Просмотр содержимого документа
«Рейхстаг?а ту тіккен – Ра?ымжан ?ош?арбаев»
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры ___________Т.Асылбекова
13. 02. 2016ж
Ерлік сабақ Алтынемел орта мектебі
мектепке дейінгі шағын
орталығымен КММ-сі
Сынып 10.
Сабақтың тақырыбы: Рейхстагқа ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (45 мин.)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы мағлұмат бере отырып,
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырлар жайлы және Рақымжан Қошқарбаевтың
ерлігі жайында түсініктерін қалыптастыру.
Адамгершілікке, Отанын сүюге, ата-бабаларымыздың ерліктеріне сүйене отырып
Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, оны қорғауға деген ой –өрісін дамыту.
Көрнекіліктер: Буклет, плакат,слайд – шоу.
Сабақ өтілетін орын: ЛМК кабинет
Қолданылатын әдебиеттер: Тарихи деректер жинағы.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод командирінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы мәлімет беруі. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскери формада болуы қаралады
2. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Слайд – шоу көрсетіліп, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.
3. Жаңа сабақпен таныстыру:
Мұғалімнің сөзі:
«Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы тарихта небір зұлматты жылдар мен қанды қырғындарды бастан өткеріп, бүтіндей бір ұлттың жойылып кетуіне жол бере жаздаған қаншама сұрқия саясат пен арамза әрекеттерді бастан өткерді. Солардың «ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен» ең бір қайғылы кезеңдері Ұлы Отан соғысымен байланысты.
Гитлердің жер бетінде тек асыл текті неміс халқы ғана өмір сүруі қажет деп, өркөкіректік пен шектен шыққан менмендікке бағытталған зұлым саясатының салдарынан тұтанған алапат соғыс 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады. Бұл соғыста қазақстаннан 1 млн 196164 адам майданға аттанды Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы 4 ұлттық атты әскери дивизиясы 7 атқыштар бригадасы 50 - ге жуық полк пен батальон құрылып майданға аттанды. Бұл соғыста қаншама аналар ұлдарынан, балалар әкелерінен, аналар жарларынан айырылды. Көптеген қандастарымыз хабарсыз кетті. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстандықтар барлық майданда шайқасты.
4.Оқушыларға сұрақ.Осы өзіміздің аулымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр ағаларымыз бар ма? Бар болса ол кімдер?
Оқушылар: Малин Иван Гаврилович және Каратаев Илья Васильевич жайлы айтып береді.
Ия сол Ұлы Отан соғысына біздіңде ауылымыздан қатысқан батырларымызда бар екен ия?
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласын қулатып, 9 мамыр күні Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғысы аяқталды.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар: 1.Барлығы-11600 2.Қазақстандықтар-497, 3.Қазақ қыздары-2.
Ұлы Отан соғысы батырларының қатарында Кеңестік жүйенің шовинистік сұрқия саясатының кесірінен ерлігі мұндаға дейін дұрыс бағаланбай, көпшілік арасында талай тартыс тудырып келген асыл азаматтардың бірі -Рақымжан Қошқарбаев.
Ұлы Отан соғысында рейхстагқа ту тігіп, алғаш рет ұлы жеңістің жалауын желбіреткен батырдың ерлік істері өзге ұлттарды кемсітіп, тек өзінің ғана жетістігін насихаттап үйренген Кеңестік өркөкірек өзімшіл жүйенің сол кездегі билік басындағы шолақ белсенділері жоққа шығарып келді. Ал шындығында халқының даңқты ұлы Р.Қошқарбаев соғыста қандай ерлік жасағаны жайлы баяндамашыға сөз береміз
5. Баяндамашы. 10 сынып оқушысы _____________
6. Деректі фильм Р.Қошқарбаев
7. Соғыс жайлы арнау, өлең шумақтары, монолог оқу
8. 1 минут үнсіздік
9. Р.Қошқарбайевтің балалық шағы туралы Жапар Медет пен Жапар Аділет айтып береді.
10. Тағдырлы хаттар бағдарламасы (бейне фильм)
11. Сабақты қорытындылау. (Сөзжумбақ шешу)
АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы А.Истамбеков