1. Тепловоздың іштен жану қозғалтқышының жұмыс жасау принципі
2. Кривошипті шатунды – механизм
3. Жанармайды жағу тәсілдері
4. Дизельдерде қоспаға айналу әдістері
5. Дизельдердің техникалық мінездемесі
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Ә.Қартабаев: Төрт тактілі дизель дегеніміз – ауаның цилиндрге түсуі, жанармайдың араласуы және жануы, газдың кеңеюі және оларды цилиндрден шығарып тастау жұмысы – поршеннің төрт жүрісінен (тактісінен) анықталады. Екі тактілі қозғалтқыштардағы толық жұмыс циклі поршеннің екі жүрісінен анықталады.
Төрт және екі тактілі дизельдердің жұмыс циклі.
Термодинамикалық цикл сияқты іштен жану қозғалтқышының әсер ететін циклін р – V координатасымен белгілеуге болады. Мұндай тәсілмен пайда болған диаграмма индикаторлық деп аталады, одан бір цикл ішінде цилиндрдегі қозғалтқыштың жұмысын анықтауға болады.
15-сурет. Төрт тактілі дизельдердің жұмыс принципі
Екі тактілі дизельдің жұмыс циклі.
Поршеннің оңнан солға қозғалысы кезінде цилиндрдегі ауаның сығылуы а нүктесінен басталып с нүктесіне дейін жалғасады (16 – сурет). Иіндібіліктің 16 – 250 бұрылысынан поршеннің сол жақтағы соңғы жағдайына дейін цилиндрге форсунка 3 арқылы жоғарғы қысыммен сығылған ауамен бірге
Сергіту сәті: 2ТЭ10МК, 2ТЭ10М, ТЭМ2, ТЭП70, ТЭ3 тепловоздары берілген. Осы тепловоздардың дизельдерін (7FDL, 10Д100, Д50, 2А-5Д49) орналастыр. Сергіту сәті планшетте орындалады. Дизельдерді дұрыс әрі тез орналастырған студент тақтаға орындауы керек.
Ә. Қартабаев: Біз бүгінгі сабағымызда дизельдегі жану процесінің жұмысымен таныстық. Жану процесі жанармай қоспасымен жүзеге асқанымен, оған дейінгі және одан кейінгі жұмыстар электрлі берілісті. Қазір дизельді іске қосу кезіндегі электр тогының жүрісімен "Электротехника" пәнінің мұғалімі түсіндіреді.
Ж.Абенова:Дизельді іске қосу мен бос жүріс кезінде электрлік сызба жұмысы. Дизельді автоматты түрде іске қосу тізбектерін қоректендіруге дайындау үшін тепловоздың үш секциясындағы аппаратты камерадағы аккумуляторлы батареялардың ажыратылуын қосыңыз ВБ. Ол кабинаның орта жағында орнатылған автоматтан А5 Дизельдің жұмысы автоматын қосыңыз. А4 Жанармай сорабы содан соң басқару пультіндегі жетекші секцияны тежеуді блоктау БУ тұтқасын орнатыңыз. Автоматтан Басқару автоматын қосыңыз. Контроллердегі КМ реверсивті механизмінің тұтқасын қандайда бір жұмысшы жағдайға Алға немесе Артқа қойыңыз. ТН1 (Жанармай сорабы) тумблерін қосқаннан кейін жетекші секция қоректенеді және КТН контакторы қосылады. КТН катушкасы 1/4(+) қысқыш бойынша қоректенеді. Келесі операциялар дизельді қосу автоматты түрде орындалады. Тек қана «Дизельді іске қосу» (ПД1) батырмасын бассақ жеткілікті. Содан соң РУ6 реле қосылады, осыдан кейін тізбек бойынша 11/2 «+» қысқыш, Басқару автоматы, ВУ тежегішті блоктайтын тұйықталған контакт және реверсивті механизмнің контроллерін Алға немесе Артқа (1222,1242) жағдайында, ПД1 батырмасы (1236, 318), резистор СУ1 (324,342), РУ9 (342,337), РУ9 ажырататын реле контактісі, КТН тұйықталатын контакт (372,327), РВ2 (327,334) реле контактісі ажыратылған кезде уақытты ұстап, одан әрі РУ6 реле катушкасы қосылады. РУ6 релесі бір тұйықтайтын контакт КМН контакторын іске қосады және біртіндеп РВ1 уақыт релесін, одан әрі келесі қоректендіру тізбегінен автоматты түрде (А5 автоматынан) дизель іске қосылады.
Бекіту:
Promethen Activstudio бағдарламасында дайындалған сұрақтар:
1. Екі тактілі дизельдің жұмысы?
2. Төрт тактілі дизельдің жұмысы?
3. Дизельдің поршені оңнан солға қарай қозғалған кезде енгізу клапаны ашылып, сол атмосферадағы ауа ... түседі. (Көп нүктенің орнына сөзді тауып, орыс,ағылшын тілдеріне аударып, неше тактілі дизельдің қай тактісі екенін тап) цилиндр, төрт тактілі, 1-такт
4. Поршеннің бұл жүрісінде ... іске асады. (Көп нүктенің орнына сөзді тауып,неше тактілі дизельдің қай тактісі екенін тап) жанармайдың жануы, төрт тактілі, 3-такт
5. Поршень оңнан солға қарай қозғалады, шығару ... жабылады, цилиндрде ауа сығылады. (Көп нүктенің орнына сөзді тауып, неше тактілі дизельдің қай тактісі екенін тап)
клапан, төрт тактілі, 2-такт
Бағалау:
Студенттерді үй тапсырмасы мен жаңа сабаққа қатысы, жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруінің нәтижесіне қарап бағалаймын.
Үй тапсырмасын беру:Екі тактілі және төрт тактілі дизельдер туралы ғаламтор желісінен қосымша мәліметтер жинақтау.