Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп
Сабақ тақырыбы | Н.Орманбетұлы шығармаларының Абай поэзиясымен үндестігі |
Жалпы мақсаты | Нарманбет Орманбетұлы өлеңдеріндегі Абайдың дәстүрлі үлгілерін таниды, ақындар шығармашылығында сабақтаса өрілетін көркемдік, идеялық сарындарды талдайды. |
Нәтиже | Топпен бірлесе іздену негізінде танымдық белсенділіктері, тұлға ретінде ізденімпаздық қасиеттері, ойларын жүйелеп жеткізу дағдылары дамыды. |
Дереккөздер, ресурстар | Ғаламтор жүйесі (білім беру сайттары), 10-сыныптың оқулығы мен хрестоматиясы, А.Әлімовтың оқу құралы, әдістемелік нұсқаулар |
Сабақ жабдықтары | АКТ құралдары (интерактивті тақта, компьютер), слайд, бейнесюжет, маркер, А-3, А-4 парақтары, постер, бағалау парақтары мен белгілер, стикерлер |
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгерту |
Сабақтың әдіс-тәсілдері | «Өлең шумақтары» − топтастыру, «Қар көшкіні», «Болжау», «РАФТ», «Т-кесте», «Бейнесюжет», «Сабақтастық» стратегиялары |
Модульдер | СТО, АКТ |
Сабақтың барысы (әрекеттер) | 1. Үй тапсырмасына кері байланыс. 3. Жаңа тақырыпқа кері байланыс. 2. Мағынаны ашу (топтар бойынша тапсырмалар) 4. Рефлексия. 5. Бағалау. 6. Үйге тапсырма. |
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал. 3 минут | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті |
«Қар көшкіні» стратегиясы (комплимент айту/есімдерін мадақтау) «Менің көңіл күйім» − бүгінгі көңіл күйімізді танытайық | Әр оқушы сол жағындағы көршісінің есімін атап, есімінің бастапқы әрпінен басталатын сын есім (эпитет) қосып, айтады (Мөлдір – М, мейірімді) Смайликтер салып, өз көңіл күйлерін бейнелейді. |
Өткен тақырыпқа кері байланыс № 1. Ойтолғау 5 минут | Тапсырмамен таныстырады. Әрекетке бағыттайды. Формативті бағалау жүргізеді. 1. «Туған жерім – тал бесігім» тақырыбына ойтолғау жазу (10) 2. Нарманбет Орманбетұлының ғылым-білім, өнер жайлы өлеңдерін мәнерлеп оқып, талдау. | Үйге берілген тапсырмаға кері байланыс жасайды: 1. Ойтолғауларын оқиды. |
№ 2 Мәнерлеп оқу (түйіндеу) 5 минут | 2. Ақын өлеңдерінен қалағандарын мәнерлеп оқиды, келесі оқушы қысқа шолу арқылы талдайды (кез келген). |
Топтастыру (жаңа топ) 3 минут | «Өлең шумақтары» − Абай өлеңі арқылы топтастыру | Таңдайды. Топтасады. Топ басшыларын сайлайды. |
Жаңа сабақ «Болжау» б/ша тақырып айқындалады. Мақсат қою. 2 минут | «Миға шабуыл» − бейнесюжет (10 сек.) 1. Бүгінгі тақырыбымыз? 2. Сабақтың мақсатын айқындайды. | 1. Өлең авторын табады. Тақырыппен танысады. Н.Орманбетұлы шығармаларының Абай поэзиясымен үндестігі 2. Оқушылар өз мақсаттарын (өздері көңіл күйлерін білдірген стикерге) жазады. |
№3 Топтық жұмыс «Конверттегі сұрақтар» стр. Н.Орманбетұлы шығармаларының Абай поэзиясымен үндестігі 7 минут + 10 минут | І топ «Абай − ұстаз» бейнесюжет. ІІ топ РАФТ. «Ұлылық ұлағаты» (рольдік ойын). ІІІ топ «Т- кесте» − салыстыру. ІV топ «Сабақтастық» − ақындар үндестігі. | Бейнесюжет мазмұны (постер) құрастырып, мағынасын танудағы ойларын тұжырымдап, дәлелдейді. Берілген үзінді бойынша Абай мен Нарманбет образдарына енеді (автор және кейіпкерлер: диалог) Нарманбеттің «Кер заман» және Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңдерін салыстырады (идея, тақырып, көркемдік, құрылысы, ...) Қос ақын өлеңдерінің идеялық, мағыналық жағын талдайды (тақырыптық, мағыналық байланыс). «Жұптас. Ізден. Талқыла» |
Жаңа тақырып бойынша кері байланыс №4 5 минут | «Кілемше» страт. (жауабы бар бес сұрақ) Абай мен Нарманбет бойындағы қандай қасиеттердің өз бойларыңнан табылғанын қалайсыңдар? | Түйін жасайды. Бес сұрақ бойынша стикерлермен «кілем тоқиды», таныған, білгендерін жазады. |
Рефлексия 3 минут | Ұсыныс. «Бүгінгі күннің сөйлемі» ... Дүние-ай, базарыңда арзан нарқым, Болса да арзан нарқым, қымбат даңқым. Қадір жоқ тіршілікте Нарманбетте, Өлген соң әттеген-ай дерсің, халқым... | Білім нәтижесін саралайды (мақсаттарын жазған смайликке жеткен нәтижелерін жазады). Нарманбет − өз бағасын біліп, азаматтық бейнесін танытқан тау тұлғалы ақын. |
Үйге тапсырма 1 минут | 1. Нарманбеттің «Замана» өлеңін жаттап, мәнермен оқу. 2. «Ақиық ақын» тақырыбына ойтолғау жазу (15 сөйлем) |
Бағалау. 1 минут | Топ басшысының тобындағы оқушыларды бағалауы. |