kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? ма?саты: Есімшені? туралы толы? ма?л?мат беру. ?аза? тілі 6 сынып.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: Есімшені? туралы толы? ма?л?мат беру.
Білімділік: Есімше-етістікті? ерекше т?рі екендігіне байланысты т?сінік бере отырып, есімшені? жасалу жолдары, есімшені? ж?рна?тары туралы т?сінік беру.
Дамытушылы?: о?ушылыр?а жатты?улар орындату ар?ылы ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту, шы?армашылы??а баулу, тіл байлы?тарыны? молаюына ы?пал ету;
Т?рбиелік: Адамгершілікке т?рбиелеу, келтірілген мысалдар ар?ылы ту?ан жерге деген с?йіспеншілік, ?аза? тілін ??рметтеуге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? ма?саты: Есімшені? туралы толы? ма?л?мат беру. ?аза? тілі 6 сынып. »

Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Қазанбасы орта мектебі»

мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сыздыкова Галия Амангельдиевна

6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Есімше. Оның жасалу жолдары

Сабақтың мақсаты: Есімшенің туралы толық мағлұмат беру.
Білімділік: Есімше-етістіктің ерекше түрі екендігіне байланысты түсінік бере отырып, есімшенің жасалу жолдары, есімшенің жұрнақтары туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылырға жаттығулар орындату арқылы ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, тіл байлықтарының молаюына ықпал ету;
Тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, келтірілген мысалдар арқылы туған жерге деген сүйіспеншілік, қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ауызша тестік сұрақтарға тез жауап алу, оқулықпен жұмыс жасау, сергіту сәті.

Көрнекілік: Оқулық, топтастыру, дидактикалық қосымша

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-Оқушылармен амандасу;

-Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;

-Оқу құралдарын тексеру;

ІІ.Өткен тақырыптарға шолу жасау:

Ауызша тестік жұмыс:

1.Етіс дегеніміз не?

А.Тек қана іс қимылоды білдіреді;

Б.Іс әрекеттің орындалуында орындаушының қатысы қандай екенін білдіреді.

В.Қимылдың, іс-әрекеттің болуғ болмауын білдіреді.

2.Етістің неше түрі бар?

А.5

Б.2

В.4

3.Сабақты етістіктерге –ын, -ін, -н жұрнақтары арқылы жасалатын етістіктің түрі:

А.ырықсыз етіс;

Б.өздік етіс

В.өзгелік етіс

D.ортақ етіс

4.Қимылды, әс-әрекетті орындауыш өзге біреу /ұимылды өзге біреуге орындатады/

А.ырықсыз етіс;

Б.өздік етіс

В.өзгелік етіс

D.ортақ етіс

5.Қимылды орындаушы өзі істейді.

А.ырықсыз етіс;

Б.өздік етіс

В.өзгелік етіс

D.ортақ етіс

6.Қимылдың орындаушысы айтылмай, іс-әрекет өздігінен жасалғандай көрінеді

А.ырықсыз етіс;

Б.өздік етіс

В.өзгелік етіс

D.ортақ етіс

7.Қимылды орындаушы біреумен бірлесіп ортақтасып істейді.

А.ырықсыз етіс;

Б.өздік етіс

В.өзгелік етіс

D.ортақ етіс

8.Жасалу жолдары:

А.ырықсыз етіс: -ыл,-іл, -л, -ын,-ін,-н

Б.өздік етіс: -ын,-ін,-н;

В.өзгелік етіс: -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз,-т

D.ортақ етіс: -ыс, -іс, -с.

ІІІ.Жаңа сабақ:Есімше

Есімше мен көсемше етістіктің ерекше түрі.

Есімше бірде есім сөздердің бірде етістіктің қызметін атқаратын етістіктің түрі.

Ешқандай қосымшасы қандай?қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарса, кім?не? деген сұрақтарға жауап беріп бастауыш , баяндауыш қызметін атқарады.

Қызметі:

ЕСІМШЕ





етістік

жіктеледі

тәуелденеді

көптеледі

септеледі



есімдерше


Есімше есім сөздерше септеліп, тәуелденіп, көптеліп есім қызметін атқарады. Есімше жіктеліп етістік қызметін атқарады да, сөйлемнің баяндауышы болады.


Есімшенің жұрнақтары

Мысалдар

1.

-ған,-ген,-қан,-кен

ал-ған, кел-ген, айт-ұан, кет-кен

2.

-ар,-ер,-р

Болымсыз етістіктің жұрнағынан кейін –с жұрнағы жалғанады

бар-ар, жүр-ер

оқы-ма-с

3.

-атын,-етін,-йтын,-йтін

жаз-атын, өр-етін, қара-йтын, кел-ме-йтін

4.

-мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек

бар-мақ, кел-мек,айт-пақ, кет-пек


Оқушылар мысалдарды тақтаға жазады, талдайды:

Көрген көзде жазық жоқ.

Адасқанның айыбы жоқ.

Айтар сөзіңді айтып қал.

Көрмес түйені де көрмес.

Бітіргендер сыртқа шықты.

Тест тапсыратындар отырып дайындалды.


Ескертпе: Есімше етістіктің және туынды түбірлеріне , сондай-ақ етіс пен болымсыз етістік тұлғаларына жұрнақтар қосылу арқылы жалғанады.


-ған,-ген,-қан,-кен жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады.


-ар,-ер,-р және болымсыз етістіктің жұрнағынан

кейін –с жұрнағы жалғануы арқылы болжалды келер шақ жасалады.

-атын,-етін,-йтын,-йтін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады


-мақ, -мек, -пақ,-пек,-бақ,-бек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше

Жасалады


ІҮ. Тақтамен жұмыс:

Арман бағана кетіп қалған./баяндауыш/ Сыпайы сырын сақтар. /баяндауыш/ Сөзді тыңдайтынға айт. /толықтауыш/ Естігенді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар./толықтауыш/ Оны көрген сайын баласы есіне түседі./пысықтауыш/

Оқулықпен жұмыс:

250-жаттығу: Мәтінді көшіріп жазып, есімшелердің астын сызыңдар. Олардың түбірі мен қосымшаларын ажыратыңдар.


Ү. Тапсырма: Мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып, есімшелердің астын сызыңдар:

Ел қон-ба-с-а жер азады,

Жер бол-ма-с-а-ер азады.


Қатарынан оз-атын ұл биікте жүреді,

Ез атынып оз-атын ұл йықта жүреді.


Ат қадірін біл-ме-ген,

Есек ет-ер көлігін.


Тура биде ту-ған жоқ,

Ту-ған-ды биде иман жоқ.


Қара қылды қақ жар-ған.


251-жаттығу Қарамен жазылған есімшелердің қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын және олардың мағынасын түсіндіріңдер.


Түсінгенде, болар, түсінбейтін, мал қимайтын, айтқаның, айтпаған, қалағандарың, келмеген, сенбеген т.б.


252-жаттығу.Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырып, сөйлемдерді талдаңдар.


ҮІ. Сергіту сәті. /Оқушыларға көз жаттығуларын жасату/


ҮІІ. Сабақты семантикалық картаның көмегімен қорытындылау.

Мысалдар

Өздік етіс

Өзгелік етіс

Ырықсыз етіс

Ортақ етіс

Есімше

Айтылды



+



Жаздыр


+




Көрген жоқ





+

Айтармын





+

Айтыс




+


Киіндім

+





Көрсетті


+




Сөйлесермін




+

+

Бастамаспын





+

келмес





+

Бітірген



+


+

Барған





+

Келген





+

Сұрайтын





+


ІХ. Үйге:

Есімше туралы ережені түсініп оқу;

Есімшелері бар 5 мақал-мәтел жазып келу.

Бағалау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Саба?ты? ма?саты: Есімшені? туралы толы? ма?л?мат беру. ?аза? тілі 6 сынып.

Автор: Сыздыкова Галия Амангельдиевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171310


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства