1.Сабақтас құрмалас сөйлемі бойынша барлық ережелерді біледі,мысал арқылы дәлелдей алады.
2.Білімін шешім қабылдауға пайдаланады,саралайды,талқылайды.
3. Сөйлем құрастырады,өз пікірін айтады,алған білімінің құндылығын анықтайды.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Үй тапсырмасын қорыту.
4.Жаңа сабақты түсіндіру.
5.Жаңа сабақты бекіту.
6.Жаңа сабақты өорыту.
7.Бағалау.
8.Үйге тапсырма беру.
Ұйымдастыру кезеңі:а) Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу.
ә)Сабаққа назар аудару.
Сабақты біз бастайық,
Ортаға ой тастайық.
Үлгерімін сыныптың,
Көрсетуден қашпайық.
Сынып үш топқа бөлініп,әр топқа жетекші бекітіліп,бағалау парағы беріледі.Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.
1-топ. «Бәріміз біріміз үшін»
2-топ «Талпынған жетер мұратқа»
3-топ «Бірлігі күшті ел озады»
Үй тапсырмасын сұрау:
Менің өмірім,байлығым тілімде.
Өйткені әр адам сөйлер ана тілінде.
Сүю үшін туған жерді,Отанды,
Сезім болу керек менде де,сенде де.
Бүгінгі сабақ ерекше сабақ,өйткені біздің сабағымызға қонақтар қатысып,өз бағаларын бергелі отыр,сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып,білгендеріңді көрсете аласыздар деп ойлаймын.
Ой қозғау.
Жұлдызшалардағы жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1.Сөйлемнің қандай түрлері бар?
2.Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?
3.Астана қаласы туралы салалас құрмалас сөйлем айт.
4.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата
5.Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыр
Үй тапсырмасын қорытындылау:
Тірек-сызба арқылы сабақты қорытындылаймын.
Құрамындағы бағыныңқылы сыңарлардың мағыналарына қарай сабақтас құрмалас сөйлем алтыға бөлінеді.