Просмотр содержимого документа
«Открытый урок - семинар по казахскому языку на тему "?оры?тар" »
Тақырыбы: Қорықтар. Қазақстанның «Қызыл кітабы»
Мақсаты: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарларын қорғау шаралары, жойылу қаупі бар түрлерімен және «Қызыл кітап» маңызын тереңірек таныту
Көрнекілігі:Қазақстанның«Қызыл кітабы», Қазақстанның картасында қорықтардың географиялық орналасуы, өсімдіктер мен жануарлардың суреттері, слаид, ннтерактивті тақта.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Семинар сабақтың мақсатымен таныстыру:Қорықтар. Қазақстанның «Қызыл кітабы».
Семинар сұрақтары:
Халықаралық табиғат қоғамы қашан құрылды?
Оның басты мақсаты қандай?
Қызыл кітап дегеніміз не? Оның қандай парақтары бар?
Қорықтар мен «Қызыл кітаптың» арасында байланыс бар ма?
Қорықтар не үшін ұйымдастырылған?
ІІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Табиғат дегеніміз-бізді қоршаған орта. Ол-тау, өзен, су, ауа, жануарлар, құстар, өсімдіктер, балықтар, адам да сол табиғаттың бір бөлшегі. Туған жер табиғаты- халқымыздың ұлттық мақтанышы. Сондықтан соны аялап қорғауға, оның байлығын арттыруға үлес қосу- біздің азаматтық борышымыз.
Табиғат- халық қазынасы. Сондықтан оның байлығын пайдалана отырып, қорғай білуіміз керек . Бүгінгі семинар сабақтың тақырыбы осыған байланысты.
Оқушылар қорықтар туралы дайындаған мәліметтерімен таныстырады. Әр оқушы жеке-жеке қорықтарға өздері дайындаған мәліметтермен, интербелсенді тақтада көрсетіліп отыратын сызба және «Суреттер сөйлейді» бөлімі слайдтардағы «Қызыл кітапқа» енген жануарлар, өсімдіктер, құстардың біреуінің биологиялық сиппаттамаларын айтады.Ал тыңдаушы оқушылар керекті мәліметтерді дәптеріне жазады.
Қорықтардың орналасу картасы (Слайд)
Олжабекова Айғаным- Ақсу –Жабағылы:
Ақсу Жабағылы - Қазақстанның ең көне және тұнғыш қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық. Ол Тянь-Шань тауларында 4280 метр биіктікте орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы 1926 жылы, 14 шілдеде кұрылған.Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Ақсу-Жабағылы корығының көлемі 131 934 га. Ақсу-Жабағалы - сирек кездесетін, тек осы аймақтарға ғана тән өсімдіктер мен жануарлардың отаны.
Онда мүктің 61 түрі, қынаның 58 түрі, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 түрі. Дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр,иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны. Техникалық өсімдіктен: арша,рауғаш, итқұмық, таран. Жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген. Жемшөптік өсімдіктен ; жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде. Эндемик өсімдіктерден; майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл. Реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар.
Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 түрі бар. Олар : арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шаньқоңыр аюы, борсық, сусар. Құстардың 238 түрі бар. Олар: гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай,ителгі, шымшық. Бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі бар. Олар: алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан. Қосмекенділердің 2 түрі бар. Олар : жасыл құрбақа және көлбақа. Балықтың 2 түрі тіршілік етеді.
ЛемсНұрым- Алматы қорығы
Алматы қорығы- ІлеАлатауының орталықбөлігіндегітабиғатбайлығынқорғаужәнеғылыми-зерттеужұмыстарынжүргізумақсатында 1931 жылықұрылғанмемлекеттіккорық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығыныңқұрамынатеңіздеңгейінен 1400-5017 м биіктіктеорналасканТалғар тау жоталарыенеді. Ол 4 биіктікбелдеудентұрады. Оныңорманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқатөседі. Жабайыжемісағаштыорман ТяньШань шыршасынантұратынқылқанжапырақтыорманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпібелдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбіаласаальпішалғынынантұрады. Оданжоғары (3800 м-денбиік) белдеудіұдайы мұз басқанқұздаралыпжатыр. Қорықтаөсімдіктердің 1300-ден аса түрікездеседі, оның 112 түріағаштар мен бұталар. Алматы қорығы-жануарлардүниесіне де бай. Ондасүткоректілердің 40 (барыс, коңыраю, тассусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсынқұсы, шыршаторғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қаражәнесарышымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушылторғай, аршаемен- тұмсығы, т.б.) бар. Бауырыменжорғалаушылардан: алайкесірткесі, қалқантұмсықтыжылан; космекенділерден: көлбакд мен жасыл құрбақа кездеседі. Қорықтағылымижұмыстаржолғақо-йылған. Ғалымдар орманныңқалыптасузаңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарларэкологиясынжәнеолардыңбиологиялықерекшеліктерінзерттейді. Қорықтакөпжылданбері "Табиғатшежіресі" аттыкүнделікжүргізіліп, ондажинақталғанғылымимәліметтер Алматы қорығытуралы 9 томдықкітаптабаяндалған.
Милушев Муслим-Барсакелмес қорығы
Барсакелме сқорығында өтесиреккездесетін флора мен фауна бар.Өсімдіктердің 256-дан астамтүрлеріжәне малдар,аңдар,сүтқоректілер және қосмекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауынабайланыстысиреккездесетін балықтардың түрлеріжойылып, жаңа өсімдіктер мен жануарларкездесіпжатыр. Ол 1929 жылы тапсырмаберушiсияқтынегiзделдi. Ал 1939 жылға 10 желтоқсан күнімемлекеттiкқорықтыңмәртебесiналды. Теңіздіңқұрғауынабайланыстысудыңтұздылығынормасынаншектеншықты. Тұщысудыңжоқтығыжануарлардыңөмірсүруінқиындатты. 1982 – 1991 жылдараралығында 260 астамқұландарреспубликаныңбасқақорықтарынаауыстырылған. Қазіргітаңдажылдыққорытындыбойынша құлан саны 20-25 басқакөбейді. Барсакелмесқорығында флора жәнефаунаныңсиреккездесетінтүрі бар. Балықтар саны жылданжылғаөсуде. .
Турсунов Одил- Наурызым қорығы-
Наурызым қорығы– Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87,7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек (көлемі 4,7 мың га),Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37,2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы – суық, ызғарлы; жазы – ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т.б.) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т.б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.[1]
Те Максим-Қорғалжын қорығы
Қорғалжын қорығы[1] – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. 1958 ж. ұйымдастырылған. Оған Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің біразы енеді (Қорғалжын; Теңіз). Жер аумағы 258,9 мың га (2003). Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның температурасы –41 – 42ӘС суық болса, шілдеде температура 38 – 39ӘС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, атап айтқанда,жусан, көкпек, боз селеу, қызғылт, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 37 түрі, құстардың 294, бауырымен жорғалаушылардың 3, [қосмекенді|қосмекенділердің 2, балықтардың 10-нан астам түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, дала суыры,қоян, күзен, борсық, ақбөкен, т.б. мекендейді. Қорғалжында 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызыл жемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде “Қызылқанат” деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды.
Черняева Алина- Марқакөл қорығы
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы. Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдыңшығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).
Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.
Анваров Улугбек-Үстірт қорығы
Үстірт қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Маңғыстауоблысыңдағы Ералыауданыжерініңаумағы 223,3 мыңга. Ол Үстірттегі Кендірлісорынқоршағантағапішіндесбірнешеғажайыпқыраттардаорналасқан. Мұндайқыраттарғасырларбойы жел, су эрозиясынаұшырап, қаттыөзгерген. Сыртынанқарағанда, табиғаттыңөзісалғанкереметбірқұрылысқаұқсайды: мұндапышақкескендейтік, биіктігі 200 м-денастамқұламажартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәріздімұнарасияқтытөмпешіктер, ежелгігеологиялықдәуірлеркуәсі — ақ, көк, қызылқабаттардантұратын, үстіндебіздейқондырғылары бар ұлутастәрізді “қамалдар” да жеткілікті. Сондай-аққорықтаерекшебірқақпалар, аса үлкенемесқостесіктіүңгірлер, диаметр 5 м-дейдомалақтастары бар алаңдар да көп. БұрынтеңізтүбіболғанҮстіртте ежелгізаман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйізсауыт, сүйек, тіс, олардыңіздері), алғашқыадамдарпайдаланған қару-жарақтар табылған.Мұнда жануарлар мекендегенқоршаулар да кездеседі.Қорықтағы жануарларәлемі мен өсімдіктер дүниесісолтүстікшөлдіаймақтарғатән. Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырыменжорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астамтүрімекендейді. Мұнда Қазақстанның “Қызылкітабына” енгізілгенүстірт арқары қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақтықарашұбаржылан;
құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады.
Стародубцева Алена – Батыс Алтай қорығы
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы - Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер(Лениногор), Зырян, Глубокое аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен,аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.
Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек,тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.
Лукьянцев Константин – Алакөл қорығы
'Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы- Тентек өзені сағасының табиғатын және Алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. Алматы облысының Алакөлжәне ШығысҚазақстаноблысының Үржараудандарында орналасқан. Аумағы 20743 га. Қорықтыңаумағы 7 телімгебөлінген. Қорықтаөтесиреккездесетінреликтішағаланың ұя салып, балапанөрбітетінінқазақ орнитологы Е.Әуезов 1968 – 69 жылдарыжүргізгенғылымижұмыстарыкезіндеанықтады. Қорықаумағындағыаралдарқұстардыңтопталып ұя салуынаөтеқолайлы. Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» депатауғаболады. Қорық жануарлар дүниесінеөте бай. Мұнда балықтардың15, қосмекенділердің 2, бауырыменжорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрікездеседі. Омыртқасыздарданинеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқашалабұғасы Қазақстанның «Қызылкітабына» енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуықтүріөседі). Қорықтажетітақырыптықжобабойыншағылыми - зерттеулержұмыстарыжүйелітүрдежүргізіліпкеледі. Сондай-ақ «Табиғатжылнамасы» жазылады. «Табиғатмұражайы» жұмысістейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. Қорықшекарасындаұзындығыы 2 км болатынқорғанышбелдемсалынған. 2004 жылдан Қазақстан РеспубликаныңҮкіметі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігініңбіріккенұзақмерзімгеарналғанжобасықолғаалынды. Алакөлқорығының туризмді дамытудағымаңызызор.
Мауталиев Нұрман – Қаратау қорығы
Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорық жері айналасында орналасқан Мойынқұм шөлдерімен және Бетпақдала өңірімен шектеседі. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп,Қараағаш тау жотасына ұласады. Қорық аймағы ерте кезден бастап-ақ адамдардың тіршілік етуіне қолайлы аймақ болғандығы ондағы тас, қола және темір дәуірлерінен қалған мәдени ескерткіштерден (тасқа салынған суреттер, адам тұрақтары, т.б.) айқынбайқалады. Табиғат құйғанғажайыптасмүсіндеререкшекөзтартады. Мысалы, “Түйетас”, “Хантағы”, “Кемпіртас”, т.б. Қорықтаөсімдіктердің 1666 түріөсетініанықталған, оның 153 түрі – эндемик. Ондайсиреккездесетінөсімдіктүрлеріне: Қаратаумаралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратаукекіресі, Қаратауқауы, Қаратаутомағашөбі, Грейгқызғалдағы, т.б. жатады. Ал Қаратауқорығының Берікқара шатқалындағанаөсетінБерікқаратерегі – өтесиреккездесетін эндемик, реликтітүрболғандықтанқорғауғаалынып, Халықаралық табиғат қорғауодағының “Қызылкітабына” енгізілген. Қорықжануарлардүниесіне де бай. Мұндажойылып бара жатқан, сондықтанқорғауғаалынған: бүркіт, ителгі, қарадегелек, үкі, т.б. бар. [1]
Қазақстан қорықтарының тізімі
Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.
Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.
Қорықтар тізімі
Кестеде қорықтар құрылған уақытына сәйкес келтірілген.
#
Атауы
Құрылғанжылы
Көлемі, га
Орналасқанжерi
1
Ақсу-Жабағылымемлекеттiктабиғиқорығы
1926
131 934
ОңтүстікҚазақстаноблысы жәнеЖамбыл облысы
2
Алматы мемлекеттiктабиғиқорығы
1931
71 700
Алматы облысы
3
Наурызыммемлекеттiктабиғиқорығы
1931
191 381
Қостанайоблысы
4
Барсакелмесмемлекеттiктабиғиқорығы
1939
160 826
Қызылордаоблысы
5
Қорғалжынмемлекеттiктабиғиқорығы
1968
543 171
Ақмолаоблысы және Қарағандыоблысы
6
Марқакөлмемлекеттiктабиғиқорығы
1976
102 979
ШығысҚазақстаноблысы
7
Үстіртмемлекеттiктабиғиқорығы
1984
223 342
Маңғыстауоблысы
8
Батыс Алтай мемлекеттiктабиғиқорығы
1992
86 122
ШығысҚазақстаноблысы
9
Алакөлмемлекеттiктабиғиқорығы
1998
65 217,9
Алматы облысы және ШығысҚазақстаноблысы
10
Қаратаумемлекеттiктабиғиқорығы
2004
34 300
ОңтүстікҚазақстаноблысы
1. «Қызыл кітап» туралы мәлімет.
А) Раимкулова М. «Қызыл кітап». Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды қорғау одағы еді (ХТҚО). Ол 1948 жылы құрылды. Мақсаты: дүние жүзіндегі сирек немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қызыл кітаптың» тізімі жасалды. «Қара кітапқа» жер бетінен бір жола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
«Қызыл кітапқа» белгілі түрді енгізу үшін ғалымдар әр жануардың не өсімдіктің 5 санатын анықтаған. Осы санатқа сәйкес келген жағдайда ғана ол түр «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Б) Санникова М. Халықаралық «Қызыл кітап» туралы мәліметі.
В) Путила Яна Қазақстанның «Қызыл кітап» туралы мәліметі
IV.Бекіту.
1.Маңғыстау облысында орналасқан қорық .(Үстірт)
2.«Ән салғыш құмдар»құмды төбесі бар қорық. (Алматы)
3.Екі өзеннің атауынан құралған қорық аты. (Ақсу-Жабағылы)
4.Қазақстанның «Қызыл кітабына» жануарлар мен өсімдіктер қандай заңдылықпен енгізілген?
5.Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық. (Қорғалжын)
6.Наурызым қорығы қай облыста орналасқан?(Қостанай облысы)
7. «Қызыл кітап» поэмасының авторы? (Қ. Мырза Әлі)
8.Қылқан жапырақты орман орналасқан қорық. (Батыс Алтай)
9. Қазақстанның «Қызыл кітабы» қай жылы шықты? (1978)
V.Қорытынды.
Раймкулова Марьям «Табиғат туралы» Е. Өтетілеуұлы
VI.Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
VII.Үйге тапсырма. «Қызыл кітап» туралы білімдерін жалғастыру.