Мақсаты: ақын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет бере отырып ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту;
Жалпы мақсат: Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Тақыптың негізгі идеясын түсінеді,білім, білік, дағдылары қалыптасады. Сөйлеу тілдері дамиды.
7 модульдің қолданылуы: АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Миға шабуыл,Ыстық орындық, Синквейн. Хронологиялық кесте , Дұрыс-дұрыс емес, тест.
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, компьютер.
Ұйымдастыру кезеңі: «Жүректен –жүрекке» тренингі. Оұушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
«Ыстық орындық» әдісі бойынша ҰБТ-да кездесіп қалатын сұрақтарға жауап берейік.
Әр оқушы бір сұрақтан дайындайды. 5 оқушы кезектесіп қатысады.
Жаңа сабаққа көшу: Балалар, мына өлең шұмақтарын кім жазды? Кім біледі?
Екі ішектің бірін қатты,
бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра! Тұманбай Молдағалиев,
Бүгінгі сабақтың тақырыбы; Қадыр Мырза Әли «Домбыра» өлеңі және Тұманбай Молдағалиев «Студент дәптері» өлеңдер жинағы.
Білімленд сайты бойынша Қадыр Мырза Әли ақын туралы білуге шақырамын. Видео аяқталғаннан кейін тапсырмалар беріледі. Сондықтан мұқият болыңыздар.
оқушылар қарап шығып , тапсырмаларды орындайды. Бағалау қағаздарына дұрыс жауапты белгілеп отырады.