Просмотр содержимого документа
«разработка открытого урока по казахскому языку по теме "Бізді? отбасымыз"с руским языком обучения»
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың біздің отбасымыз тақырыбы шеңберінде білімдерін толықтыру, үндестік заңын еске түсіру.
ә)Оқушылардың логикалық ойлау, ауызекі сөйлеу тілдерін және ой-өрістерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) Қазақ халқының отбасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін таныту арқылы үлкенге құрмет көрсетуге, кішіпейілділікке, ізеттілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сөздерді тиісті орнына қойып, отбасы тақырыбына мақал-мәтелдер құраңыздар.
тау, әке, асқар
бұлақ, ана, бауырындағы
жағасындағы, бала, құрақ (2-3минут)
тон, ана, пішер, көрген,
ата, оқ, көрген, жонар
Мына мақал – мәтел не туралы? (Отбасы)
Отбасы құрамына кімдер кіреді? (5 минут)
Оларды кім деп атаймыз?
Тыңдалым. – Ал, балалар, қазір біз мәтінді мұқият тыңдаймыз.
Біздің отбасымыз
Біздің отбасымыз онша үлкен емес. Отбасымызда 4 адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Біз Алматыда тұрамыз. Менің атым – Ерасыл. Мен 12 жастамын, 6-сыныпта оқимын. Әкемнің мамандығы – экономист. Жеке меншік фирмасы бар. Анам – балалар дәрігері, №1 емханада жұмыс істейді. Ол 42 жаста, әкемнен екі жас кіші. Ағамның аты – Дәулет. Жасы 22-де, Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Оның болашақ мамандығы – заңгер. Менің атам мен әжем бар. Олар ауылда тұрады. Олардың 6 немересі, 2 шөбересі бар. Мен жазғы демалыста атам мен әжемнің үйіне барамын. Біздің отбасымыз өте тату. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер
1. Олардың отбасы үлкен бе?
2. Ерасыл неше жаста?
3. Әкесінің мамандығы қандай? (2-3 минут)
4. Анасы кім болып жұмыс істейді?
5. Ерасылдың ағасының аты кім? Қайда оқиды?
6. Ерасылдың атасы мен әжесі қайда тұрады?
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер
1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Отбасыңда қанша адам бар?
3.Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді? ( 3минут)
4.Сенің апкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
5. Олар неше жаста?
6.Олар не істейді?
Жазылым.Грамматикалық тапсырма.
Үндестік заңы бойынша сөз тіркестеріне тәуелдік жалғауын дұрыс жалғап жазыңдар.
Ағамның етік...
Анамның кітап ... (5 минут)
Әжемнің тарақ ...
Тілдесім. Диалог.
(5 минут)
Оқылым.Мәтінді оқыңдар.
(5 минут)
Менің атам мен әжем
Атам мен әжем ауылда тұрады. Олардың үш ұлы, төрт қызы бар. Менің әкем – ұлдарының кенжесі. Атам мен әжемнің он екі немересі бар. Мен немеренің ішіндегі қыздың кенжесімін. Мен жазда атам мен әжемнің үйіне барамын. Үйдің алдында үлкен бақ бар. Бақта түрлі жеміс ағаштары өседі. Жазда біз бақта жұмыс істейміз. Кешке жақын бәріміз жиналып, атамның әңгімесін тыңдаймыз. Біз атам мен әжемді өте жақсы көреміз.
Айтылым. Берілген мақал - мәтелдердің мағынасын ашып, түсіндіріп беріңдер.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. (5 минут)
______________________________
______________________________
______________________________
Сабақты қорытындылау:
Тест
Отбасы мүшелерін атаңыз
а)қалам, дәптер, оқулық
ә) әже, ата, аға
б) сатушы, мұғалім, инжинер
2. «Атаның баласының баласын» табыңыз.
а) бала (3 минут)
ә) шөбере
б) немере
3. Отбасының иесі кім?
а) әже
ә) отағасы
б) көрші
4. Үндестік заңы бойынша дұрыс жалғанған көптік жалғауды тап.
а) сыныптер
ә) кітапдар
б) оқушылар
5. Дыбыс үндестігіне бағынып тұрған сөзді тап.
а) сыныпың
ә) сыныбым
б) сыныпы
Бағалау. (3 минут)
Үй тапсырмасы:Отбасы туралы шағын әңгіме құрастыру. (2 минут)