kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың мақсаты: Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орынын анықтау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы»

Мектеп:Панфилов атындағы жалпы орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Т.Ажмеденова

Сабақ тақырыбы:

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.

Зерттеу сұрағы: Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?

Оқу мақсаты :

6.4.1.1 көшпелілер мен отырықшы арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау :

6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастарды нығайтудағы орнын анықтау.

ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіне алады.

Бағалау критерилері

  • Халықаралық қатынаста Ұлы Жібек жолының маңыздылығын біледі.

  • ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін қазіргі өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Кіреші, архитектура;

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ұлы Жібек жолы, Керуен жолы, Көш, Тауар, Жібек, Сауда, Кіреші;

Алдыңғы білім

Қыпшақ хандығының қоғамдық құрылысы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығынсалыстырып, ортақбелгілеріменерекшеліктерінажыратаалады.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

Ортасы

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру

«Сұрақтарды ұстап ал» старатегиясы

1.

2.

3.

2) «Мозайка» қиынды суреттерді құрастыру арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасайды. Ол үшін оқушыларды 4 топқа бөлу. Төмендегі суреттерді мозайка жасап, қиып құралған суреттер бойынша топ жасақталады.

1-сурет: Керуен 1-топ

«Ұлы Жібек жолы» атауының шығуы осы уақытта Батыс елдері үшін қымбат тауар – жібекпен байланысты. Жібек құртынан жібекті дайындау құпиясын қытайлықтар шамамен 5 мың жыл бұрын ашса, белгілі жібек шаруашылығын зерттеуші А.А.Тихомиров оның нақты уақытын – б.з.д. 298 жыл деп атап өтеді. Қытай аңыздары бойынша ең алғаш алынған жібек жіп Си Линг-чи патша ханымға тәуелді болды. Шай ішу кезінде патша ханым шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді, сосын құрттың жібін тарқатып алады, солай алғашқы жібек жіп алынады, ал Си Линг-чи император әйел осы үшін ризашылық ретінде Аспан асты империясының құдайын тұрғызды, оның құрметіне осы күнге дейін Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын ғұрыптық мейрамдар өткізіледі.

2-сурет: Құмыра; 2-топ

Бірқатар зерттеушілер жібек ша¬руашылығының отаны Шан-дунь провинциясы, өйткені б.з.д. 2255 жылдың өзінде-ақ қытай патша ханымына салық ретінде жібек мата төлеген деп есептейді. Әсіресе, жібек шаруашылығы б.з.д. 1-мыңжылдықтың 2-жартысында ақша, мата дайындау, салық төлеу, сауда келісімдері барысында есептесу жібектен болған кезде кеңінен дамыды. Бірқатар ғалымдар таза жібектің отаны Үндістанның таулы аудандары десе, келесі біреулері – Батыс Гималай, тіпті Иран деп есептейді. Дегенмен, бомбикстің отаны, осы күнге дейін жібек құртының жақын аталасы – теофиль мандарин көбелегі өмір сүретін Солтүстік Қытай болып табылады.

3-сурет: Мата; 3-топ

Табиғаттағы жібек құртын қара¬па¬йым жинаудан қолға үйретуге дейінгі сатыда бірнеше жүздеген жылдар өткен. Жібекті алу үдерісі ежелгі уақытта қалай болса, бүгінде де тура сондай. Екі құрт шағылысқаннан кейін, аталығы өліп, аналығы 600-700-ге дейін жұмыртқа-ұрық тастайды. Көктемде (сәуір айында) ұрық жылы бөлмеге кіргізгеннен кейін, 10-12 күнде одан кішкентай қырықбуынды жібек құрты шығады. Олар өте қомағай болып келеді. Негізгі қорегі тұттың жапырағы болған олар өзінің салмағынан анағұрлым көп жейді. 30 күнге созылатын өзінің өмірінде қырықбуынның салмағы 10000 есе артады. Өзінің өсуінде ол бес жастан немесе түлеуден өтеді. Бесінші жасында жібек жібінің өзі жасалынады. Жібек бөлетін бездің нәрселері сыртқа шығып екі қабатты жіпке айналады, сосын қырықбуын үш күн бойы өзіне орауында жібек құрты пайда болады. Бір жібек құртында жібек жіптің ұзындығы есеп бойынша 100-2000 метрге дейін жетеді.

4-сурет: Карта. 4-топ

Ежелгі дәуірде айтулы тауарлардың арасында бірінші орынды қытай жібегі алды. Жібек мата – жұқа мата, салмақсыз, жеңіл, жұмсақ және әдемілігімен көне заманда табиғаттың кереметтілігі деп есептелді. Сыры көп жібек жіп айқын әрі төзімді, әртүрлі түсті не түрлі керемет мата берді, ал түрлі түсті күрделі өрнекті осы маталар өздігінше бағаланды. Батыста олар алтыннан жоғары бағаланып, саудаға қымбат тастармен бірге жүрді. Жібекпен алым-салық, әскери және дипломатиялық қызметтер төленді. Оның қиындылары патшалар мен храмдарға, жауынгерлер мен ақсүйек сұлуларға сыйға тартылды. Мұның барлығы синолог Фридрих фон Рихтгофеннің 1877 жылы Қытайдан Еуропаға дейінгі сауда трассасын Ұлы Жібек жолы деп атауына толығымен дәйекті құқық берді. Бұл атау Еуразияның қазіргі елдерінің барлық қоғамдық қызметтері мен ғылымында қабылданды. Шынайы әрі нәзік түрдегі түсті және өрнекті жібектер Әлемнің байлығы символына айналды. Оның сапалығы мен жеңілдігі жүзік көзінен өтетін мата деп анықталды. Оны құрыш болаттың өткірлігімен сынады, оның жүзі жібек орамалды қиып өту керек болды.

e-history.kz/ru сайты

Бағалау топтар бірін-бірі бағалайды

Мынадай критерийлер бойынша

• Басқа топтардың сұрақтарына жауап беру;

• Өз мәтінін түсінікті етіп айту;

• Топтық жұмысқа белсенді қатысу;

• Уақытты тиімді пайдалану.

• Топтың бір мүшесі қолдау көрсету

3) Бейнесюжет.You tube «Ұлы жібек жолы тарихы» бейнесюжет көріп мынадай сұрақтарға жауап береді

  • Ұлы Жібек жолы қай ғасырға жатады?

  • Ұлы жібек жолында қаңдай сауда жолдары бар?

  • Сауда жолында қаңдай тауарлар тасымалданды?

  • Қазақстан жерінде шығысқа шығатын негізгі қақпа?

  • Қазақстан жерінде батысқа шығатын негізгі қақпа?

  • Ұлы Жібек жолында қаңдай ортағасырлық қалалар бар?

  • “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” бағдарламасының авторы?

4) Картамен жұмыс. 4 топқа карта таратылады. Ұлы жібек жолының сауда тармақтарын картаға түсіреді:

5) Ұлы Жібек жолымен саяхат. Өзінді Түркістаннан Қытайға тауар керуенімен атанған саудагермін деп ойла.

  • Маршрут сал: Қандай қалалар арқылы өту керек екендігін көрсет.

  • Қытайдан сен алып кететін тауарларды ата және оларды сипатта...

6)Жылжымалы карта

7) ҮІІІ.МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ жасаймыз.(мультимедия)

1.Қазақстан тарихы мұражайына саяхат жасап,өз жолдастарыңа бір сурет жайлы әңгіме құрастыр.Неге осы суретті таңдағаныңды айтып бер?

8)Бинго ойыны

http://lms.nci.kz/history/view?f=143&id=7&lang=kaz

https://www.youtube.com/watch?v=Ae7QAZ5pdEo

http://baq.kz/foto/ffad69a5a69bdad2c515ec3df4011e15.jpg

http://go.mail.ru/search_images?q=%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BD%D1%8B%D0%B9%20%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%20%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0#urlhash=970826439655384826

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Мен бүгін не білдім?

Не үйрендім?

Менің байқағаным........

Үй тапсырмасы.

Эссе жазу:Ұлы Жібек жолыныңәлем тарихындағы рөлі.

Критерийі:

  • эссе тақырыбының мазмұнындағы мәселелерді түсінуі;

  • эссе тақырыбына мазмұнының сай келуі;

  • эссенің мазмұны өзекті мәселе бойынша жеке ойын білдіруі тиіс.

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Бекітемін................................7.11.16 7-сывнып .

Сабақтың тақырыбы: Жібек жолының пайда болуы және оның қызметі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Ертедегі сауда жолдарының бағыттары мен оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі күндегі жағдайымен салыстыра отырып бағалау.
Тәрбиелік: Заман талабына сай оқушыларды еңбексүйгіштікке, білімді болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Суреттер, электронды оқулық, кесте, слайд.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөлеміз.
І топ «Күлтегін»
ІІ топ «Тоныкөк»
ІІІ топ «Түрік қағанаты»
II Үй тапсырмасы.

1. Сызбаны толтыр:
Қағанат халықтарының негізгі кәсіптері

2. Әріптерді дұрыс қойып, табылған сөздің анықтамасын айту.
1. ғ а Қ а т а н
2. а Қ ғ н та
3. ш и А н а
ІІІ Жаңа сабақ жоспары:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
2. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен Қазақстан қалалары.
3. Ұлы Жібек жолы сауда және халықаралық қатынастар жолы.

Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б. з. б. II — I ғасырларда үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым — қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде солардың араларында жасалған сауда да қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс түрік қағанатының және оның нөкерлерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл — VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға тән болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзеннің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік – батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп, екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік – шығыс жағын айналып, Еуропаға қарай өткен.
Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу, Мерв, Бұхара, Самарқан, Үргеніш, Отырар, Сырғанақ, Сайрам, Созақ, Сауран, Тараз, Баласағұн, Талхиз қалалары арқылы өткен. Осы керуен жолымен тасылатын тауарлардың бір бөлігі қазақ даласында қалып отырған.

1. Ұлы Жібек жолы Қазақстан арқылы төрт бағытпен жүрген
2. Әлемдік діндердің пайда болуы
Сабақты бекіту:
«Домино» ойыны
“Көш керуен” ойыны
1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталады?
2. Ұлы меридианалды жол қандай бағыттарды байланыстырады.
3. Ұлы Жібек жолы қай ғасырларда өз маңызын жоя бастады?
4. Ұлы жібек жолы қай елден басталып, қай елмен аяқталады?
5. Ұлы Жібек жолы тек сауда ғана емес, мәдениеті де таратушы жол дегенді қалай түсінесің?
6. Ұлы меридианалды жол туралы не түсіндің?

Сабақты бекіту.
Топтық жұмысты қорытындылау.
Бағалау

Үйге тапсырма: Ұлы Жібек жолы

Бекітемін………………………14.11.16.

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып
Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының Қазақстан территориясынан өтетін басты бағыттары.

Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтарымен және сiлемдерiмен таныстыру, Оңтүстiк Қазақстанның Батысқа Шығатын, Жетісудың Шығысқа шығатын басты қақпа ретiндегi маңызын түсiндiру. Жiбек жолының Қазақстан жерiндегi қалалардың дамуындағы рөлі туралы, әлеуметтiк-экономикалық маңызы туралы түciнiктіi қалыптастыру;
Оқиғаларға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту. Өзiндiк жұмыстар жасай бiлуге дағдыландыру;
Барлық салада Отанының iлгерi дамуы үшiн үлес қосуға, ұлтжандылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілігі: карта,суреттер,
Пәнаралақ байланыс: география, дүниежүзі тарихы

Барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы толық әңгімелеп береді.
Ұлы Жібек жолы.
Қытай жазба деректерінде Б. З. Б II-Iғ Үйсін мемлекеті Қытаймен араласты.
Б. З. Б I ғ. ортасы алғашқы рет Қытай елінен батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шықты.
Б. З. Б II ғ орта халықаралық дипломатикалық қатынастар дамыды.
Қытай императоры У Ди 138 ж. батысқа елшілік жібереді.
13 жылдан соң елге оралады. Иран шахына Қытай императорынан жібектен жасалған киімдер жіберген.
VI ғ. бастап Еуразияға, Түрік қағанатына белгілі болды.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.
2. Оңтүстік Қазақстан - Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.
3. Қазақстандағы Қазақстан - Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Оқушыларды топқа бөлу.
1-Ұлы тобы, 2-Жібек тобы, 3-Жолаушылар тобы.
Жоспар бойынша әр тақырыпты топтарға бөліп беру және оқып шығу үшін 5 минут уақыт беру. Уақыт өткеннен кейін әр топқа парақша үлестіріп оқып шыққандарын парақшаға Ұлы Жібек жолының тармақтарын осы парақшаға салып шығу.
1-топ. Жетісу - Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.
2-топ. Оңтүстік Қазақстан - Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.
3-топ. Қазақстандағы Қазақстан - Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.

Әр топтар өз жұмыстарын қорғап шығады.
Қай топ бірінші болып сөзжұмбақтын жауабын шешіп шығады. Сол топ бағаланады.

"Тарихи домино"ойыны
Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.
Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген
"Көш керуен" ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
1. Жібек жолы қайдан басталады?

2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
3. ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
4. Жібек жолының Жапониядағы сілемі?
5. Жібек жол арқылы таралған діндер?
6. Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?
7. Б. з. б. ІІ ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?
8. Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?
9. Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?
10. Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?
Кртамен жұмыс:
Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы.

Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.
І ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.

Жаңа тақырыпты бекіту сұрағы:Оқушылар (Иә) немесе (Жоқ) деп жауап береді
1 Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан (Жоқ)
2 Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. (Иә)
3 Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. (Жоқ)
4 Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б. з. б. V-II ғасыр аралығы (Иә)
5 VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. (Жоқ)
6 Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа (жоқ)
7 Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. (Иә)
8 Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. (Иә)
9 Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала (жоқ)
10 Батыс елдеріне алғаш керуендер б. з. б. ІІ ғ. Ортасында жолға шықты (иә)

Бағалау:
Үйге тапсырма:15-параграфты оқу. Тестке дайындалу. Реферат

Бекітемін………………………14.11.16.

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы-7-сынып
Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының мәдениетті дамыту және халықтар арасындағы өзара байланыстарады нығайтуға қосқан үлесі.

Бекітемін.........................

Күні: 17.11.16.

7 - сынып
Сабақтың тақырыбы:Көшпелілердің материалдық мәдениеті.

мақсаты:: - Оқушыларға ортағасырлық қалалар мен олардың құрылыс жүйесін таныстыру.
- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
- Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Өзгеріс жасау кезінде сыныпта не болатынын бағалау. Болжағанның орнына шындығында не болып жатқанын нақты анықтау. Үдеріске қандай да бір жаңалықты ұсыну.

жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?

2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.

3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?

5. Жібек құртын әсіру құпиясы баска елдерге қалай ашылды?

6. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?

7. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ:
1. Тақтаға тірек сөздерді жазу.
Шахристан - цитадельді қоршап жатқан екінші бөлім.
Рабад - еңбекші халық тұратын бөлігі.
Цитадель - қаланың орталық бөлігі.
Дуал - қаланың қоршалған бөлігі.
Сәкі - үй алдындағы демалатын орын.
Тандыр - отқа піскен нан.

ІҮ. Ойлан тап !
I - топ:
1. Қалалар құрылысы туралы мәліметтер беретін қандай ғылым? (архиология)
2. Көшесіне қыш - құмыралар сынығы төселген сауда орталығы қай қаладан табылған?(Отырар қаласынан)
3. Шеберханалар неге тұрғын үйлерден аулақ салынды? (шеберханаға қыш ыдыстары жинайтын кептіретін жерлер қажет болды)
II - топ:
1. Тұрғын үйлер қалай орналасты? (Тұрғын үйлер көшенің екі жағында салынды)
2. Қалалардың қорғаныс құрылысы қандай болды? (қала сыртына биік әрі қалың етіп айналдыра дуал тұрғызылған) Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерде қарауыл күзеті тұрған.
3. Қалаларда мал ұстайтын қара - қопсы болды ма? (болды. Олар тұрғын үйлердің жанына салынды.)
III - топ:
1. Қалаларда кісі көп жиналатын орындарды ата. (мешіт, сауда орындары, керуен сарайлар)
2. Қаланың қолөнершілер мен еңбекші халық тұратын бөлігі қалай аталды? (рабат)
3. XVI - XVII ғасырларда Қазақстан аумағында қанша қала халқы болған? (70 мыңдай)
Сұрақтарға жауап береді және тақтада ілінуі тұрған суреттермен қатыстылығын анықтайды. Сұрақтарға жауап беріп болған соң ынталандыру үшін смайликтер таратамын.

Ү.Термин сөздермен жұмыс.

  1. Тақтаға тірек сөздерді жазу.
    Шахристан -
    Рабад -
    Цитадель -
    Дуал -
    Сәкі -
    Тандыр –

ҮІ: Кестемен жұмыс

Қалалар

Орналасқан аймақ

ҮІІ.Үйге тапсырма

ҮІІІ.Бағалау.

Тақырыбы:Қыпшақ хандығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері,этникалық құралы,саяси жағдайы мен қоғамдық құрылысы,шаруашылығы туралы түсіндіру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды өз Отанын сүюге,адалдыққа,батылдыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ:Жаңа білімді меңгерту.

Көрнекілігі: мультимедиа , карта,кесте,парақша,

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу,сыныпты түгендеу.

ІІ.Өткен сабақтарға шолу жасау:

Біз бұған дейінгі «Дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттермен таныстық.

Сұрақ: а) Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттерді кім атайды?(Қарахан мемлекеті,Наймандар,Керейттер,Жалайырлар,Қарақытайлар)

ә)Осы мемлекеттер туралы мәліметтерді кесте бойынша кім айтып шығады?

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы«Қыпшақ хандығы»деп аталады.Дамыған орта ғасырлардағы мемлекет.Бұл мемлекет туралы электронды оқулықтан тыңдаймыз.

Жоспары:

1.ҚЫПШАҚТАРДЫҢ ҚОНЫСТАНҒАН ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ.

2.ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ.

3.ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

4.ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

ІҮ. ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС:

ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТІ ДӘПТЕРЛЕРІҢІЗГЕ ТҮСІРЕ ҚОЙЫҢЫЗДАР.

шаруашылығы

Ү. Картамен жұмыс:

«Түрік мемлекеттері»картасымен жұмыс .Картадан түрік мемлекеттері нің астанасын тап?

ҮІ.Ойлан тап:

1-тапсырма:Қолөнерші –шеберге сәйкес келетін ,оның қолөнер түрін сәйкестендір.

2-тапсырма:«Түрік мемлекеті»деп аталатын (5 тен кемболмайтын)сөзден тұратын құрама қатар құрап ,оларды түсіндір.Тек атауларды ,аттарды,айы,күнін,оқиғаларды ғана қолдан.

ҮІІ.Тарихи бестік:

1.Мен ортағасырлық мемлекетінің 5 ханнын білемін.

2. Мен ортағасырлық мемлекетінің 5 датасын білемін.

3. Мен ортағасырлық мемлекетінің 5 астанасын білемін.

ҮІІІ.МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ жасаймыз.(мультимедия)

1.Қазақстан тарихы мұражайына саяхат жасап,өз жолдастарыңа бір сурет жайлы әңгіме құрастыр.Неге осы суретті таңдағаныңды айтып бер?

ІХ.қортындылау,білімді бекіту сұрақтары:

1.Бүгін қандай мемлекетпен таныстық?

2.Қыпшақ хандығы қай жылы құрылды?

3.қыпшақ хандығы қай жерде құрылды?

.ІХ.Қорытындылау:

Міне,оқушылар бүгін сендер Қыпшақ хандығы тақырыбында түсінік алдыңдар. Қыпшақ мемлекетінің Қазақстан жерінде өмір сүргенін,көршілермен қарым-қатынасы,тарихы,шаруашылығы мен мәдениетінің өз дәрежесінде дамығандығын білдіңдер.«Тарихты білмей-өткенді,қазіргі жағдайды білу,келешекті болжау қиын»,-деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай ,ІХ-ХІ ғ.мемлекеттердің өркендеу жолы бар ,қалыптасқан ,алғашқы феодалдық мемлекет болғандығын естен шығармайық.

Президентіміз Н.Назарбаев тәуелсіздік туралы «Қазақстанның тәуелсіздігі бейбіт жолмен келді .Бұл-азаттық үшін алысқан мың-мыңдаған азаматтардың қанының өтеуі.Бұл-бүкіл тарихында өзгелерге қиянат жасау дегенді білмеген халықтың пейілінің қайтарымы»деп жазды.

Тарихымызға көз жіберсек тәуелсіздік үшін ,еліміз бен жерімізді сақтап қалу үшін күрескен асыл ерлердіңарқасында

Ел үшін жанын пида еткен,болашақ ұрпақ қамы үшін күрескен ерлерін ел ешқашанда ұмытпаймыз.

Х.Бағалау.

ХІ.Үйге тапсырма:13.

Бекітемін.................................30.01.17. 7-сынып қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып, қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылықтары екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: Материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту,
мәдениетті жан - жақты қырынан тани білуге көмектесу, қазақ халқының материалдық мұражайына саяхат жасата отырып, білімдерін еске түсіру арқылы дамыту, өз көзқарастарын қалыптастыруғакөмектесу.
Тәрбиелік; Қазақ халқының бай мәдениетіне деген қызығушылықтарын одан әрі дамыту, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,суреттер
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап,

Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Дін дегенді қалай түсінесің?
2. Адам баласы алғашқыда неге табынған?
3. Қандай деректердің көмегі арқылы біз жерленген адам -
дардың нанымдарын анықтай аламыз?
4. Адам баласы табиғаттан тыс дүниені не деп атаған?
5. Құдайды адамдар қалай елестеткен? Оларды неден жа -
саған?
6. Ежелгі түркілердің негізгі нанымы не болған? Тәңір дегеніміз олардың ұғымында қалай аталады?
7. Б. З ҮІғ. Қазақстан жерінде мекендеген түркі тілдес халықтардың арасында қандай діндер тарады? Будда,
ислам, діндері қай елдерден келді?
8. Қазақстан жеріне Азия елдерінен таралған діннің бірі?
9. Заратуштралық ілімді қола дәуірінде қай тайпалар қол -
данған? Қай тайпалар осы ілімге қарсы шықты?
10. Дінді зеріттейтін ғылымды қалай атайды?

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары
1. Қазақ халқының баспанасы
2. Қазақ халқының ұлттық киімдері
3. Ұлттық қолөнері
Мәдениет дегеніміз не?
Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» «қала, қалалық»деген сөзінен енген.
Мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығы - ның жиынтығы. Адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі.
Мәдениет
Материалдық Рухани
Адам баласының шаруашылыққа Атадан балаға таралған
байланысты күнкөрісінен туған шығармалар(аңыз әңгімелер, жыр,
дүниелері(баспанасы, киім - кешегі, дастан, салт - дәстүр, мақал - мәтелдер,
жиһаздары, қолөнер бұйымдары) даналық сөздер)

Оқушылар, енді мұражайға саяхат жасаймыз.
Қазақ халқының мұражайына қош келдіңіздер!
1 - зал Қазақ халқының баспанасы
2 - зал Қазақ халқының ұлттық киімдері
3 - зал Ұлттық қолөнер
І. Алғашқы баспаналар

Киіз үй көшпелі халықтардың қысы - жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әртүрлі болып келеді.
Киіз үйдің негізгі қаңқасы киіз үйдің сүйегі деп атайды. Оған кереге, уық, шаңырақ және есік жатады.
Киіз үйді қалай құрады, осымен танысамыз.
Кіз үйдің қандай түрлері болады? Оқушылар өздері білетіндерін айтады.
Киіз үйдің түрлері:
Орда - салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, елдік мәселе шешетін аса құрметті хан, би сұлтандар отыратын үй.
Алтын орда – 30 қанаттан тұратын, ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік - 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ шаңқан - 18 қанаттан және 12 қанаттан тұратын елбасылар, бай, билер тұратын киіз үйлер,
Ақ ала орда - сегіз қанатты, дәулетті бай үйі.
Ақ үй - 6 қанатты дәулетті адамдар үйі.
Боз үй, қоңыр үй - 4 - 5 қанатты орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй - кедей үйі
Отау – жас жұбайлар үйі.

ІІ. «Қазақ халқының ұлттық киімдері” бөліміне хош келдіңіздер!
Бүгінгі таңда ұлттық киімдерімізді қазіргі заманға сай дайындап, әлемдік деңгейде таныстырудамыз. Соған бірден - бір үлес қосып жүрген атыраулық еліміздің бас суретші - модельері ретінде танылған талант иесі Гүлмаржан Махамбет туралы айтамын
ІІІ.“Ұлттық қолөнер” бөліміне хош келдіңіздер!
Қолөнер бұйымдарымен танысамыз.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
1. «Орнын тап» Суреттерге қарап топқа бөлеміз.
Ер адамның киімдері Қыз баланың киімдері
2. Топтастыру
Қолөнер бұйымдарына нелер жатады?
Оқушының шығармашылық жұмысы
1. Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
2. Оқушылар дайындаған сөзжұмбақтарды шешу

Ү. Қорытынды
“Өткендерін жек көрген - өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген - өскендіктің белігісі”
ҮІ. Үйге тапсырма
Қазақ халқының материалдық мәдениеті оқу, түсінік айту.
«Үй жиһаздары», «Қолөнер бұйымдары»слайд жасау.
ҮІІ. Бағалау

Бекітемін.........................

Күні: 21.11.16.

7 - сынып
Сабақтың тақырыбы:Қолөнер мен сауданың дамуы.

мақсаты:: - Оқушыларға ортағасырлық қалалар мен олардың құрылыс жүйесін таныстыру.
- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
- Ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Өзгеріс жасау кезінде сыныпта не болатынын бағалау. Болжағанның орнына шындығында не болып жатқанын нақты анықтау. Үдеріске қандай да бір жаңалықты ұсыну.

жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Неліктен бұл жол Жібек жолы деп аталды?

2. Ұлы Жібек жолынын бағыттарын картадан керсетіңдер.

3. Ұлы Жібек жолы бойымен сауданың дамуы шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?

4. Неліктен Ұлы Жібек жолы мәдениет пен халықаралық қатынастар жолы деп аталады?

5. Жібек құртын әсіру құпиясы баска елдерге қалай ашылды?

6. Көшпелілердің басқа өркениеттермен қарым-қатынасында Ұлы меридианалды жолдың маңызы қандай болды?

7. Ұлы Жібек жолының Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атаңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ:
1. Тақтаға тірек сөздерді жазу.
Шахристан - цитадельді қоршап жатқан екінші бөлім.
Рабад - еңбекші халық тұратын бөлігі.
Цитадель - қаланың орталық бөлігі.
Дуал - қаланың қоршалған бөлігі.
Сәкі - үй алдындағы демалатын орын.
Тандыр - отқа піскен нан.

ІҮ. Ойлан тап !
I - топ:
1. Қалалар құрылысы туралы мәліметтер беретін қандай ғылым? (архиология)
2. Көшесіне қыш - құмыралар сынығы төселген сауда орталығы қай қаладан табылған?(Отырар қаласынан)
3. Шеберханалар неге тұрғын үйлерден аулақ салынды? (шеберханаға қыш ыдыстары жинайтын кептіретін жерлер қажет болды)
II - топ:
1. Тұрғын үйлер қалай орналасты? (Тұрғын үйлер көшенің екі жағында салынды)
2. Қалалардың қорғаныс құрылысы қандай болды? (қала сыртына биік әрі қалың етіп айналдыра дуал тұрғызылған) Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерде қарауыл күзеті тұрған.
3. Қалаларда мал ұстайтын қара - қопсы болды ма? (болды. Олар тұрғын үйлердің жанына салынды.)
III - топ:
1. Қалаларда кісі көп жиналатын орындарды ата. (мешіт, сауда орындары, керуен сарайлар)
2. Қаланың қолөнершілер мен еңбекші халық тұратын бөлігі қалай аталды? (рабат)
3. XVI - XVII ғасырларда Қазақстан аумағында қанша қала халқы болған? (70 мыңдай)
Сұрақтарға жауап береді және тақтада ілінуі тұрған суреттермен қатыстылығын анықтайды. Сұрақтарға жауап беріп болған соң ынталандыру үшін смайликтер таратамын.

Ү.Термин сөздермен жұмыс.

  1. Тақтаға тірек сөздерді жазу.
    Шахристан -
    Рабад -
    Цитадель -
    Дуал -
    Сәкі -
    Тандыр –

ҮІ: Кестемен жұмыс

Қалалар

Орналасқан аймақ

ҮІІ.Үйге тапсырма

ҮІІІ.Бағалау.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Автор: Ажмеденова Тоқтар Тасқалиқызы

Дата: 13.08.2019

Номер свидетельства: 517618

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства