Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәні. Тақырыбы: "Мінез-адам көрсеткіші"»
Мектеп:Благодар орта мектебі
Мерзімі:07.02.2016ж
Тақырыбы:Мінез-адам көрсеткіші
Құндылық:ішкі тыныштық
Қасиеттер:сабырлылық,ұстамдылық,адамгершілік.
Мұғалім:Қасымхан Лаура
Сынып:9а
Сабақ:14
Оқушылар саны:20
Мақсаты: Оқушыларға мінез адамның ең негізгі көрсеткіші екенін түсіндіре отырып,ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: - сабырлылық қасиетін ұғындыру, - ұстамдылық қасиетін дамыту; - сабырлылыққа,ұстамдылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу. Ресурстар:оқу құралдары,компьютер,үнтаспа.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Тыныштық сәті ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІҮ. Әңгіме /мұғалімнің сыйы/ Ү. Дәйексөз ҮІ. Шығармашылық жұмыс Ү. Топтастыру ҮІ. Ән айту ҮІІ. Арт - терапия ҮІІІ. Қорытындылау ІХ. Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру. 2. Тыныштық сәті :Нұрға бөлену - Балалар, тыныштық сәтінен алған әсерлерің қандай? - Ендеше, осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. 3. Үй тапсырмасын сұрау.70-74 беттегі мәтінді оқу. - Неліктен «Мінез – адам көрсеткіші болады» деп ойлайсыңдар? - Адамның жақсы мінезіне не жатады? - Мінезі жаман адамда жақсы қасиет бола ма? - Жаман мінезді қалай түзеуге болады деп ойлайсыңдар? - Мәтіннен қандай ой түюге болады? - Өз бойыңдағы мініңіз туралы ойланып көрдің бе?
4. Мұғалімнің сыйы. «Әке мен бала» әңгімесін айтып беру. Бір адамның мінезі шорқақ, кім - көрінгенге ұрынып жүретін сотқар ұлы болыпты. Оның мінезін қайтсем түзеймін деп басы қатқан әкесі бір күні ұлына айтады: бүгін күні бойы неше адамды ренжітсең, мына есікке сонша шегені қағып отыр». Сөйтіп бір апта өтеді. Ұлы әкесіне: «Әке, айтқаныңызды орындадым. Есікке шеге қағатын орын қалмады» дейді. Әкесі: «Балам, енді сол ренжіткен адамдарыңнан кешірім сұра, әлгі адамның кешірімін алған сайын шегені суырып отыр» дейді. Бір апта өтеді, бір ай, екі ай, уақыт өте береді. Бір жыл өткенде баласы әкесіне шегелердің бәрін алып тастағанын қуана хабарлайды. Сонда әкесі баласына: «Енді мына есікке қарашы, нені көріп тұрсың?... - Осы әңгімеден не ой түйдіңдер?
5. Дәйексөз Оқушылар тақтада ілінген дәйексөзді хормен оқиды: Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе – ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады. Ж. Баласағұни
- Нақыл сөзді дәптерлеріңе жазып алыңдар.
6. Шығармашылық жұмыс Оқушыларға фишкаларды таңдау ұсынылады (жапырақ, гүл, жұлдыз). Тапсырма: Жақсылық – жан жадыратады тақырыбын қорғау. Жапырақ таңдағандар - Суретшілер тобы / сурет салу/, Гүл таңдағандар – Ақындар тобы /өлең шығару/, Жұлдыз таңдағандар – Актерлар тобы/Көрініс қою/ - ойлануға 5мин. беріледі.
7. Ән айту. М. Мақатаевтың «Бақыт деген» әнін оқушылар орындайды./музыкамен бірге/ 8. Үйге тапсырма:70-74-бет 15-сабақ
9.Соңғы тыныштық сәті:Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерің мен ойларыңды жрегімізде сақтап,көкейімізге түйіп алайық.