-Балалар қолдарымыздан ұстап бір-бірімізге сәттілік тілейік, жылы лебіз айтайық.
II.Психологиялық дайындық.
Қайырлы күн, достым,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
-Бүгін сыныпта кім кезекші?
-Бүгін сыныпта мен кезекшімін. Сыныпта балалар түгел. Бүгін қарашаның 28-і. Аптаның күні-бейсенбі.
III.Өткенді қайталау. Ой қозғау.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
--Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының Президенті кім?
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
-Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
-Астананың символы не?
Әр тапсырманы орындаған сайын еліміздің символын Бәйтеректі жинаймыз. Бағалау парақтарын тарату.
IV.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.
Сөзжұмбақ арқылы шығу. (Шешуі:отан, мақал, мәтел)
-Мақал-мәтел деген не?
-Мақал-мәтел не туралы болады?
-Сонымен, қандай тақырып?
V.Негізгі кезең.
1.Жаңа сөздермен танысу. Флипчартпен жұмыс.
Сөздік банкісі. (бір шеңберден екінші шеңберге тақырыпқа сай сөздерді апару)
Өлке- край
Дәптер-
Кең-байтақ- обширная(ый,ые)
Мөлдір-прозрачная(ый,ые)
Қалам-
Күрес-борьба
Қорғау-защишать
Кітап-
Үлес-доля
VI.Тыңдалым.(үнтаспадан мәтінді тыңдау)
Отан
Отан-адамның туып-өскен жері. Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Қазақстан-үлкен және бай өлке. Мұнда кең-байтақ дала,биік таулар,мөлдір көлдер бар. Табиғатты қорғау дегеніміз-Отанды қорғау. «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес» - деген қазақтың мақалы бар.
1.Мәтін бойынша сұрақтар қою мазмұның ашу.
-Мәтін не туралы?
-Отан деген не?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан қандай өлке?
-Мұнда нелер бар?
-Табиғатты қорғау дегеніміз не?
2. Іштей оқу. Оқылым-мәтінмен жұмыс.
-Мәтінде мақал бар ма?
-Қандай мақал?
-Мақалда қандай таныс сөздер бар?
-Ал енді мақалды аударып көрейік.
-«Доля джигита защищать Родину»
-Дұрыс, балалар.
3.Тәрбиелік әңгіме.
Біздің сыныптағы ұл балалар үлкен жігіт болып Отанымызды қорғайды.
Ал қазіргі кезде Отанымыздың гүлденіп дамуына біз қандай үлес қосамыз,қалай оқуымыз керек.?
-Жақсы оқу керек,тәртіпті болу керек,мұғалімді тыңдау керек.
-Өте жақсы балалар.
4.Жазылым-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма:Мәтіндегі мақалды көшіріп жазу.
2-тапсырма:Отан,жер сөздерін тәуелдеу.Үлес сөзіне дыбыстық талдау жасау.
VII.Cергіту сәті.
VIII.Айтылым.
Мәтін бойынша әр топ бір-біріне сұрақтар дайындайды.
ХI.Бағалау. Әр тапсырмадан кейін топтағы спикерлер бағалап отырды.Соңында нәтижесін мұғалім айтады.. Балалар еліміздің символы Бәйтерек қай қалада орналасқан.Дұрыс,Қазақстанның бас қаласы- Астанада. Ендеше келесі сабақ тақырыбы қалай болады?
ХII.Үй жұмысы.1.Сөздерді жаттау.Сөйлем құрастыру.
2.Қазақстанның бас қаласы-Астана туралы фотосуреттер әкелу.