Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5-Т сақтау керектігін айтып өту. Тыныштық. Тазалық. Тәртіп. Татулық. Талап. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түпкір – түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын....Нұр менің ішімде....Мен нұрмын» Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет. Сыртқы интеграция: Қалқанша без-мойында көмекейдің алдыңғы жағында орналасқан,өзара байланысқан екі бөліктен тұратын пішіні таға тәрізді ірі без.Ол бірқатар гармондар бөліп шығарады.Олардың ішіндегі негізгісі тироксин зат алмасуды реттейді,органикалық заттардың тотығу процестеріне ,даму,өсу процестерін реттеуге қатысады.Тироксин құрамында-иод болады.Ересек адамда қалқанша бездің гармондары жеткіліксіз бөлінсе,микседеми (грек.туха-шырын және oidema-ісіну,ісік) ауруы дамиды.Дене температурасы,жүрек іс-әрекеті төмендейді.Тері астына су жиналады.Тері ісінеді және құрғайды.Шаш түседі әрі сирейді.Адам енжар ,селқос болып,ойлауы мен сөйлеуі төмендейді.Егер тағам құрамында иод жетіспесе ,адамда эндемиялық зоб ауруы пайда болады. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болса «кретинизм» (ақылы кем) ауруына шалдығады. Адам тәулігіне 0,15-0,20 мг иод қабылдауы керек.Біздің республикамызда иодтың тәуліктік мөлшерін толтыру үшін иодталған тұз,иодталған су,иодталған нан сатылады. Елімізде қалқанша без ауруының алдын алу мақсатында топырағы мен суының құрамында иод жетіспейтін аймақтарда тұратын оқушылар мен балабақша балалары иодамарин қабылдауы тиіс. Ішкі интеграция: Қиянат жасамау –Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет және ішкі тыныштықтың іс жүзіндегі тәтті жемісі . Қиянат жасамау барлық адамгершілік қасиеттерді қамтиды. Қиянат жасамау зиян келтірмеу дегенді ғана білдірмейді, ол – басқа адамдардың қайғы-қасіретін жеңілдету үшін әрекет жасау. Қиянат жасамау-ешкімге қиянат жасамаудан,барлығына сүйіспеншілікпен көмектесуден,дұрыс әрекет жасаудан,ішкі тыныштықты сақтай отырып ,жалқаулықты қадағалай алудан,барлығына риясыз сүйіспеншілікпен қараудан тұрады. Өзіңе қатысты қиянат жасамау – бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау: Өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат; Жаман сөз есту – құлаққа қиянат; Барлығынан жамандық көру – көзге қиянат; Жаман иіс иіскеу – мұрынға қиянат; Жаман әрекет жасау – тәнге қиянат. Қиянат жасамау иод тәрізді кез – келген адамның бойында бар қасиет.Біз тек оны өмірде қолдана білуіміз қажет. Ересек адамдарда қиянат жасамау құндылығының жетіспеушілігінен бір-біріне қатал көзбен қарау,тас бауырлық яғни жаны ашымау,ешкімге көмектеспеу,қоршаған ортаны қорғамау,қоғамға зиян келтіру ,сүйіспеншілік танытпау,басқалар туралы жаман ойлау секілді ауруға,жаман қасиеттерді бойына сіңіруге әкеліп соқтырады.Бұл дегеніміз жеке тұлғалық,қоғамдық ,экологиялық дағдарысқа жол ашу деген сөз.Ал балаларда кішіпейілдіктің жоқтығы ,қамқорлықты сезінбеуі,мейірімділік пен жанашырлықтың төмендігі ,үлкенге -құрмет,кішіге- ізет көрсетпеу,әділеттсіздік ,мейірімсіздік ,өзімшілдік қасиеттері жетіспеуінен олар қатігез болады,қоғамда төменгі сатыдағы ашушаң,мейірімсіз,қатігез адамға айналады.Оның достары болмайды,ешкім оған сенбейді,ол жалғыз қалады,әлсіз болады,қолдайтын,қорғайтын ешкімі болмайды.Бұл дегеніміз-осы өмірде өз орныңды жоғалтуға әкеліп соқтырады. Бұдан шығудың жолы: Бұл әлемде өмір сүріп жатқаның ақиқат.Енді осы өмірде дұрыс жолмен жүріп,ар-ұятыңды сақтап,жақсылық жасасаң сүйіспеншілікке бөленесің.Ішкі тыныштығың орнайды.Ішкі тыныштығың орнаған соң сабырға келесің жақсылық жасап,ішкі тыныштығыңды сақтап,сабырға келсең оның жемісін көресің. Сонда ешкімге қиянат жасамайсың.Жақсылық жасасаң жемісін көресің, қуанасың,шабыттанасың. Ешкімге зиян келтірмеуге тырысыңдар.Бұл-жан жүрегіне салынған жараның жазылуы қиын болады.Барлығына бауырмалдық таныт.Қоршаған ортаға қамқорлық жаса,кешіре білуге үйрен. Адам өмірінде түрлі жағдайлар болады.Сол кезде эмоцияға берілмей , сабыр сақтап,жақсы мен жаманды ажыратсаң,жүрегімізге сүйіспеншілік келеді шабыттанасың.Жақсы жолды таңдау арқылы дұрыс жол таба аласың. Ол үшін жүрегіміз сүйіспеншілікке толы болу керек. Жақсы болыңдар! Жақсы нәрсе туралы ойлаңдар! Жақсы нәрсе айтыңдар! Жақсы нәрсе тыңдаңдар! Жақсы нәрсе көріңдер! Жақсы әрекет жасаңдар! Бақытқа жеткізер жол- осы! Сонда сені барлығы жақсы көреді,достарың көп болады,қоғамда жоғары саналы азамат боласың,барлығы саған сеніммен қарайды, қолдайды.Қажет сәтінде қасыңнан табылады,көмек қолын созады.Саған-аға,іні,бауыр,әке,ана,дос бола алады. Қоғам жақсарады,барлығы мейірімді,жанашыр,адал,кішіпейіл болады,бір-бірлеріне бауыр болады,әлемге тараған сүн сәулесі секілді риясыз сүйіспеншілік болады.Тек соған сен ,үміттен,ешкімнен көмек қолыңды аянба,мүмкіндігінше қолыңнан келгенше жақсылық жасай бер.Жақсылықтың үлкен –кішісі болмайды.Жасаған кішкентай жақсылықтың өзі үлкен қуаныш әкеледі.Жаныңды рақатқа бөлейді.Барлығы сені құрметтейді.Ол үшін бойымыздағы асыл қасиеттерімізді іште тұншықтырмай өмірде қолданып,жақсылық жасаудан шаршамайық. Мұғалім сыйы. «Жақсылық атаулының үлгісі» (Бейнефильм) Үлкен жол үстінде қария жолдан өту үшін,бағдаршамның алдында «өтуге болады» белгісін күтіп тұрған болатын.Ол өздігінен жүре алмайтын тіреуіш темірдің көмегімен жүретін адам.Кенет қасына жас көзі көрмейтін,қара көзілдірік тағынған , сүйенген балдағы бар жас жігіт келіп тұрады.Қария оған бір қарап шығады.Сол кезде оның бір аяқ киімінің бауы шешіліп қалғанын көреді.Сөйтіп тұрып ойға шомып кетеді.Бағдаршамның жасыл түсі жанып ,жаңағы жігіт жолды кесіп өтіп бара жатып ,әлгі аяғының бауын екінші аяғымен басып кетеді де құлап түседі.Қария шошып кетеді.Сөйтсе ол ойланып тұр екен.Қария жерге отырып өзі сал бола тұра жаңағы жас жігіттің бауын таққалы жатады. Жігіт түсінбей қалады.Сөйтсе қария екен.Өзі де жерге отыра сала бауын бірге қадайды.Сөйтіп жолдан бірге өтеді. 1.Қария қайда келді? 2.Ол қандай кісі? 3.Ол жерде кімге жолықты? 3.Қарияны не алаңдатты? 4.Жас жігітке қария қандай жақсылық жасады? 5.Сендердің де осындай жақсылық жасаған кездерің болды ма? Үйге тапсырмасы. «Мен жарқын болашақта қаланушы кірпішпін...» тақырыбына эссе жазып , сурет салып келу. Дәптермен жұмыс.Кестені толтыру. Оқулықпен жұмыс.10 сабақ.Қалқанша без.Оқып келу Жақсы адамдар Әні мен сөзі: А. Оралов Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар. Табаныңның астында жатады әлі Пенделіктен өресі аспағандар.
Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар, Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Жақсы адамдар. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар, Жолы болсын ақ ниет бар адамдар! Сендер аман болыңдар жақсы адамдар, Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы: Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар, жақсы адамдар Қарап өтсін сендерге басқа жандар Жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар, жақсы адамдар, Сендер аман болыңдар жақсы адамдар. Жақсы адамдар. |