Просмотр содержимого документа
«"Ода?айды? т?рлері"»
Ақтөбе облысы , Темір ауданы
Кеңқияқ орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Нұрсултанова Айгул Надирбаевна
Сабақтың тақырыбы:Одағайдың түрлері.
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақты қорытындылай отырып, одағайдың ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінетін, қолдану орындарын меңгерту.Ойлау, қабылдау, меңгеру қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды халықтық педагогика тұрғысында тәрбиелеу, сөз өнерін қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақ бойынша сұрақ-тапсырмалар.
Балалар, бүгін «Бәйге» ойыны жарысы өтеді.
1 қатар. «Көктем»
Біздің көктем аталуымыз жылдың осы мезгілі бізге қатты ұнайды. Қалың қар еріп, жерге көк шығып, талдар бүршік атып, барлық жан-жануарлар, жәндіктердің тіршілігі басталады. Мал төлдей бастайды.Адамдардың да көңіл-күйлері көтеріледі.
ІІ қатар. «Наурыз»
Наурыз- жыл басы, қазақтың жаңа жылы. Бұл күні наурыз көже пісіріліп, барлық ұлттық тағамдар дастарханға қойылып, адамдар бір-бірімен көрісетін күн. Күн мен түн теңелетін мезгіл. Өткен реніштерін ұмытып, жаңаратын күн. Біз наурыз айын ұнатамыз.
ІІІ қатар. «Дәстүр»
Қазақтың салт-дәстүрі өте көп.Олар: бесік тойы, шілдехана, тұсау кесу, сұндет той, үйлену тойы т.б. Халқымыз өз дәстүрін құрметтеп, сақтай білген. Қазақтың жаңа жылында осы дәстүріміздің бәрі де орындалады. Сондықтан біз тобымызды дәстүр деп алдық.
Енді «Бәйге» жарысын әрі қарай жалғастырамыз. Балалар, «Бәйге» жарысында аттар жаратылып, бәйгеге қосылады. Озып келген ат бәйгені алады. Біз де бәйгеге шабамыз, өз білімімізді көрсетеміз. Өткен сабақ бойынша тапсырмалар орындалады.Мысалы, опыр-топыр, тарс-тұрс, маң-маң, жалт-жұлт, далбаң-далбаң, тасыр-тұсыр, шаң-шұң, арс-арс, ербең-ербең т.б.
Еліктеу сөздің түрлерін атап кету.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, сіздер бәйгеге шабамыз деп шаршадыңдар ма?
Иә
Ал адамдар шаршағанда не істейді?
УҺ, аһ!
Ал қуанғанда не дейміз?
Алақай!
Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды қарату үшін не істеймз?
Шақырамыз.
Міне, біздің бүгінгі жаңа сабағымыз «Одағайдың түрлері».
Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.
1.Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару сияқты мәнді білдіреді. Олар:пәлі, ойпырай, алақай, пай-пай, бәрекелді, түу, уһ,әттеген-ай т.б.
2. Жекіру одағайлары жекіру,тыйым салу, бұйыру сияқты мәнді білдіреді.Олар: тәйт, тек, жә т.б.
3. Шақыру одағайлары мал, ит , құсты шақыру, қуумен байланысты мәнді білдіреді.Олар: құрау-құрау, шөре-шөре, қош-қош, айт,кә-кә, пырс т.б.
Одағайлар сөйлемдегі ойға қатысты болғанмен, ондағы жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады. Әрі одағайдың толық мағынасы болмайды, олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
Оқулықпен жұмыс.316- жаттығу.Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. 318-жаттығу. Одағайларды тауып, қандай мағынада қолданылып тұрғанын және қай түріне жататынын ажыратып, талдап, жоқ жеріне тыныс белгісін қойып, көшіріңдер.
Үлгі: Түу –таңырқау мәнін білдіреді, көңіл күй одағайы;
О-о- таңырқау, шаттану мәнін білдіреді, көңіл күй одағайы.
Шығармашылық жұмыс. Одағай сөздерді қатыстырып, «Көктем» , «Наурыз», «Дәстүр», тақырыптарына шағын мәтін құра.
Сабақты бекіту.Жарысымыз әрі қарай «Ханталапай» ойынымен жалғасады. Ханталапай ойынын асықпен ойнайды. Бұрын хандар тағына таласқан. Ал біз білімділігімізбен таласамыз. Бұл ойынға 5 оқушы қатысады. Оқушы екі сөзден алып, сөйлем құрайды.
Карточкамен жұмыс.
№1 карточка.
Алақай, құрау-құрау. Осы одағайларды қатыстыра сөйлем құра.