1-тапсырма. «О?у ??ралдары» м?тінін о?ып, мазм?нын айтып бері?дер.
Омоним болатын с?зді табы?дар.
2 – тапсырма. Кестемен ж?мыс
№
О?у ??ралдары
?андай?
Пайдасы
1.
С?мке
?лкен, ?ызыл, ?ара
О?у ??ралдарын саламыз.
К?ру диктанты
О?у ??ралдарыны? айтысы
Бір к?ні о?у ??ралдары жиналып: «Кімні? о?ушы?а пайдасы к?п?»- деп айтысыпты. Сонда кітап: «Е? пайдалысы мен, барлы? білім менде жазулы,»- деген екен. Ал ?алам шыдай алмай:
- Мен болмасам, са?ан білімді ?алай жазады? – деп ай?ай салыпты. Б?рі ?ызыл ке?ірдек болып айтысып жат?анда, о?ушы келіп: «Барлы?ы? да мені? сенімді к?мекшімсі?дер, сендер болмаса?дар мен білім ала алмас едім,» - депті.
Ережемен ж?мыс
Жазылуы бірдей, ма?ыналары бас?а с?здер омоним деп аталады. Мысалы:
Просмотр содержимого документа
«разработка урока на тему "О?у ??ралдары. Омоним." »
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары. Омоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
омонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: омонимдерді меңгеру, оқу құралдары жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3- тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Оқу құралдары» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Омоним болатын сөзді табыңдар.
2 – тапсырма. Кестемен жұмыс
№
Оқу құралдары
Қандай?
Пайдасы
1.
Сөмке
үлкен, қызыл, қара
Оқу құралдарын саламыз.
Көру диктанты
Оқу құралдарының айтысы
Бір күні оқу құралдары жиналып: «Кімнің оқушыға пайдасы көп?»- деп айтысыпты. Сонда кітап: «Ең пайдалысы мен, барлық білім менде жазулы,»- деген екен. Ал қалам шыдай алмай:
- Мен болмасам, саған білімді қалай жазады? – деп айқай салыпты. Бәрі қызыл кеңірдек болып айтысып жатқанда, оқушы келіп: «Барлығың да менің сенімді көмекшімсіңдер, сендер болмасаңдар мен білім ала алмас едім,» - депті.
Ережемен жұмыс
Жазылуы бірдей, мағыналары басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы:
Ара - 1. пчела 2. промежуток 3. пила
Қара - 1. черный 2. смотри Түс - 1. цвет 2. слез 3. сон 4. Обед