Просмотр содержимого документа
«Ода?ай с?здер ж?не т?рлері»
Сабақтың тақырыбы: Одағай сөздер және оның түрлері.
Сабақтың мақсаты: Одағай сөздер туралы жалпы түсінік беру,олардың басқа сөз табынан ерекшеліктерін таныту,одағайдың тілімізде қолданылу аясын түсіндіру.
а)Білімділік мақсаты:Оқушылардың теориялық және іс-тәжірбиешілік білім дәрежесін анықтау.
ә)Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа,өз ойын көркем жеткізе білуге баулу,халықтық салт-дәстүрі негізінде тәрбиелеу.
б)Танымдық мақсаты:1)Сөйлем арасынан одағай сөздерді ажырата білуге,іскерлікке жаттықтыру.
4.Құрау-құрау деген дауыс кешкі тымық ауаны басына көтерді. (С.Мұқанов)
Қызылмен жазылған сөздердің қайсысы қандай мағынаға ие болып тұрғанына көңіл аударды.Оқушылар одағайлардың қандай мағынада жұмсалып тұрғанына талдау жасайды.
«Әй»деген назар аудару,«шіркін»сөзі таңдану,«тәйт» сөзі жекіру,«құрау-құрау» сөзі шақыру мағыналарын білдіретін сөздер.
2-кесте
Одағайдың басты-басты түрлері
1.Адамның назарын аудару үшін қолданылатын сөздер
әй,ей,ой,е,ие,ау,уа,а,мә,иә,ай, т.б.
2.Таңдануды,сүйсінуді білдіретін одағайлар
ахау,ойхой,бәсе,бәоекелді,пәлі,па,ту,жә,тәйірі,тіфу, мәссаған,алақай,ура, т. б.
3.Өкінішті білдіретін сөздер
О дариға,қап,аһ,дүние-ай,апырмай,әттеген-ай,бай-бай,шіркін,ойбай,япыр-ау, т. б.
4.Жекіру одағайлары
тәйт, тек, жә, шәйт,өк. т. б.
5.Шақыру одағайлары
Ауқау-ауқау,әукім-әукім,кә-кә,құрау-құрау,сорап-сорап,шөре-шөре,құр-құр,моһ-моһ, т. б.
Одағайдың мағынасын ажырату,түсіну үшін 3слаидқа жазылған бірнеше одағайсыз сөйлемдер ашылады.Сөйлем мағынасына орай одағайларды тауып (ауызша)қою керек
...сен Біржаннан білетінің болса,айтшы!-деді (Ж.Аймауытов). 2. ...қарағым,сөзімді жерге тастамайтыныңды біліп едім.(Т.Нұрмағамбетов) 3. ... жақсы келдіңдер-ау, - деп Дайыр әп-сәтте түлеп қоя берді (Е.Қоңырбаев) 4. ...Дәмежан,сен қазір кімге ұқсайтыныңды білесің бе? – деді,таңданғаннан аузына сөз түспеді (Қ.Жұмаділов)
Оқушылар мұндай жұмыс кезінде одағайлардың мәнін түсінеді.Ал одағайсыз сөйлем-дерге қарап,адамдардың көңіл-күйінің қандай екендігі аңғарылмайтындығын байқайды.
3-кесте
Одағайдың түрлері
Мысалдар
Алақай,бәрекелді,қап, ойбай, әттеген-ай,бәсе,пәлі, т. б.
Көңіл-күйі
Тәйт,тек,жә, шәйт
О Жекіру
Шақыру
Құрау-құрау,кә-кә,көс-көс, т .б.
-Алақай,бәйге біздің колхоздікі болды,-деді қуанып Темір (Ғ.Сланов)
-Жә, - деді әлдекім көп сөйлеп бара жатқан Исабайды тыйып (М.Мағауин).
«Құрау-құрау»деген дауыс кешкі тымық ауаны басына көтерді (С.Мұқанов)
4. Оқулықпен жұмыс
314-жаттығу.Одағайларды тауып,қандай мағынада жұмсалып тұрғанан көрсетіңдер.
316-жаттығу. Одағайларды тауып,түрлеріне қарай ажыратыңдар.
5. 3-4 минут ойын ұйымдастыру.
Одағайды сендер табыңдар,басқаларын біз айталық
Тыныс белгілерін де ұмытпаңдар.
1...Келгенің жақсы болды ғой!
2...Аңғарбай,бері қарашы!
3...Сен не істеп қойғансың?
4...Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз!
5...Ондай сөзді айтпа.
6...Осынша кешіккендерің-ай!
«Көңіл-күй» ойыны
Ойынның тәртібі: Ойыншылар дөңгелене тұрады.
Ойынның міндеті: Әркім кезек-кезек өзінің ішкі дүниесін,көңіл-күйін білдіретін қимыл көрсетеді.Қалғандары ол адамның көңіл-күйі қандай екендігін тауып айтулары керек.
Мысалы,Анар әдейіден қабағын түйіп,ернін бұртитып,жұдырығын бостау түйіп,қолын аузының қасына қояды.Ал ойыншылар Анардың көңіл-күйінің нашар,бір нәрсені ойлап отырғандығын айтулары қажет.
Ойынның мақсаты:Ой бөлісуге бір-бірінің көңіл-күйін қимыл-қозғалысынан,қас-қабағынан тани білуге үйрету.Және соны сөзбен айтқызу арқылы тілдерін жетілдіру.
6. Поэзияны сүйемін.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.Өлеңдегі көркемдік әсер беріп тұрған сөздерді,одағай сөздерді теріп жазу,тыныс белгісін қою.
Бүгін менің туған күнім
Ой,бәле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
(М.Мақатаев.)
Аһ далам,айхай далам,сағым далам,
Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған.
(М.М.)
Пай!Пай!Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.
Сарылып сал-сері кеткен жер!
Бас иіп,иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
(М.М)
Әй,Тайқарбай,Тайқарбай!
Қойыңды ақ шағылға жай,Тайқарбай,
Тайқарбай,Майқарбайлар толып жатыр,
Әй Тайқарбай дегенім қай Тайқарбай?
Балалардың білім машықтарын қалыптастыру мақсатында ауыз әдебиетінен «Төлді қалай шақырады?» өлеңі мәнерлеп оқиды.Бұл өлең арқылы олардың таным дүниесін дамытуға көңіл бөлінеді. Мал баққан халықтың төлді қалай шақыруы,малдың баласын сүюі,тілегі таныстырылады.
Қой баласы-қоңырым,
Ұя бұзбас момыным,
Шопан ата түлігі-
Қошақаным,қайдасың?
Пұшайт
Пұшайт!
Жүнін жұлса бақырған,
Ешкі атасын шақырған,
Шөкетайым,қайдасың?
Шөре,
Шөре!
Жолға шықсам көлігім,
Жапанда жүрсем серігім,
Қамбар ата өсірген
Құла атым менің қайдасың?
Құрау-құрау,
Құрау!
Тілімен мұрнын жалаған,
Тілімен бойын тараған,
Көкке мұрнын шүйіріп,
Зеңгі баба өсірген!
Әукешім менің қайдасың?
Аухау,
Аухау!
Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай,
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай,
Ойсыл қара баласы-
Ботақаным,қайдасың?
Көс,
Көс!
7. Рефлексия.
1.Бүгінгі сабақтан қандай мағлұмат алдыңдар?
2.Нені аңғардыңдар?
3.Нені ала алдыңдар?
8. Қорытындылау.
Сонымен ,балалар,біз сендермен соңғы сөз табы-одағай сөздерді өттік.Бүгінгі сабақта сендер одағай туралы жалпы түсінік алдыңдар.Оның тұлғалық,мағыналық түрлерімен таныстыңдар.