1. | Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті. Орхон ескерткіштері.Күлтегін жазуы Сабақтың мақсаты –Ежелгі дәуір әдебиеті туралы толық мағлұмат білу, топтық жұмыстарға ынталандыру, қалай оқу керектігін ұғыну, АКТ қолдану арқылы ақпаратты таңдай білу, сыни ойлауға үйрену, бағалай білуді үйрену. Күтілетін нәтиже: Ежелгі дәуір әдебиетінен алған білімдерін теориямен байланыстырып, практикада ұштастыра алады,тақырып төңірегін де түрлі проблеманы анықтап, сұрақ қою арқылы дәлелдейді және өзіндік байланысын ажырата алады; Тақырыпты түрлендіре отырып, өзіндік анықтама бере алады; кешенді зерттеу жүргізіп , өзіндік ерекшеліктерін өзара байланыстыра отырып, көрнекі түрде жеткізе алады; нені, қалай оқу керектігін түсінеді, бастаған ісін тиянақты аяқтауды үйренеді; сыни тұрғыдан ойлай білуге үйренеді, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, тақырыпқа орай пікірін шығармашылықпен жеткізе біледі;өзін-өзі бағалай алады, өз жұмысын кластастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады;ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып, ақпаратты таңдай алады. | 1.Психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі «Мозайка» әдісі арқылы топтарға бөлінеді. 2. Оқушылар тренинг-жаттығумен байланыстыра отырып, сабақ тақырыбы мен мақса тын анықтауға ұмтылады. Ежелгі дәуір әдебиеті.Орхон ескерткіштері тақыры бы бойынша алған білімдерін қайталаудыңалгоритмін немесе өздері үшін маршрут картасын құрастырады: Әдебиет өнері дегеніміз не; қанша дәуірді бастан өткерді? Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілдерін ата, қазіргі қоғаммен байланыстыр Әр топ берілген тапсырманы толықтыр ып, ортақ алгоритм жазады және әр оқушығамаршрут картасына белгі соғылады. 3. «Қазақ әдебиеті» («Шың-кітап») электронды оқу құралы бойынша топ мүшелеріөткенматериалды еске түсіре отырып, сызба дайындайды. 4. Төрт топтың әрқайсысы ортаға шығып, жұмыстарын қорғайды,қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады, бағалайды. 5.Мысал жазылған тексеру парағы бойынша оқушылар жауаптарын электр-онды тестілеуге енгізеді, өзін-өзі тексереді. | Ұсынылған пікір-лердітоп ішінде өзара бағалайды және бір-бірін толықтыра келе топтың атынан ортақ шешім ұсынады. Оқушылар маршрут картасы бойынша сабақ барысында өзіндік бағалау жасап отырады. Дайын сызбаны «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.Өзіндік талдау жасаған парақтарын топта сағат тілі бойынша алмастырып, бағалайды. Критерий бойынша қалыптастырушы бағалау жасайды. Электронды тест арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді, өз білім деңгейлерін анықтайды. Жұптық тексеру жүргізіп, бағалайды. Сабақ соңында оқушының өз бағасы, сыныптасының берген бағасы және мұғалімнің бағасы салыстырылады, қорытынды шығарылады. | Психологиялық жағынан жағымды ахуал қалыптастырумақсатында өткізіледі, оқушылар түгел қатысады. Ынтымақтаса жұмыс жасауға ұмтылыстары пайда болады. Оқушылар бір-бірін оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қоюға әзірленеді, жауап беруге ұмтылады. Өзара оқыту арқылы дарынды балалар өз сыныптастарына көмектеседі. Оқушылардың өздерінің бағалау жүргізгені олардың ерекше ынтасын оятады. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет пайда болады. | Мұғалім мен оқушы арасындағы сенімділік ахуалын орнату арқылы барлық бала сабаққа белсенділікпен қатысады. Зияткерлік, эмоционалдық, әлеуметтік кедергілері бар оқушыларға топта тапсырма орындауға еркіндік туып, бір-бірімен пікірлесе отырып кіріседі. Маршрут картасы бойынша өзінің ілгері жылжығанын көріп,іштей сезініп, оқуға деген қызығушылығы артады. Электронды оқу құралы арқылы білімді меңгеру балаға әлдеқайда қызықты әрі тиімді. | Оқушылар бірлесе дайындаған маршрут картасы бойынша сабақ барысында өзіндік бағалау жасап отырады. Маршрут карталарын сабақты қорытындылау алдында жинап алу, танысу, қай оқушының қай деңгейде екендігін анықтауға болады. Сабақ соңында оқушылардың электронды тест арқылы өзін-өзі бағалауының қорытындысында: 1-4 ұпай төменгі деңгей; 5-7 ұпай орта деңгей; 8-10 жоғары деңгей көрсеткен оқушылардың нәтижесі бойынша қосымша көмек қажет оқушыларды анықталады. |
2. | Сабақтың тақырыбы: «Қорқыт ата» кітабы Сабақтың мақсаты: Аңыз жайында мен не білемін, Қорқыт атаның өмір жолы мен ол туралы айтылған аңыздар мазмұнын меңгеру, теориядан алған білімді практикалық жұмыста шыңдау,топтық-ұжымдықжұмысқа дағдылану, өзінің, өзгенің жұмысына сыни тұрғыда қарай білу, бағалай білу, АКТ ақпаратын тиімді түрде өңдей білу, өзін-өзі жүзеге асыру. Күтілетін нәтиже: « мәңгілік өмір» сөзінің мағынасына орай сөз төркінін ашу, контекстегі сөз қолданысына назар аудару, Асан қайғы туралы аңызбен ұштастыру, ақпаратты өз бетінше меңгере алады; сыныптастарына түсінікті тілмен ақпаратты жеткізе біледі; мәтінге байланысты сұрақ қоя білуге дағдыланады;сыныптастарын тыңдай білуге үйренеді; өзінің және сыныптастарының оқуы үшін жауапкершілікті бөлісе біледі; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша ақпаратты саралай білуге үйренеді; танымдық іс-әрекет үдерісінде коммуникативтік дағдыларын жүзеге асырады. | 1.Психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі, «Менің сыйлығым» ойыны арқылы топтарға бөлінеді. 2.Оқушылар үй тапсырмасына өздерініңқай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі тақтаға түрлі түсті смайликтермен бағалауды ұсынады. 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. «Кластер» әдісі арқылы «мәңгілік өмір» сөзінің мағынасын ашады: 4.Топтық жұмыста әр топтың мүшелері «Қорқыт ата» кітабы атты тақырыпты оқып танысады да өздеріне бекітілген тапсырманы орындай ды. 1-топ – Сөз төркінін зерттейді 2-топ –тарихи дерекке түсінік береді 3-топ – мақал-мәтелмен өрнектейді 4 –топ –топонимикалық атауларды жинақтайды 5.Сабақ «Кім әділ бағалайды?»рольдік ойын арқылы өткізіледі: Топтарда а) сөйлеуші, ә) талдаушы, б) сынаушы, в) қорғаушы г)бақылаушы анықталады 1-қадам: әрқайсысы өз міндеттерін бөліседі. 2-қадам: Әр топта берілген тапсырмаға орай бірлесе дайындық жұмысы жүргізіледі: сөйлеуші берілген тапсырма төңірегінде ой қозғайды;сынаушы айтылмыш ойды мұқият тыңдап сын тұрғысынан бақылай ды,сөйлеушіге деген пікірін айтады; қорғаушы сөйлеушінің сөзін қолдап,оны түрлі дәйектермен қорғап шығады; талдаушы кімнің қандай жұмыс атқарғанын есепке алып, өзіндік анализ жүргізеді.Ал бақылау шы қанша уақыт кетті және іс-әрекет жүйелі түрде өтті ме? 3-қадам: топтардағы сөйлеушілер сағат тілі бойынша келесі үш топқа алма-кезек ауысып, өз хабарламаларын түсіндіріп шығады. Сынаушы,қорғаушы, талдаушы,бақылаушы өз топтарында отырып, басқа топтан келген сөйлеуші хабарламасын тыңдайды және өз міндеттерін атқарып отырады. Сөйлеуші оқулықты не қарарды қолдана отырып түсіндіреді. 4-қадам: төрт топтың қорғаушылары 1 топқа, сөйлеушілері 1 топқа, сынаушы 1 топқа, талдаушылар 1 топқа , бақылаушылар 1 топқа жиналады. Сөйлеушілер хабар ламаларын ортаға салады, талқылайды, қалай жеткізгені жөнінде пікірлеседі. 5-қадам: сынаушылар тобы,қорғаушылар тобы, сөйлеушілер тобы, бақылаушылар тобы, талдаушылар тобы өз жұмыстарын қорытындылайды, бағалап пікірлерін айтады. «Синквейн» әдісі арқылы тақырып түйінделеді. | Әр оқушы өзінің қай деңгейде дайындалып келгендігіне орай өзін-өзі тақтаға түрлі түсті смайликтермен (жақсы, орташа, нашар) бағалайды.Оқушылар дәптерлерін алмасып, жұптық бағалау (бағасыз бағалау -смайлик арқылы) жүргізіледі. Сабақ соңында барлық оқушылардың жұмыстары жинақталып, толық тексеріледі: баланың өз бағасы,сыныптастарының өзара бағасы мұғалім бағасымен салыстырылады. Әр топта рөлдік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өз міндеттерін атқарады, өзгенің іс-әрекеттерін бақылайды, бағалайды, талдау жазып отырады. Сынаушылар тобы,қорғаушылар тобы,сөйлеушілер тобы, бақылаушылар тобы, талдаушылар тобы өз жұмыстарын қорытындылайды, өзгенің жұмысын бағалап пікірлерін айтады. | Топтың пікірі бойынша, өте жақсы жазылған жұмыстардың көшірмесін сынып газетіне ілінеді, өзге оқушыларға үлгі ретінде ұсынылады. Барлық оқушы белсенді қатысып, өз қабілеттерін таныта алады, өзін-өзі жүзеге асыра алады, өзін дамыта алады. Қабілеттеріне қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қолжетімділік. | Әр оқушы өзінің үй жұмысын әуелі сыныптастарына, тобының мүшелеріне тексертеді. Балалар ақпаратты өз бетінше ұғынады және меңгере алады. Оқушылар қабілеттеріне орай рөлді өзара келісе отырып таңдап алады. | Үздік жазба жұмыстар оқылады. Оқушы өзінің жазба жұмысын үлгілі жұмыстармен салыстырып, өзін-өзі реттеп отырады. Оқушылар өзінің және сыныптастарының оқуы үшін жауапкершілікті түсініп, өзінің және өзгенің іс-әрекетін бағалай, талдай біледі. Теориялық материалды өзінің, сыныптасының қалай түсінгендігі жөнінде оқушы ой түйе біледі. |
3. | Сабақтың тақырыбы: Оғыз қаған жыры Сабақтың мақсаты –Жырдың ерекшеліктерін, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылу, топта талқылай алу, мәселенің шешімін бірлесе табу, сұрақ қоя білу, бағалау арқылы өз білім деңгейін саралау, АКТ ақпаратын тиімді қолдану. Күтілетін нәтиже: Жырдың ерекшеліктерін анықтай, белгілей алады; өз ойларын талдай және сараптай алады; ойлау логикасы дамиды; таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас шеберлігі қалыптасады; сұрақ қоя білу дағдылары дамиды;сыни тұрғыда ойлауға үйренеді;қалай, нені оқу керектігін үйренеді; ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдануды, ақпаратты өңдеуді үйренеді. | Сабақ басында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі. «Ғажайыпстанға саяхат» деген айдармен көне грек ойшылыХиллоннан дүниеде не қиын деп сұраған екен.Осы ой қозғауды оқушыларға қойып, жауаптар анықталады. «Қағанның қайдай түрлерін білесің?» деген сұрақ төңірегінде оқушылар өзара жұппен ой бөліседі. Топпен пікірлесе, талқылайды. Ортақ презентация ұсынады. Топтық жұмыс қорғалады. «Жуан» және «жіңішке» сұрақтар әдісі (жай, қарапайым сұрақтан күрделі сұрақтар) бойынша салыстырмалы және күшейтпелі шырайлар ға қатысты әр оқушы сұрақ дайындайды. Сұрақтарын стикерге жазып, тақтадағы бөлінген екі бағанға өздерінің сұрақтарын өздері бағалап, саралап жапсырады. Оқушылар тақтада жапсырылған сұрақтарды оқып, өздері жауап беретін сұрақтарды таңдап алып, жауап береді. Оқушылар жауаптарына байланысты түрткі сұрақтар, қайта бағыттау сұрақтары беріледі, жауаптар талқыланады. «Кері байланыс» парағының 1-бетіне оқушылар сын есімнің түрленуі және шырай түрлері бойынша меңгерген негізгі ұғымдары, 2-бетіне нені түсінбегендігін жазады. | Жұптық тексеру. Ерекшеліктері мен ортақ белгілерін қанша жазғанына байланысты белгі қойып, бағасыз өзара бағалайды. Электронды оқулық бойынша ОүБ жүреді, презентацияларында нені қамтығанын өздері тексереді, қорытынды шығарады. Оқушылар өздерінің дайындаған сұрақтары бойынша өз деңгейлерін өздері саралап, бағалап, тиісті бағанға іледі. Оқушылар тақтада жапсырылған сұрақтарды оқып, өздері жауап беретін сұрақтарды таңдап алып, жауап береді. «Кері байланыс» парағы арқылы ОүБ жүргізіледі. | Оқушылар тақырып бойынша білімдерін өзектендіреді, өзін-өзі реттейді, қабілеттеріне орай өздерін дамыта алады. Таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану оқушыларға қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес жұмыс жасауға мүмкіндік береді. | Оқушылар өз білетіні мен ұмытқан білім дерін сыныптастарымен салыстыра отырып, нені және қалай оқу керектігін, білімінің нәтижесін бағалауды үйренеді. Оқушылар қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес жұмыс жасауға мүмкіндік алып, еркін жұмыс жүргізеді, оқудағы зияткерлік, эмоционалдық, әлеуметтік кедергілерді жояды. | « Қағанның қайдай түрлерін білесің?»сауалына өзіндік жауаптардың ерекшеліктерін саралау арқылы оқушылардың тақырып бойынша білімдерінің қандай деңгейде екендігі анықталады. «Кері байланыс» парағының 1-бетінеоқушылар тақырыпбойынша меңгерген негізгі ұғымдары, 2-бетіне нені түсінбегендігін жазады. Қай оқушының білімді қандай деңгейде меңгергендігі анықталады. |
4. | Сабақтың тақырыбы: Ислам дәуіріндегі әдебиет Сабақтың мақсаты: Ислам дәуіріндегі әдебиет өкілдерін меңгерту,ерекшелігіне орай когнитивтік даму, сыни ойлауға үйрену, критерий бойынша бағалауға дағдылану, топтық жұмыс дағдылары жетілу, өз дамуын ұғыну, өзіндік ілгерілеуі мен қабілеттеріне орай алға жоспар қоя білуді үйрену. Күтілетін нәтиже: оқушыларға тақырыпты өзектендіру жолдары мен мағыналық қарым-қатынасына байланысты тыныс белгілерін дұрыс қоя біледі; ойластырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды; сыныптастарын тыңдай білуді, сұрақтар қойып, түсінік беруді үйренеді; өзін-өзі, өзара критерий бойынша бағалай білуге дағдыланады; танымдық үдеріс барысында коммуникативтік қабілеттерін дамытады; жас ерекшелігіне сай білім меңгеру деңгейін танытады; сыни ойлай білуге үйренеді; ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді қолдана біледі, ақпаратты сараптап қолдана алады. | Психологиялық тренинг-жаттығу өткізіледі, «Жеті күлте сәуле гүл» арқылы топтарға бөлінеді. Топтарға ортақ мәтін ұсынылады.Мәтін құрамындағы әріптер орыс,қазақ және ағылшын тілдерімен аралас берілген.Тапсырма: «Археологиялық зерттеу» деп аталады,мәтін құрамындығы әр әріптің санын білумен қатар жазылғын сөйлемдер тізбегін анықтайды.Сызба-кесте түрінде тақтаға шығып талдайды.Тапсырманы орындау барысында көмекші дәптерлер мен оқулықтар қолданады. «Автор орындығы» бойынша «сын есім» атынан сөйлеу. Интерактивті тақтада үш топқа жеке тапсырмалар беріледі. «Ақыл-ой одессеясы» бойынша әр топ мүшелері конверт таңдап алды.1 топқабалмұздақ,2 топқа қалам,3 топқа етік таңдап алынды. Тапсырмасы бойынша ұсынылған зат неге ұқсас екені анықтала ды.1. зерттейді; 2 .жетістігін айтады (таңдалған зат бойын ша); 3. кемшілігі айтылады; 4.жетілдіру жолдары; 5.қорғайды; 6.жарнамалайды. «Синквейн» әдісі арқылы тақырып түйінделеді. | Басқа оқушылар критерий бойынша бағалап отырады. Оқушылар тыңдап, ашық сұрақтар қояды, өзіндік ұсыныстарын айтып талқылайды. Оқушылардың ұшқыр ой иесі екендігіне көз жеткізе отырып, ұтымды ой,өзіндік идеяның сипатта луына аса мән бере отырып, «Ең үздік идея», «Үздік қорғаушы» т.б.мадақтама қағазы беріледі. «Үш шапалақ»әдісі Қалыптастырушы бағалау мақсатында оқушылар дәптерлеріне түсініктемелер жазылады. | Шешімдері алдын-ала анықталмаған элементтері бар тапсырмаларды зерттеу. Оқушыларға өздерінің неге қол жеткізетіндігіне қабілетті екендігіне көздерін жеткізу. | Мұғалімнің көмегінсіз өз ісінің көзін табады. Алға басуды қадағалайды және қажет кезде көмек сұрайды. | Ислам дәуіріндегі әдебиет өкілдері туралы жаңа тақырыпты қалай меңгергеніне орай берілетін тапсырма – сөйлемдерді анықтайды және сызба-кесте арқылы тексеру, өзінің қателерінің себептерін анықтау, нәтижені барлық оқушының игергенін немесе игерудің қай сатысында екенін көрсетеді. Оқушылардың дәптерлері толық жиналып, тексеріледі. Қалыптастырушы бағалау мақсатында дәптерлерге түсініктемелер жазылады. Оқушыларға өзін жетілдіруге мүмкіндік беріледі. |