Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 Мерзімі: 13.03.2015ж |
Тақырыбы: | С.Мәуленов «Менің республикам»
|
Сабақтың мақсаты | Автор туралы ұғындыру, оқушылардың бұрынғы алған білімдерін жаңа біліммен астастыру, ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. |
Оқу нәтижесі | Жаңа ақпаратпен танысады, естіген, оқыған мәліметтерді талдауға, сараптауға дайындалады, |
Түйінді идея | Отан үшін отка түс күймейсін |
уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | ресурс |
3 минут | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Көңіл – күйлерін сұрау. «Жылы лебіз » жүрекшесін толтыру. Оқушыларды жетекші сұрақтар қою арқылы бір-біріне тілектерін арнату. -Балалар, бүгінгі сабағымыздың жақсы өткенін қалайсыздар ма? -Ал сабағымыз жақсы өту үшін бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдіріп, жүрегімізді жылылыққа толтырайық. | Бір-біріне жылы лебіздерін арнап жүрекшені толтырады. | Стикер, маркер, плакат |
5 минут 5 минут | Топқа бөлу Елтаңба, әнұран, ту туралы өлең шумақтарының жолдары жеке - жеке беріледі Сабақтың тақырыбын ашу Б.Тілеуханов «Менің елім» әні тыңдалды Тақтада слайд Қазақстанның көрікті жерлері Балалардың тыңдаған әндері мен көрген слайдтары бойынша сұрақ қою арқылы жетелей отырып тақырыпты аштыру -Балалар, біз не көріп отырмыз? -Ән не туралы? - Отан дегеніміз не? | Оқушылар олең жолдарын ретімен құрастырып шығады да, Тәуелсіздік Тарландары, Қазақстан Қырандары, Туған елдің Ұландары болып үш топқа бөлінеді.
-Ән «Отан» туралы -«Отан» дегеніміз адамның туып өскен жері -Біздің Отанымыз - Қазақстан -Оның көрікті жерлерін презентация арқылы тамашалап ой - пікірлерін айтады. | Үнтаспа Видео Проектор Слайдтар |
| С.Мәуленов туралы бейнебаянды мұқият тыңдау Өлеңді көтеріңкі дауыспен мәнерлеп оқу Ақынның көңіл күйін ұғындыру | Бейнебаянды, өлеңді мұқият тыңдау. Өлеңді топ ішінде өзара оқып шығу ( жекелей, жұппен талдау ) (Көршінмен бөліс тәсілі) Әр топтан бір оқушы 1 шумақтан оқып мазмұнын айтып кетеді (бармақпен бағалау) | Бейнебаян оқулық
|
| Сатылай кешенді талдау
(оқушы көшбасшылығын жауаптылығын арттыру мақсатындағы «Топта еркін талқылау» әдісі)
«Ақ қағазға жан бітіру » әдісі | Тәуелсіздік Тарландары Алғашқы сатысы (авторы, тақырыбы, идеясы, жанр түрі) Қазақстан Қырандары Өлең құрылысына талдау жасау (буын, бунақ, ұйқас, тармақ) Туған елдің Ұландары ( әдеби көркемдегіш сөздерді табу) ( оқушылар постермен қорғап шығады ) (топтық жұмыс) (үш шапалақ арқылы бағалау) Берілген шумақ бойынша әр топ суретпен бейнелейді. Топ бойынша қорғап шығады | Плакат, маркер, оқулық |
| Сергіту сәті «Малекулалар» | Музыка ырғағымен жұптасу немесе топтасу | Аудио |
| «Сұрақты тап…» әдісі арқылы сабақты бекіту Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылған . Қандай сұрақтар қойылды? Қорытынды Түрлі суреттер береді | Берілген жауаптарға сай сұрақ қою « Менің елім» коллаж жасау | Презентация суреттер |
| Үй тапсырмасын беру | Өлеңді жаттайды | |