kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өзін-өзі тану" пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Өзін-өзі тану" пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өзін-өзі тану" пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы.»

Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар

тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға

сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.

Ш.А. Амонашвили



«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған Биология сабағының жоспары

Тақырыбы: Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: сүйіспеншілікпен және тәртіппен қызмет ету, азаматтық жауапкершілік.

Сабақтың мақсаты: Сүйек типтері, олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылықтары арқылы меңгерту.

Күтілетін нәтиже:

А) Сүйек типтерін атайды.

В) Сүйек типтері және олардың байланысуын біледі.

С) Сүйек типтері олардың бір-бірімен байланысу ерекшеліктерін мысал келтіре отырып дәлелдейді

Сабақтың міндеттері:

1. Адамның қозғалыс жасап өмір сүруі үшін мықты және түзу өскен сүйектеріне әр бала азаматтық жауапкершілікпен қарау керектігін ұғындыру.

2. Бала сымбатты болу үшін сүйектердің бір-бірімен байланысуын нығайтып шынықтыруда тәртіппен қызмет етуге баулу.

3. Адамның қозғалуына, жүгіруіне, еңбек етуіне мүмкіндік беретін сүйектердің иілгіштік, беріктік қасиеттеріне сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы.

Сыртқы интеграция: (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Тұсау кесер. «Өзін-өзі тану» пәнінің 5-Т әдісімен ұйымдастыру кезеңі басталды.

5-Т: Тәртіп; Талап; Тыныштық; Татулық; Тазалық.

Сұрақ қою әдісі бойынша алдымен түрткі сұрақтар қойылады:

1.Сүйек ұлпасы қандай құрылым құрайды?

2. Сүйек қандай қаттардан тұрады?

3. Сүйекке беріктілік және иілгіштік қасиет беретін қандай заттар?

Ішкі интеграция:(жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау).Үй тапсырмасын сұрағанда – Сүйектердің иілгіштік және беріктік қасиеттерін «Иілгенге иіл, құлы болмайсың» мақалын адамның бір-біріне кішіпейілдік танытып, сүйіспеншілікпен қарым-қатынас жасау дұрыс әрекетке жетелейтіні, адамның бір біріне қайырымдылығы,сүйіспеншілік сыйластығы айтылады. Сонымен қатар сүйекке беріктілік және иілгіштік қасиеттерін ішкі интеграция адамның бойындағы қасиеттермен байланыстыру.

Мыс: «Айтқан сөз атылған оқпен тең». Адамның азаматтық жауапкершілік қасиеті өзінің берген уәдесіне берік болу.

«Иілгенге иіл, құлы болмассың»Адамның бір біріне қамқорлығы, сүйіспеншілік сыйластығы.

Негізгі бөлім. «Алтын балықтың аквариумы» жаңаны меңгеру.

  • Адамда қандай сүйек типтері болады? Оларға сипаттама бер.

  • Сүйектердің байланысуы қалай болады?

  • Қоғалмайтын, жартылай қозғалмалы, қозғалмалы байланыс жасайтын сүйектерді ата.

Сабақтың дәйексөзі: «Иесін сыйлағанның итіне сүйек сал!»

Оқушыларға дәйек сөз айтылады да оқушылардың мағынасын ашу сұралады.

Бірлігі жарасқан, бір бірін сыйлай білетін отбасы, ру, елмен дос бол деген мағынада.

Дәйексөздің мағынасын дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері арқылы ашу. Дұрыс әрекет құндылығының қасиеттері адам бойынан ашылса, өмір бойы адамның өзімен бірге болады.Ол қасиеттер адамның шыдамды, қайратты болуына көмектеседі.

Топтық жұмыс (Сыртқы интеграция) – екі топтың тапсырма орындауы. Шығармашылық жұмыста тәртіппен қызмет ету.

Жаңаны меңгеруге уақыт белгіленеді, жұптарымен талқылайды. Талқылап болған соң балықшылар жаңа меңгерген тақырып бойынша сұрақтармен балықтарды қоректендіреді. Кейін алтын балықтар өз сұрақтарын балықшыларға қояды, яғни балықшылар алтын балықтың қалауларын орындайды. Сабақ толығымен мақсатына жету үшін сұрақ қою техникасы бойынша жетеленіп отырады.

Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма §25 деңгейлік сұрақтарға жауап беру. Сонымен қатар мына нақыл сөздердің мағынасын ашу.

«Таяқ сүйектен өтер, сөз сүйектен өтер»

«Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді»

Сабақтың қорытынды сәті: (Сыртқы интеграция) Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Оқушылар тыныштық сәтінде өз орындықтарында дене сымбатының бұзылуын алдын алу мақсатында орындықта дұрыс отыру тәртібі бойынша арқаларын отырғыш белдемесіне тигізіп тік отырыс жасап, көздерін 1 минутқа жұмып өз тұлғаларын ең сымбаты тұлға екенін көз алдарына елестетіп отырады.

Қорытынды: (Ішкі интеграция) Бүгінгі биология сабағында адам сүйегінің қасиеттері оның сүйіспеншілікпен және тәртіппен қызмет етуіне, азаматтық жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретіні дұрыс әрекет жасауға апаратыны дәлелденді. Сондықтан адамның тән байлығы мен жан байлығы тығыз байланысты.





БҚО Ақжайық ауданы

Абай ат.мектеп-гимназия

Мұғалімдер:АбишевМ.М –биология пәні,

Имангалиева Г.А – «Өзін-өзі тану» пәні




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Өзін-өзі тану" пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы.

Автор: Имангалиева Гульнар Аккубашевна

Дата: 31.03.2017

Номер свидетельства: 405275


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства