Сыныбы: 6 | Күні: | Пәні: қазақ тілі | Мұғалімі: Киреева Айгуль Сериковна |
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. Тәуелдік жалғауы. |
Мақсаты | Отбасы туралы қазақ тілінде сипаттап айтуға үйрену. Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға дағдыландыру. |
Күтілетін нәтижелер | Отбасын қазақ тілінде сипаттап үйренеді. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, отбасы құндылықтарын сыйлауға дағдыланады. |
Керекті жабдықтар | презентация, постер, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері және тапсырма түрлері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау |
Психологиялық дайындық 3 мин | «Шаттық шеңбері» тренингін ұйымдастыру | Психологиялық орта құру арқылы, оқушылардың көңіл-күйі көтеріледі. Оқушылар шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады. | қолпаштау |
Кіріспе 5 мин | Интерактивті тақтадан отбасы туралы өлең, сурет көрсету арқылы миға шабуыл жасау | Бар назарын сабаққа аударып, сабақтың тақырыбына болжау жасайды. | қолдау |
Негізгі бөлім 20 мин | Өз отбасыларын суреттеу.
Сәйкестендіру тапсырмасы. Отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу. Оқулықпен жұмыс. 10-бет, 4-тапсырма.
Карточкалармен жұмыс. «Құндылық құнын ұғыңдар» | Үлгі бойынша өз отбасын суреттеу. Көрсетілген мақалдардың жалғасын табады. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауын жалғау. Тәуелдік жалғауының ережесін шығарады. Толықтырып жазады, жауап береді. | мадақтау
қолпаштау
мадақтау |
Қорытынды 12 мин | Тақырыпты қорытындылай келе тест жұмысы беріледі. Қорытынды бағаларын айту | Оқушылар берілген тест тапсырмаларын орындайды. | қорытынды |
Үй жұмысы 3 мин | «Менің бақытты жанұям» тақырыбында эссе жазу | Күнделіктеріне жазып алады. | |