kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок на тему: "ШЫЛАУЛАРДЫН ЕМЛЕСI"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шылаудың түрлерін, ерекшеліктерін, емлесін оқушыларға меңгерту, шылау мен жалғаудың айырмашылығын ұғындыру.

Алған білімдерін пысықтау арқылы баланың ой-өрісін, сауаттылығын дамыту.  Тез ұтымды пікір қалыптастыруға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему: "ШЫЛАУЛАРДЫН ЕМЛЕСI"»

Пәні

Қазақ тілі

Сыныбы

6 сынып



Мұғалім

Баялбай Елдар

Сабақтың тақырыбы

Шылаулардың емлесі

Сабақтың мақсаты

Шылаудың түрлерін, ерекшеліктерін, емлесін оқушыларға меңгерту, шылау мен жалғаудың айырмашылығын ұғындыру.

Алған білімдерін пысықтау арқылы баланың ой-өрісін, сауаттылығын дамыту. Тез ұтымды пікір қалыптастыруға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

1 Шылау және оның түрлері бойынша білімдерін бекітеді.
2 Танымдылық қабілеттері артады.
3 Тез ұтымды пікір қалыптастырып, ойларын еркін жеткізеді.
4 Сөздік қорлары молаяды.

Әдіс - тәсілдер

«Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы» , топтық жұмыс, жұптық жұмыс, семантикалық картамен жұмыс, анаграмма, тесттік жұмыс.

Дерек көздер

тірек-сызбалар, семантикалық карта, кестелер, торкөздер, аспан әлемі бейнесі, жұлдызшалар, бағалау парақшасы, маркер.

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңін өткізіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Жылы сөздер» тренингі

Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.

Оқушыларды үш топқа бөлу

1-топ – Есімдер

2-топ – Шылаулар

3-топ - Жұрнақтар

1,2,3 сандары жазылған парақшалар арқылы 3 топқа бөлінеді. Әр топқа атау беріп, топбасшы сайлайды.

Бағалау критерилерімен таныстыру

1.Өткен сабақты пысықтау

2.Семантикалық картамен жұмыс.

3.Топтық жұмыс

4.Жұптық жұмыс

5.Деңгейлік тапсырмалар

Бағалау критерилерімен танысып шығады.


Өткен сабаққа рефлексия

«Ой қозғау»

1 . Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады? Мысалдармен дәлелде.

2 . Мен, менен, бен, бенен, пен, пенен шылаулары сырт тұлғасынан қай септікке ұқсас. Мысалдармен дәлелде.

3 . Да, де та, те шылаулары сырт тұлғасынан қай септікке ұқсас. Мысалдармен дәлелде.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жеке жұмыс Семантикалық картамен жұмыс.

Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауына байланысты кестені толтыру

Әр оқушы жылдам кестені толтырады.

Өзін-өзі бағалайды.

Топтық жұмыс

Топтың атын қорғау

Әр топ өз аттарын қорғайды

Венн диаграммасы

Жалғау мен шылаудың ұқсастығы мен айырмашылығын табу

Жалгау мен шылаудың ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

«Миға шабуыл»

Жалғау мен шылауларды ажырат. Жұмбақтың шешуін тап

Жалғау мен шылаудың ажыратып, жұмбақтың шешуін табады.

Топтық жұмыс

Тапсырма –Зигзаг әдісі

Әр оқушы құрылған топта берілген тапсырма бойынша талқылап, жинаған ақпараттарын өздерінше қағаз бетіне түсіреді де, ақпаратты өзінің тобына апарады, ол үшін тек түстерге қарай бөлінеді. Мысалы: 

І топ - қызылмен жазылған 1,2,3,4 жиналады

ІІ топ – көкпен жазылған 1,2,3,4

ІІІ топ – сарымен жазылған 1,2,3,4

ІУ топ – жасылмен жазылған 1,2,3,4

Кейін бір-біріне түсіндіреді, бірін-бірі бағалайды.

.

Сергіту сәті.

Жылдам сұрақ, ұшқыр жауап.

Сұрақтарға жылдам жауап береді

Жұптық жұмыстар

Мына шылауларды торкөздерге тізбектей жаз. Бір сөйлем құра.

Алайда, -ақ, болмаса, қой

Берілген шылауларды торкөздерге дұрыс орналастырады.


Дарынды және мотивациясы төмен оқушыларға деңгейлік тапсырмалар.

Тапсырмаларды орындайды

Өткен сабаққа рефлексия

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Қандай әсер алдыңдар ?

-Өз әсерлеріңді мына жұлдызшалар арқылы білдіріңдер?

-Егер сабақ ұнаса, қызыл жұлдызды аспан әлеміне іліңдер. Егер сәл түсінбеген жерлерің болса, қызғылт түсті жұлдыз іліңдер. Егер сабақ мүлдем ұнамаса сары жұлдыз іліңдер.

Сабақтан алған әсерлерін қызыл, қызғылт, сары түсті жұлдызшаларды аспан әлеміне ілу арқылы білдіреді.

Оқушыларды сабақтың критерилері арқылы бағалаймын.

Бағалау парақшаларын топ басшылары тапсырады.

Үйге тапсырма :

«Мен ұнататын кейіпкер» тақырыбында шағын шығарма жазып келу. Шылаулардың астын сызып талдаңдар

Күнделікке тапсырманы жазады.



2



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Открытый урок на тему: "ШЫЛАУЛАРДЫН ЕМЛЕСI"

Автор: БАЯЛБАЙ ЕЛДАР

Дата: 09.06.2018

Номер свидетельства: 472749


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства