kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер Лексика. Сөз және оның мағынасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ықшам сабақ. Мақсаты   оқушылардың  сыни ойлауын дамыту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер Лексика. Сөз және оның мағынасы»

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Лексика. Сөз және оның мағынасы

Мектеп:

А.Тайманов атындағы №34 МГ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Жумагалиева Хиуаз Ерболатовна

Сынып: 5б

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Үлкенге ізет

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

5.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттар аясында жинақы мәтін жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Негізгі ақпараттарды талдайды, топтастырады, жинақы мәтін жазуда тиімді қолданады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Жинақы мәтін жазуда негізгі ақпараттарды жүйелі қолданып, тақырыпты өмірмен байланыстырып тұжырымдайды.

Бағалау критерийлері

  • Оқылым және тыңдалым материалдарынан негізгі ақпаратты анықтайды.

  • Жинақы мәтін жазады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазады.

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Отбасылық құндылық, отбасылық әдет-ғұрып, бауырмалдық

Талқылауға арналған сұрақтар:

Отбасылық құндылықтарға нелер жатады?

Бауырлар арасында сыйластық қандай болу керек?

Құндылықтарға баулу

Құрмет. Ынтымақтастық. Азаматтық жауапкершілік

Пəнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Отбасы ұғымы туралы түсінігі бар. Мәтін мазмұнын түсінеді. Сұрақтарға жауап береді. Қарапайым жоспар құра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ширату «Отбасы»

Әке, ана, бала суреттерін таңдау арқылы топқа бөлінеді. Ол суреттерге «Отбасы» сөзіндегі әріптерден басталатын мақал-мәтелдер жазылған. Мақал мәніне назар аударады. Ортақ тақырыпты анықтау арқылы сабақ тақырыбын ашады.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.




Сабақтың ортасы

30 минут

Жазылым алдындағы тапсырма

1-тапсырма «Киіз үй»

С.

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, сол сұрақ мәнін ашатын тірек сөздерді киіз үйдің керегесі мен уықтарына жапсырады.

  • Отбасылық құндылықтарға нелер жатады?

  • Қандай отбасылық әдет-ғұрыптар бар?

Дескриптор:

  • Тақырыпқа қатысты берілген сұрақтарға жауап береді.

  • Құндылықтар мен әдет-ғұрыптарды анықтайды.

ҚБ «Бағдаршам»

Саралау:

- құндылықтар мен әдет-ғұрыптар жазылған топшамалар ұсынамын. (ынтымақтастық, сыйластық, бауырмалдық, қамқорлық, ұл мен қыз тәрбиесі, шілдехана, қырқынан шығару, бата беру, сүндет той, беташар)


Оқу мақсаты мен бағалау критерийін еске түсіріледі.

Жазылым кезіндегі тапсырмасы

2-тапсырма. «Стоп-кадр» әдісі

ТЖ

Аудиомәтіннен үзінді тыңдалады. Әрі қарай не болатынын әңгімелейді. Топ ішінде талқылап, үздігін ұсынады.

Дескриптор:

  • Үзіндіні тиянақтайды.

  • Өз ойларын тұжырымдайды.

ҚБ «От шашу»


3-тапсырма «Т» кестесі

Ж

Оқушылар аудиомәтіннің толық нұсқасын тыңдай отырып, «Т» кестесінің бірінші бағанына тірек сөздерді, екінші бағанына негізгі ақпаратты жазады. Ауыспалы мағыналы сөздерді атайды.

Аға мен іні

(аудиомәтіннің толық нұсқасы)

Ертеде Талап пен Жанат деген ағайындылар тату-тәтті көршілес өмір сүрген екен. Алайда бір күні ағасы Талап інісі Жанаттың өтінішін орындамай қалып, араларында салқындық пайда болады. Екіншіде інісі ағасына қажетті көмекті көрсетпей, өткен жолғы ренішін еске салады. Осыдан кейін екеуі қатты ренжіседі. Сөйлесу түгілі амандаспайтын халге жетеді.

Күндердің күнінде Талаптың есігін жұмыс іздеп жүрген ағаш ұстасы қағады. Оны жұмысқа алуға келісіп:

- Анау тұрған шағын өзенді көрдің бе? Соның арғы бетінде інім тұрады. Сол жерге үлкен қақпа орната аласың ба? Ол өте биік болсын. Оның үйін де, түрін де көргім келмейді,- дейді Талап. Ұста:

- Иә, жасауға болады. Сонда неге ініңізді көргіңіз келмейді?- деп сұрады. Ағасы не себепті ұрысқандарын да есіне түсіре алмады. Реніші тереңдеп кеткен екен. Аз ғана ойланған ұста:

- Рұқсат етсең, таңға дейін жұмыс істейін. Ертең басқа шаруаларым бар,- деді. Қожайын келісім берді. Алайда түні бойы мазасызданып ұйықтай алмады. Оның үстіне сырттан ұста құралдарының тарс-тұрс дыбыстары естіле берді. Ақыры таң атып, қожайын сыртқа шығып, қақпаға тапсырыс берген тұсқа мойнын бұрды. Қараса, ешқандай қақпа жоқ. Керісінше, өзеннің арғы бетіне өтетін көпір қойылыпты. «Сорың құрысын, мынау не сұмдық? Мына ұстаны ма? Мен оған әлгілерді көзіме көрсетпейтін қақпа салуды тапсырдым ғой,- деп ашуға булыға бергенде, таныс бейне ұшырасты. Кілт тоқтады. Анықтап қараса, көпірдің үстінде інісі Жанат тұр екен. Ол қолын бұлғап:

- Қымбатты бауырым менің, жан бауырым. Сені сондай сағындым. Сен менің ең жақынымсың ғой. Өзім бірінші қадам жасауға тәуекел ете алмай жүр едім. Алайда сен соны жасадың. Әрине, өйткені сен үлкен әрі ақылдысың ғой,- деп ағынан жарылды. Екі бауыр құшақтасып, көздеріне жас алып, мәз-мейрам болысты. Екеуі көк шалғынға отыра кетіп, өткен-кеткенді еске алып, қызықты сәттерін айтудан жалықпады. Осылайша кештің қалай батқанын білмей де қалды.

Дескриптор:

  • Аудиомәтінді тыңдай отырып, тірек сөздерді жазады.

  • Негізгі ақпаратты анықтайды.

  • Ауыспалы мағыналы сөздерді атайды.

ҚБ «Смайликтер» әдісі

Жалғастыруға дайынмын. Түсінемін, бірақ... Қайталау қажет

Саралау: Негізгі ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар ұсыну.

  1. Мәтін кімдер туралы?

  2. Ағайындылар не үшін ренжісті?

  3. Талап ұстаға қандай шарт қойды?

  4. Ұста қандай әрекет жасады?

  5. Бауырлар қалай табысты?

4-тапсырма. «Торлы диаграмма» әдісі

ТЖ

Топта мәтін мазмұнын талдай отырып, берілген бөлімді тарқатып жазуға тапсырма беріледі.

І топқа: Ағасы мен інісінің ренжісуі

ІІ топқа: Талаптың өтініші мен ұстаның әрекеті

ІІІ топқа: Ағайындылардың табысуы

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнын талдайды.

  • Әр топ берілген бөлімді тарқатып жазады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Топтар бөлімді тарқатып жазған парақшаға өз тілектері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып, жапсырады.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийін еске түсіріледі.

5-тапсырма. Жинақы мәтін жазу

Ж

Жинақы мәтіннің бір үлгісі – ықшамдалған мәтін жазу. Мәтін жазуда негізгі ақпараттарды сақтайды. Мәтін құру үдерісінде ойды дамытады, қолдау бөліктерін енгізеді, азат жолдарды пайдаланады, оларды байланыстырады. Мәтінді тиімді бастайды, аяқтайды, оның мазмұны мен құрылымына мән береді. Мәтін тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қолданады.

Дескриптор:

  • мәтіндегі негізгі ақпараттарды пайдаланып, жинақы мәтін жазады.

  • мәтін құруға берілген нұсқауды ескереді.

  • тура және ауыспалы мағыналы сөздерді қолданады.

ҚБ «Бас бармақ»

Саралау: «Торлы диаграмманы» ұсынамын.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

6-тапсырма «Сөйлемді жақсарту»

ЖЖ

Оқушылар жұптасып, бір-бірінің мәтіндерін тексереді. Мәтіннен қайталанатын, түсініксіз сөздерді белгілеп, оны мағынасы нақты сөздермен ауыстыру жолдарын ұсынады. Сөздер мен сөйлем құрылымдары қайталанатын абзацтарды түрлендіріп, қайтадан жазады.

Дескриптор:

  • жұпта бір-бірінің мәтіндерін тексереді.

  • берілген ұсыныстарды топтастырып, қайта жазады.

ҚБ «Қол шапалақтау»







































































































































Сабақтың соңы

5 минут

7-тапсырма «Минуттық шешім»

Ж

«Кофе араластырғыш таяқша» әдісі арқылы кездейсоқ таңдалған оқушы өзі жазған жинақы мәтінінен аса маңызды бір сөйлемін оқып, оны өмірмен байланыстырады.

Дескриптор:

  • жинақы мәтіннен аса маңызды бір сөйлемін оқиды.

  • жинақы мәтінді өмірмен байланыстырады.

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін кері ораламын.

Кері байланыс. «Табыс баспалдағы» әдісі арқылы оқушылар сабақ мазмұнын түсіну және сабаққа қатысу деңгейі бойынша өздерін бағалайды.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер Лексика. Сөз және оның мағынасы

Автор: Жумагалиева Хиуаз Ербулатовна

Дата: 31.05.2018

Номер свидетельства: 471724


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства