Ішінде- внутри
Сөздер тобынан антонимдерді табыңдар. Сөз тіркестерін құрастырыңдар. Мысалы: на столе, впереди стола, сзади школы, внутри класса.
Келесі бірінші тапсырма. Тапсырманы Альбина оқы, тапсырманы түсіндірші.Синоним сөздерді теріп жазыңдар. Сөйлемдерді құрастырыңдар.
Зат, оқушы, кісі, әдемі, мұғалім, бұйым, ұстаз, сұлу, шәкірт, адам.
Зат- бұйым , оқушы-шәкірт, кісі- адам, әдемі- сұлу, мұғалім- ұстаз.
2- тапсырма.Суретпен жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.
Мынау номер екінші Булаево орта мектебі. Мектеп үлкен, биік, таза және әдемі. Мектеп үш қабатты. Буденого көшесінде орналасқан. Осында оқушылар оқиды. Мұғалімдер жұмыс істейді. Мектептің алдында жылыжай тұр. Мектептің артында дүкен бар. Мектептің қасында стадион бар.
Бұл №2 Булаево орта мектебінің директоры. А. М. Барсуков мектеп директоры. Ол – мұғалім.
3-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Мәтіндегі сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерін қойып жазыңдар. Қарамен жазылған сөздердің бірнеше мағынасын айтып түсіндіріңдер.
Қыркүйек айы да келді. Мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды. Мен өзімнің мектебімді жақсы көремін. Мектеп сыныптары таза, жарық, кең.
4-тапсырма. Тапсырманы София оқы, тапсырманы түсіндірші.Бірнеше сөйлем құраңдар.
1.Мынау ______ мектебіміз.
2.Мектеп ______(неше) қабатты.
3.__________ кабинеттері бар.
4.Қазақ тілі кабинеті (қандай?)____, _____, ____.
5.Дене шынықтыру сабағында (не істейсіңдер?) _____, ________,_________.
1.Мынау –біздің мектебіміз.
2.Мектеп үш қабатты.
3. Орыс тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, ағылшын тілі, тарих т. б.кабинеттері бар.