kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?итын ел – озы? ел

Нажмите, чтобы узнать подробности

Піржан ?лия Нажим?ызы,

№5 жалпы орта білім беретін мектебіні?

?аза? тілі мен ?дебиеті п?ні м??алімі

Ма??ыстау облысы, М?найлы ауданы

87022857574

 

 

Саба?ты? та?ырыбы: О?итын ел – озы? ел (23 с?уір кітап к?ні)

Ма?саты: Баланы тере? ой мен саналы білімге жеткізуде кітапты? алатын орнын т?сіндіру. О?ушыларды? кітап?а ?ызы?ушылы?ын арттыру, к?пшілік алдында ойын еркін жеткізе білуге баулу. Білімді де білікті, парасаты биік азамат т?рбиелеу.

Т?рі: жарыс саба?ы.

?дісі: т?сіндіру, с?ра?-жауап.

К?рнекілігі: на?ыл с?здер жазыл?ан плакаттар, ?лестірмелі ?а?аздар.

Барысы

?йымдастыру. О?ушылар назарын саба??а аудару.

Ма?ынаны тану. Кіріспе с?з.

Кітап – заманымызды? ?мірі, ол к?ріге де, жас?а да ?ажет. Біз кітаппен к?н сайын кездесеміз. Кітап – адамны? д?ниетанымын ке?ейтіп, рухани жан-д?ниелерін оятатын а?ылшы.

?лы Абай атамызды? с?зіне ж?гінсек, ?зіні? 41-?арас?зінде: «Кітап – жан азы?ы: жы?ыл?анда с?йеу болады, адас?анда тура жол?а салады», – делінген.

Франкофония – француз тілінен аудар?анда «Кітап мейрамы» деген с?з. Б?л мейрам Францияда жылына бір рет тойланады. М?ны? ма?саты – «кітап деген білім м?хиты барын» о?ырмандар?а білдіру, жас ?рпа?ты? есіне салу. ?андай а?ылды ел десе?ізші!? Б?л жа?сы д?ст?р бізді? республикалы? балалар кітапханасында да бастау алды.

Кітапты? даму тарихы жазу ?неріні? шы?уымен ж?не ?ажетті материалдарды? табылуымен ты?ыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шы?ыс елдерінде, Грецияда, Римде ?ыш текшелеріне, та?та тастар?а сына жазумен жазатын бол?ан.

Ежелгі Мысырда ?амыс ?олданыла бастады. ?амыс?а басыл?ан кітаптар о?тауша т?рінде шиыршы?талып орал?ан, біра? ол онша т?зімді болмай, оны? орнына пергамент ?олдана бастады. Кейін пара?ты б?ктеме кітап д?ниеге келді.

Бізді? заманымызды? ІІ ?асырында ?ытай шебері Цой Лунь ?а?азды ойлап тапты. ХІІІ ?. б?л ?а?аз жасау ?нері Шы?ыстан Батыс?а тарады.

?аза? жерінде кітапты? шы?уы ?аза?станны? Россия?а ?осылуымен байланысты. Б??ан дейін ?аза? хал?ыны? кітаптары к?бінесе араб ?рпімен жазылып, ?олжазба т?рінде тарады.

1800 ж. Патша ?кіметі Россия хал?ыны? тілінде кітап шы?ару?а р??сат етті. Осы?ан ?арай, ?азан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы ?алаларында кітаптар шы?а бастады.

?азір ?аза?станда ?лтты? Мемлекеттік кітапхана, я?ни бас кітапхана ж?мыс істейді.

Кітап – ?рі ?стаз, ?рі т?рбиеші, а?ылшы. ??лама ?алым ?бу Насыр ?л-Фараби: «Т?рбиесіз берілген білім – адамзатты? хас жауы деген екен. «Жа?сы кітап – жан азы?ы» дегендей, кітап – жанны? емшісі, кітап теріс ?адамдардан тыйылу?а жетелейді, білімді молайтады. О?ы?ан-то?ы?аны? к?п болса, же?бейтін жау, алынбайтын ?амал жо?. «Батыр бірді жы?ар, білімді мы?ды жы?ар» деген халы? даналы?ы бекер айтылма?ан. ??ламаны? б?рі кітапхананы? алдында ?арыздар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?итын ел – озы? ел »

Піржан Әлия Нажимқызы,

№5 жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

87022857574



Сабақтың тақырыбы: Оқитын ел – озық ел (23 сәуір кітап күні)

Мақсаты: Баланы терең ой мен саналы білімге жеткізуде кітаптың алатын орнын түсіндіру. Оқушылардың кітапқа қызығушылығын арттыру, көпшілік алдында ойын еркін жеткізе білуге баулу. Білімді де білікті, парасаты биік азамат тәрбиелеу.

Түрі: жарыс сабағы.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, үлестірмелі қағаздар.

Барысы

Ұйымдастыру. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Мағынаны тану. Кіріспе сөз.

Кітап – заманымыздың өмірі, ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап – адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани жан-дүниелерін оятатын ақылшы.

Ұлы Абай атамыздың сөзіне жүгінсек, өзінің 41-қарасөзінде: «Кітап – жан азығы: жығылғанда сүйеу болады, адасқанда тура жолға салады», – делінген.

Франкофония – француз тілінен аударғанда «Кітап мейрамы» деген сөз. Бұл мейрам Францияда жылына бір рет тойланады. Мұның мақсаты – «кітап деген білім мұхиты барын» оқырмандарға білдіру, жас ұрпақтың есіне салу. Қандай ақылды ел десеңізші!? Бұл жақсы дәстүр біздің республикалық балалар кітапханасында да бастау алды.

Кітаптың даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде, Грецияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазумен жазатын болған.

Ежелгі Мысырда қамыс қолданыла бастады. Қамысқа басылған кітаптар оқтауша түрінде шиыршықталып оралған, бірақ ол онша төзімді болмай, оның орнына пергамент қолдана бастады. Кейін парақты бүктеме кітап дүниеге келді.

Біздің заманымыздың ІІ ғасырында Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. ХІІІ ғ. бұл қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарады.

Қазақ жерінде кітаптың шығуы Қазақстанның Россияға қосылуымен байланысты. Бұған дейін қазақ халқының кітаптары көбінесе араб әрпімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.

1800 ж. Патша үкіметі Россия халқының тілінде кітап шығаруға рұқсат етті. Осыған қарай, Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Семей, Омбы қалаларында кітаптар шыға бастады.

Қазір Қазақстанда Ұлттық Мемлекеттік кітапхана, яғни бас кітапхана жұмыс істейді.

Кітап – әрі ұстаз, әрі тәрбиеші, ақылшы. Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы деген екен. «Жақсы кітап – жан азығы» дегендей, кітап – жанның емшісі, кітап теріс қадамдардан тыйылуға жетелейді, білімді молайтады. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ғұламаның бәрі кітапхананың алдында қарыздар.

Пікірсайыс.

Жақтаушы

Кітап

– Кітап оқу – мәдениеттің негізі;

– Кітап оқуды тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады:

– Кітап жан айнасы: оған қарап бойыңды, ойыңды түзейсің;

– Кітап маған тақтан да қымбат.

Даттаушы

Компьютер

– Қазір білім алатын ақпарат негіздері көп;

– Ақпараттық қоғам – жаңа үлгідегі мәдениет;

– Компьютерлік техниканы, интернетті қолдану – білім сапасын көтереді.

Түйінді сөз: «Интернет – бір күндік, кітап – мәңгілік»

Кітап – мәңгілік. Компьютерді білімнің арқасында адам жасап шығарған. Әл-Фараби, Абай, т.б. ғалым, ақын-жазушылар кітаппен сусындап, кітаппен аты әлемге әйгілі болып, артына ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өшпес мұра қалдырып келеді.

Сынып 3 топқа бөлінеді, жарыс ұйымдастырылады.

«Тосыннан тапсырма, тосылған – тапқыр ма?»

1. Ежелгі Қазақстанда жазу қалай пайда болды? (жартас, үңгір, ыдыстарда)

2. Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы кім? (А. Байтұрсынов)

3. Ежелгі кітапханалардан қай кітапханаларды атауға болады? (Грозный, Алесандрия, Македонский, Ярослав Мудрый, Храм және монастырь кітапханасы)

4. Қазақстан территориясында қандай ежелгі кітапхана болған? (Отырар кітапханасы)

5. ҚР Ұлттық кітапханасы қай жылы ашылды? (1931 ж.)

6. Фамилиялары бірдей қандай ақын-жазушыларды білесің?

(Тұманбай Молдағалиев, Ж.Молдағалиев)

(Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов)

Қасым Аманжолов, Сәрсен Аманжолов)

7. Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің?

(Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов)

(Сәбит Мұқанов, Сәбит Дөнентаев)

8. Ең көп шығарма жазып қалдырған қандай жазушыларды білесің? (М.Әуезов – 50 том, Ә.Кекілбаев – 12 том, Қ.Жұмаділов – 12 том)

9. Қай балалар жазушысының шығармасы бойынша кинофильм түсірілді? (Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа»)

10. М.Әуезовтің қандай шығармалары бойынша кинофильм түсірілді? («Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек», «Абай»)

11. Балаларға арналған қандай газет-журналдарды білесің?

12. Тіл мерекесін қай күні тойлаймыз? (22 қыркүйек)

«Менің сүйікті авторым». Шығарамалардың авторын табу.

«Білім таппай мақтанба» – Абай

«Бай баласы мен жарлы баласы» – Ыбырай

«Ереуіл атқа ер салмай» – Махамбет

«Ер ана» – Ғ.Мүсірепов

«Әнші» әңгімесі – Ж.Аймауытов

«Батыр Баян» – М.Жұмабаев

«Көксерек» – М.Әуезов

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» – Б.Майлин

«Бір атаның балалары» – М.Мағауин

«Тұтқын бала», Қызыл жебе» – Ш.Мұртаза

«Көшпенділер» – І.Есенберлин

«Толағай» ертегісі – Ә.Тәжібаев

«Жасырынған тұлғалар»

1. Қостанай, Құсмұрын бекеті, тұңғыш ғалым, саяхатшы, кадет корпусы, қырғыз елін зерттеу экспедициясы (Шоқан).

2. Қостанай облысы, Затабол ауданы, тұңғыш оқулық «Қазақ хрестомаиясы», мектеп ашты, тұңғыш аудармашы (Ыбырай)

3. Бұрынғы Семей облысы, ауыл молдасынан сауат ашқан, үздік оқыған, араб, парсы тілдерін үйренген, бос уақытында кітап оқиды, өз бетімен ізденеді (Абай).

Мақал-мәтел жарысы. «Өзіңе сен, қашан да алып шығар,

Еңбегің мен білімің екі жақтан»

Мысалы:

– Кітап – алтын қазына;

– Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы;

– Күш – білімде, білім – кітапта.

– Оқи берсең, көзің ашылады; отыра берсең, жалқаулық басынады.

– Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.


«Мағынасыз сөзде салмақ бар ма?» (Үлестірмелі қағаздарға жазылған сөздерді құрастырып, мақал-мәтел шығару.

Мысалы:

1. Өзің бір жақсы ғалым болсаң – елге мәшһүр, мәлім боларсың.

2. Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

3. Сабыр түбі – сары алтын: сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа.


«Ойлан, тап!» Жұмбақ.

Көлемі шағын көп қырлы,

Қолдан қолға өтеді.

Өмірдің талай мол сыры

Ішін сыйып кетеді.


Қойған жерінде жатады,

Қолыңа ұстасаң, өзіңе тіл қатады.


Көрсоқыр күйде кіріп, көреген болып шығасың. (Кітап)


Әлемдегі ғажайыптар:

– Оңтүстік Қазақстанда салмағы 40 кг. Бет саны 496, ені 53 см. Ұзындығы 84 см, қалыңдығы 13 см. көне Құран кітабы табылған;

– Ағылшын елінде пішіні сіріңке қорабындай, салмағы 20 гр, 878 беттен тұратын кітап «Библия» кітабы жарыққа шыққан;

– Американдық ағаш ұстасы дүние жүзіндегі ең үлкен – салмағы бір жарым тонна, көлемі 1х2,5 м. Бұл туынды орнынан оңайлықпен қозғалта алмаймыз.

– Жапо елі күріш ұнынан тленген қамыр түрінде тәтті болып пісірілген кітап шығарған. Бұл кітапқа шытырман оқиғалы детективтер басылған. Қызық хикаяны оқып болған соң, оны жеп қоясың. Бұл кітап нандар тез сатылып кетіпті. Сұраныс бойынша баспагерлер жейтін кітаптың кезекті тобын әзірлеуде.

Қорытынды сөз.

Абайдың әжесі Зере: «Қарағым, осы күні ішкен-жегенге мәз болып, мойыны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма!» – деп кітапты көп оқуға үйреткен екен.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымы, білімі мен білігі, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек», – деген еді.Олай болса, М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Әр адамның өмірлік досы – кітап, білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?итын ел – озы? ел

Автор: Піржан Алия Нажим?ызы

Дата: 13.02.2015

Номер свидетельства: 172392


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства