Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады. Түстер арқылы топтастырады. | Орындарында отырып видеоролик тамашалайды Ортаға шығып берілген түстерді таңдап, сол бойынша топқа бөлінеді. |
ІІІ. Жаңа тақырып | Сәбит Мұқанов (1900-1973) Сәбит Мұқанов – қазақ жазушысы. Ол 1900 жылы 22 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында Сәбит Мұқанов ауылында дүниеге келген. Мұқанов жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамымен айтып үйренген. С.Мұқанов қазақ әдебиетінің өркендеуіне өмірінің соңына дейін қажырлы еңбек атқарып, 1973 жылдың он сегізінші сәуірінде қайтыс болды. С.Мұқановтың «Жұмаштың өлімі», «Альбом», «Балбөпе», «Сұлушаш», «Ақ аю» сияқты поэмалары, «Әсия», «Азғын», «Көр заман», «Алтын аймақ», «Жұмбақ жалау», «Тіл алушылар» сияқты әңгімелері мен «Ақбөпенің сыры», «Достар», «Балуан Шолақ», «Бақташының баласы», «Адасқандар», «Мөлдір махаббат», «Ботагөз», т.б. повестері, сондай-ақ «Теміртас», «Есіл», «Сырдария», т.б. романдары жарық көрді. 1968 жылы «Өмір мектебі» трилогиясы Сәбит Мұқановқа Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алып келді. С.Мұқанов қазақ әдебиеті саласында ғылыми очерктер жазып, «Халық мұрасы» сияқты кітабы арқылы қазақ этнографиясына да көп көңіл бөлді . |
IV.Шығармашылық жұмыс | Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан. Балуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде тсаусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген. Шежіреші қарттардың айтуынша және Қазақ энциклопедиясында келтірілген мәліметтер бойынша, Балуан Шолақтың жас кезінде әкесі Көкшетауға көшіп келген. Осында өсіп, өнер қуып, Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та басылып шыққан. Оның ішіндегі ең сүбелісі – Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі |