kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін - өзі тану пінінің биология пәнімен ықпалдасуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін - өзі тану пәнінің биология пәнімен ықпалдасуы 

Тақырып: Құлақ. Құлақтың құрылымы 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін - өзі тану пінінің биология пәнімен ықпалдасуы»

«Өзін – өзі тану» пәні мен кіріктірілген биология

пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: Майбұлақ ЖОМ

Мерзімі:29. 09. 2016ж

Тақырып: Есту мүшесі. Құлақ құрылымы

Мұғалім: Г. Турлыбаев

Сынып: 8

Оқушылар саны: 27

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Кешірімшіл болу; шынайылық; адамдарға риясыз қызымет ету

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есту мүшесінің қызыметімен таныстыру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Ресурстар (құралдар, мәліметтер, қалам, қағаз, жұмыс дәптері, бейне материялдар

Сабақтың барысы:

Білімділік;

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып кешірімшіл болуды түсіндіру.

Дамытушылық;

Есту арқылы сөйлеуін және ойы мен тілін дамыта отырып, шынайылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік;

Адамдарға риясыз қызымет етуге тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Оқушылармен сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңынды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Сыртқы интеграция:

Адамдардың бес сезім мүшесінің бірі, есту мүшесі арқылы қоршаған ортадан әр түрлі дыбыстарды қабылдау арқылы қарым – қатынас жасайды. Есту мүшесі арқылы адам дыбыс пен тепе – теңдікті сезінеді.

Естіген нәрсені үш електен өткізу керек

  1. Шындық

  2. Мейірімділік

  3. Қажеттілік


Есту мүшесіндегі құлақтың құрылымы:

Сыртқы құлақ


Құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы:

Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағы арқылы ортаңғы құлаққа өтеді.


Ортаңғы құлақ


Дабыл жарғағынан кейін басталады;

Ол самай сүйекшелерінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады,



Ішкі құлақ


Қуыстар мен иірім өзекшелері (лабиринт)

Күрделі шытырман жүйесі сыртқы сүйекті, ал ішкі жарғақты шытырман деп аталады.




Мысалы:

Дыбыс толқынының таралу жолдары;


Дабыл жарғағының тербелісі



Есту сүйекшелерінің тербелісі



Ұлуденедегі сұйықтықтың тербелісі



Есту рецепторының тітіркенуі



Жүйке қозу толқынының пайда болуы


Ішкі интеграция:

А. Маслоу адамның өзін – өзі маңыздандыруға көмектесетін әдістерді суреттей отырып, « өзіне – өзі құлақ салу», яғыни, өздігінен ойға шому, сыртқы әлемнің дауысын өшіріп, "ішкі дауысты" оның тереңде болып жатқан реакцияға көңіл бөлу. Жан дүниесінде болып жатқанды тыңдай білу, өз сәйкестігімізді табуға көмектеседі деген.


Жоғарғы сана

Бес сезім мүшесі Интуиция







Эмоция




САНА



Дұрыс

қабылдау



Түпкі сана




ӘЛЕМ




  • Оқыту, ойлау және түсіну – осының бәрі бес сезім мүшелері арқылы сананың ішінде жүретін үдерістер.

  • Олардың екеуі көру және есту ақпарат алудың маңызды жолдары болып табылады.

  • Бес сезім мүшелері арқылы ақпарат сыртқы әлемнен түпкі санаға түседі де «кейде саналы түрде, кейде бейсаналы» болып түседі.



Әңгімелесу (мұғалім сыйы)

Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болмау керек; екіншісі – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

(Абай Құнанбаев отыз бірінші қара сөзі)

  1. Абайдың отыз бірінші қара сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Көкірегі берік байлаулы болмауы керек деген сөзді түсіндіңдер ме?

  3. Ғибрәтләну, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. «Ой кеселі» деген нәрселерден қалай қашық болу керек? (Өмірден мысал келтіріңдер)

  5. Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себепке (өз өмірлеріңнен) мысал келтіріңдер.


Қорытынды

«Құлақтан кіріп бойды алар»...

Абай Құнанбаев

Қлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәттікүй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.


Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып.

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.


Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға.

Біреу түртсе, я қақса,

Бой тоқтамас жасқауға.


Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді тіргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар қып жүргізер.


Есіткендей болады

Құлағы ескі сыбырды.

Ескі ойға көңілім толады,

Тірілтіп өткен құрғырды.


Ішіп терең бойлаймын,

Өткен күннің уларын.

Және шын деп ойлаймын,

Жұрттың жалған шуларын.


Тағы сене бастаймын,

Күнде алдағыш қуларға.

Есім шығып қашпаймын,

Мен ішпеген у бар м а?

Су анасы - бұлақ, сөз анасы – құлақ дегендей, естіген сөздің барлығы шындық емес. Яғыни, бес сезім мүшесін, бес құндылықпен байланыстыра отырып дұрыс әрекет жасау.


Үй тапсырмасы: Есту мүшесінің гигиенасы.

  1. Есту мүшесінің гигиенасын қалай сақтауға болады?

  2. Есту мүшесінің құрылымын талдап жазыңдар?

  3. Құлақты қалай күту керектігі туралы мысал келтіріңдер?

  4. Дыбыс сүйекшелері құлақтың қай бөлімінде орналасқан?


Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Көздеріңді жұмып, бүгінгі сабақта өткен кезеңдерді естеріңе түсіріңіздер. Қандай жақсылықты білдік соны жүректеріңе сақтап алыңдар.


Сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік бар жерде,

Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік, Сүйіспеншілік бүкіл әлемде.




Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Биология пәнінің оқулығы, 8 сынып.

  2. Биология әдістемелік құралы, 8 сынып

  3. Өзін – өзі тану оқулықтары.

  4. Абай Құнанбаев «Қара сөздері» жинағы.



Мұғалім: Г. Турлыбаев



Төлеби ауданы «Майбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – нің Ұйымдастырушы педагог және өзін – өзі тану пәні мұғалімі


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Өзін - өзі тану пінінің биология пәнімен ықпалдасуы

Автор: Турлыбаев Гаухарбек Мухтарханулы

Дата: 04.02.2017

Номер свидетельства: 387603


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства