kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба? та?ырыбы: Баяндауыш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:

 а) О?ушылар?а т?рлаулы м?шені? бірі баяндауыш туралы т?сінік беріп, оны? ??рамды? т?рлерін ажырата білуге ?йрету.

 ?)  О?ушыларды? с?здік ?орын молайту, ойлау ?абілетін, ?з ойын ж?йелі жеткізе білу ?абілетін дамыту

 б)  О?ушыларды рухани-адамгершілік, е?бекс?йгіштікке баулу, білімді болу?а  деген ?ызы?ушылы?ын ояту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба? та?ырыбы: Баяндауыш »

Сыныбы:8

Сабақ тақырыбы: Баяндауыш

Сабақ мақсаты:

а) Оқушыларға тұрлаулы мүшенің бірі баяндауыш туралы түсінік беріп, оның құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету.

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, өз ойын жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту

б) Оқушыларды рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштікке баулу, білімді болуға деген қызығушылығын ояту.


Сабақ көрнекілігі: Интербелсенді тақта, ереже жазылған кесте, үлестірме қағаз.

Сабақ түрі: кіріккен сабақ.


Сабақ әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру әдісі

Пәнаралық байланыс: математика


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Топқа бөлу. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөдер жазылған парақтарды қойып оқушыларға таңдату. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөздерді таңдағандар 1-топ, етістік, үстеу, одағай, шылау, еліктеу сөдерді таңдағандар 2-топ.

ІІ Үй жұмысын пысықтау.

Сұрақ-жауап

«Сиқырлы сандықша»

Екі топқа өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қоямын. Оқушылардың жауаптары дұрыс болса алдарындағы төрббұрыштарды өз қатарларында тұрған сандықшаларына салады.Сабақ соңында қай топтың жеңгенін сандықшадағы төртбұрыштар арқылы ажыратамын.

І топ

1.Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ата.

2.Бастауыш болатын сөз таптары қандай?

3.Күрделі бастауышқа мысал келтір.

4. Етістік сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемге мысал келтір.

5.Сын есім сөйлемде бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемге мысал келтір.

ІІ топ

1.Баяндауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді?

2. Баяндауыш дегеніміз не?

3. Баяндауыш болатын сөз таптары қандай?

4. Сын есім сөйлемде баяндауыш боп тұрған сөйлемге мысал келтір.

5. Сан есім сөйлемде баяндауыш боп тұрған сөйлемге мысал келтір.



ІІІ Жаңа сабақ

«Топтастыру» Баяндауыш





Екі топтың оқушылары топтасытруды толтырған соң өз сандықшаларына төртбұрыштарын сап тұрады.


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Мақалдарды жалғастырып, бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз. Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта.

І топ

  1. Білімдіге дүние ... (жарық)

Білімсіздің күні .... (кәріп)

2.Еңбекқордың ерні .... (майлы)

3. Ақыл – тозбайтын ..... (тон)

Білім – таусылмайтын ....(кен)

4.Білекті бірді...(жығады)

5. Туған жерге туыңды...(тік).

ІІ топ

1.Талапты ерге нұр...(жауар).

  1. Көз қорқақ, қол...(батыр).

  2. Отанын сатқан...(опасыз).

  3. Ананың көңілі ...(балада),

Баланың көңілі...(далада).

  1. Туған жердің түтіні де...(ыстық).


2-тапсырма. «Арқан тарту» ойын

Шарты: арқанда тұрақты сөз тіркестері жапсырылып тұрады. Екі топ оқушылары тездетіп қағаздағы сөз тіркестерінің мағынасын тауып, баяндауыш етіп сөйлем құрайды.


1.Жұмған аузын ашпады-үндемеді.2. Құлақ аспады-тыңдамады.

3. Көрер таңды көзімен атырды-ұйықтамады. 4.Бетінің оты шықты-ұялды. 5. Төбе шашы тік тұрды-қорықты.6. Тайға таңба басқандай-анық.

7. Таяқ тастам жер-жақын.8. Үріп ауызға салғандай-әдемі. 9.Жүрек жұтқан-батыр.10. Көз салмау-қарамау.





3-тапсырма. Балалар, зат есім, сын есім, есімдік, етістіктермен қоса сан есімнің де баяндауыш қызметін атқаратынын атап кеттік. Ендеше есептер шығарып, сан есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрап көрейік.

Математика пәні мұғалімі

Екі топқа жауабы1,2,3,4,5,6,7,8 болатын есептер шығартады. Шыққан санға оқушылар сөйлем құрайды.

2-тапсырма. Екі сөзден тастап оқып, сөздерден өлең жолын құрастыр. Құрамынан баяндауышты тап.


4-тапсырма.

Адамның, бала, оқытуды, бір, деген, жек, қызығы, баланы, көрмедім.

Жауабы:

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Бұл үзінді қай өлеңнен алынған? Авторы кім?


5-тапсырма.

Баяндауышы сан есім болатын мақал оқимын, бірақ санды тастап кетемін. Оқушылар табу керек.

1.Ел құлағы –. 2. Семіздің аяғы –. 3. Он екі айда....4. Туғанда... едік, өле-өле ...4. Айла ..., ақыл .... Ағайын – ..., ана – .... Шындық –..., бақыт егіз, Дос егіз болса, дұшпан .... Білгенің бір ...., білмегенің ....

Жауабы:

Ел құлағы – елу. Ер кезегі – үш. Семіздің аяғы – сегіз. Он екі айда он үш той. Туғанда алтау едік, өле-өле жетеуміз. Айла алтау, ақыл жетеу. Ағайын – алтау, ана – біреу. Шындық – сегіз, бақыт егіз, Дос егіз болса, дұшпан сегіз. Айла алтау, ақыл жетеу. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.


Оқушыларды бағалау

Үй жұмысы: 5 сөйлем жазып, құрамына қарай талдау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Саба? та?ырыбы: Баяндауыш

Автор: Бекмагамбетова Айнур Абугалиевна

Дата: 18.05.2015

Номер свидетельства: 213101


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства