kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?лем берем ізетпен

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні

Класс:  1

О?ушы саны:4

Саба?ты? та?ырыбы: С?лем берем ізетпен

??ндылы?: д?рыс ?рекет

?асиеті: ?дептілік, сыпайылы?, ізеттілік

Ма?саты: ?дептілікті? адамгершілік ??ндылы? ретінде м?н?н ашу

Ма?саты:

  • С?лемдесу, ?депті болу ?асиеттері туралы т?сінік беру
  • Сыйласты? ?арым- ?атынас да?дысын дамыту
  • Ізеттілік, сыпайылы??а т?рбиелеу

?йымдастыру кезе?і:

С?лемдесу 5 «Т» О?ушыларды? ??ралына назар аудару

Тынышты? с?ті: Баяу музыка

Балалар к?зімізді ж?мып, денемізді т?зу, басымызды жо?ары к?теріп, еркін тыныс аламыз. К?зімізді ж?мса? болады. Бізді ?орша?ан  д?ниені? барлы?ы бізді ?ор?ап, аялап, ?ам?ор болып т?р?анын сезінейік. Жанымыз ра?ат?а б?леніп, ж?регіміз махаббат?а, ?уаныш?а тол?анын сезінейік. К?зімізді аша беруге болады.

Д?йекс?з: «С?лемдесу- ?дептілік бастауы» Халы? даналы?ы. 2-рет ?лдар,2- рет ?ыздар б?рі б?рге айту.

« С?лем с?зді? анасы»

Б?гінгі саба??а А?бота си?ырлы ?оржынымен келді.Оны? ?оржынында си?ырлы с?ра?тар бар со?ан жауап тауып ?зімізді? ?аншалы?ты осы с?ра?тар?а д?рыс жауап бере алады екенімізді тексеріп к?рейік.

С?ра?: С?лемдесуді? ?андай т?рлерін білесі?дер?

Балаларды? жауаптарын А?ботаны? жауаптармен салыстырылады.

Тапсырма: «Сыпайы с?здер»

Жеміс а?ашыны?  с?лбасы та?та?а ілінеді. Жемісті? пішінін  балалар с?ра??а д?рыс жауап берсе а?аш?а ілу керек.(о?улы?тан с?ра?тар о?у)

Д?птермен ж?мыс: Суретті бояп, « ?депті бала»  атты та?ырып?а ??гіме ??растыру

Саба?ты ?орту: Тынышты?, тынышты?, тынышты? барлы? жерде, тынышты?, тынышты?, тынышты? барлы? ?лемде. Сау болы?дар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?лем берем ізетпен»

Күні

Класс: 1

Оқушы саны:4

Сабақтың тақырыбы: Сәлем берем ізетпен

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеті: әдептілік, сыпайылық, ізеттілік

Мақсаты: Әдептіліктің адамгершілік құндылық ретінде мәнән ашу

Мақсаты:

  • Сәлемдесу, әдепті болу қасиеттері туралы түсінік беру

  • Сыйластық қарым- қатынас дағдысын дамыту

  • Ізеттілік, сыпайылыққа тәрбиелеу

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу 5 «Т» Оқушылардың құралына назар аудару

Тыныштық сәті: Баяу музыка

Балалар көзімізді жұмып, денемізді түзу, басымызды жоғары көтеріп, еркін тыныс аламыз. Көзімізді жұмсақ болады. Бізді қоршаған дүниенің барлығы бізді қорғап, аялап, қамқор болып тұрғанын сезінейік. Жанымыз рақатқа бөленіп, жүрегіміз махаббатқа, қуанышқа толғанын сезінейік. Көзімізді аша беруге болады.

Дәйексөз: «Сәлемдесу- әдептілік бастауы» Халық даналығы. 2-рет ұлдар,2- рет қыздар бәрі бәрге айту.

« Сәлем сөздің анасы»

Бүгінгі сабаққа Ақбота сиқырлы қоржынымен келді.Оның қоржынында сиқырлы сұрақтар бар соған жауап тауып өзіміздің қаншалықты осы сұрақтарға дұрыс жауап бере алады екенімізді тексеріп көрейік.

Сұрақ: Сәлемдесудің қандай түрлерін білесіңдер?

Балалардың жауаптарын Ақботаның жауаптармен салыстырылады.

Тапсырма: «Сыпайы сөздер»

Жеміс ағашының сұлбасы тақтаға ілінеді. Жемістің пішінін балалар сұраққа дұрыс жауап берсе ағашқа ілу керек.(оқулықтан сұрақтар оқу)

Дәптермен жұмыс: Суретті бояп, « Әдепті бала» атты тақырыпқа әңгіме құрастыру

Сабақты қорту: Тыныштық, тыныштық, тыныштық барлық жерде, тыныштық, тыныштық, тыныштық барлық әлемде. Сау болыңдар.
















Күні:

Класс:6

Сабақтың тақырыбы: Сары даланы сөздбен тербеткен.

Мақсаты: Халық-композиторларының туған жергедеген ыстық махаббатын, әуезді әуенмен жеткізе білгені туралы түсінік беру.

  • Оқушыларға музыка арқылы көңіл- көйді білдіруге болатыны туралы біліктерін арттыру;

  • Халық музыкасын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақты беру әдісі:Музыка тыңдау, ән айту.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, оқулық дәптер

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару

  • Үй тапсырмасына шолу жасау

2 Жаңа сабақты түсіндіру

  • Күй әуенін ақын сөзбен өрнектейді, ал сары даланы әуенмен тербеткен Тәттімбеттің күйі тартылғанда жер дүние, тіршілік тына қалып, күйшіні тыңдағандай әсер қалдырады. Ол ел аралап алыс сапарларда көп жүрген. Осындай бір сапарында келе жатып, өзінің Малайсары жайлауына арнап күй шығарады. Ол күй «Саржайла» деген атпен ел арасында тарап кетеді. Ақын Жүмекен Нәжмеденов өзінің « Саржайлау» атты өлеңінде күйді сөзбен өрнектеп, жыр жолдарын қосқан.

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) күйші- компазитор Қарағанды обл. Егіндібұлақ ауданында дүниеге келген. Арқа өңіріндегі шертпе күй мектебінің негізін қалаушы. Ол домбыра тартуды әкесі қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді. Оның 40-тан астам күйі бар. «Қосбасар» «Саржайлау» «Көкейкесті» «Сылқылдақ» күйлері ел арасында кеңінен тараған.

Жүмекен Нәжмеденов (1935-1983) ақын. Атырау обл. Құрманғазы ауд. Қошалақ ауылында дүниеге келген. Оның алғашқы өлең жинағы 1961 жылы жарық көрген.Көптеген роман, өлең, поэма, повесттердің авторы. Оның «Сарыарқа» «Саржайлау» «Қызыл қайың» атты өлеңдері Дәулеткерей, Дина, Құрманғазы шығармаларына арналған.

Күй тыңдау: Тәттімбеттің «Саржайлау» күйін тың-у

Ән айту: Ә. Бейсеуовтың «Армандастар» әнін айту

Бекіту:

1.Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі қалай дүниеге келді?

2. Тәттімбеттің басқа қандай күйлерін білесіңдер?

3. Не себепті Тәттімбеттің күйі «Саржайлау» деген атпен таныс болды?

Бағалау

Үйге: 26-30 беттер. «Туған жер» тақырыбына мәнжазба жазу











Күн:

Класс: 4

Сабақтың тақырыбы: Симфониялық оркестр қалай пайда болды

Мақсаты: Симфониялық оркестр, оның түрлері, пайда болу тарихы, орналасу тәртібі туралы білімдерін арттыру.

Міндеті:

  • Оркестр және классикалық музыка жайлы білімдерін кеңейту

  • Симфониялық музыканы тыңдай білуге, ерекшелігін түсінуге баулу

  • Көркемдік талғамдарын арттыру, Отанын сүюге тәрбиелеу

Сабақ беру әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ән үйрену, тыңдау.

Көрнекілік: музыкалық аспаптар

Сабақтың барсы:

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу

  • Назарын сабаққа аудару

Ой шақыру:

Симфониялық оркестрдың орындауында шығарма тыңдау

  • Қандай оркестрдің орындауындағы шығарма?

  • Қандай аспаптардың дыбыстарын естіп отырмыз?

  • Оркестрді кім басқарып тұр

Оқулықпен жұмыс:

Оркестр- музыкалық шығарманы әр-түрлі аспаптарда қосылып орындалатын музыканттар ұжымы.

Симфониялық оркестр- оркестрдің жоғарғы түрі. Оның құрамына ағаштан, жезден жасалған ішекті-ыспалы, үрмелі,соқпалы музыкалық аспаптар болады. Симфониялық оркестр 16-17 ғасырларда пайда болды. 18- ғасырдың бірінші жартысында оркестр музыканың қоғамдық орнына байланысты шіркеулік, опералық, камералық болып бөлінді. 19- ғасырда атақты композитор Л.В.Бетховен өзінің симфониялық шығармаларында алғаш рет үлкен симфониялық оркестрді қолданды. Симфониялық оркестр құрамын дыбыс бояуларының әр-түрлі 20-дан астам музыкалық аспап құрайды.

Музыка тыңдау:

Л.В.Бетховен «№3» симфониядан үзінді

Музыка сауатылығы:

Симфониялық оркестрдің орналасу тәртібі.

Ұрмалы аспаптар Контробастар

Үрлемелі жез аспаптар

Арфа Үрлемелі ағаш аспаптар

2-скрипка Альттар

1-скрипка Виолончелдер

Дирижер

Ән үйрену:

Б.Әлімжанов. «Астана»

Шығармашлық жұмыс:

Ұйқастарды пайдаланып өлең құрастыру

(Жарқырай бер) ... Астана,

(Елордамыз) ... бас қала.

(Болашақта ) ... жасай бер,

( Бой көтерген) ... жас қала

Сабақты қорыту:

Тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып сабақты қорыту

Бағалау:

Үйге: 28-31бет. Қазақстандағы симфониялық оркестр туралы мәлімет жинау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
С?лем берем ізетпен

Автор: Куржинбаева Кенжегул Сагинаевна

Дата: 20.11.2015

Номер свидетельства: 255960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства