М?мкіндігі шектеулі балаларды математика?а о?ытуды? алдында міндетті т?рде дайынды? кезе?і болу керек. Оны? ?ажеттілігі бізді? балаларды? психикалы? дамуы ?р т?рлі сатыда болу м?мкіндігімен д?лелденеді. Кейбір балалар бірінші сынып?а арнайы бала-ба?шалардан келеді, бас?алары ?йден я?ни дайындалма?ан болып ?абылданады, немесе жалпы білім беру мектептен материалда ме?гере алма?ан балалар ?абылдануы м?мкін. Сол себептен пропедевтикалы? кезе?ні? ма?саттары келесідей:
1. Балаларды? даму де?гейін зерттеу. Б?л ма?сатты психолого-медико-педагогикалы? ??жаттарды зерттеу, балаларды? ж?мыстарын ?арастыру, ата-аналармен ??гімелесу, ба?ылау ар?ылы ж?зеге асырады.
Просмотр содержимого документа
«М?мкіндігі шектеулі балалар?а ?арапайым математикалы? ??ымдарды ?йрету..»
Жоспары:
1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға пропедевтикалық кезеңнің қажеттілігі, міндеттері, мазмұны.
2. Пропедевтикалық кезеңде оқыту процессінің өзгешілігі.
3. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі:көлемдік сандық, кеңістіктік, салмақтық ұғымда.
-1-
Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың алдында міндетті түрде дайындық кезеңі болу керек. Оның қажеттілігі біздің балалардың психикалық дамуы әр түрлі сатыда болу мүмкіндігімен дәлелденеді. Кейбір балалар бірінші сыныпқа арнайы бала-бақшалардан келеді, басқалары үйден яғни дайындалмаған болып қабылданады, немесе жалпы білім беру мектептен материалда меңгере алмаған балалар қабылдануы мүмкін. Сол себептен пропедевтикалық кезеңнің мақсаттары келесідей:
1. Балалардың даму деңгейін зерттеу. Бұл мақсатты психолого-медико-педагогикалық құжаттарды зерттеу, балалардың жұмыстарын қарастыру, ата-аналармен әңгімелесу, бақылау арқылы жүзеге асырады.
2. Балалардың қарапайым математикалық білімдерін, сөз қорын, танымдық мүмкіншілктерін анықтау.
3. Оқушыларды оқу-құралдармен таныстыру, олармен жұмыс істеуді үйрету.
4. МШ балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру: мөлшерлік, сандық, уақыттық, кеңістіктік, геометрикалық фигуралар туралы және т.б.
-2-
Пропедевтикалық кезеңде жеке және фронтальды жұмысты қатар жүргізген жөн. Бұл кезеңде жұмыс тәсілдері мектепке дейінгі балалармен қолданатын тәсілдермен бірдей: ойын тәсілдері, сөздік инструкция, тәжірибелік жұмыс. Сөздік инструкцияға қойылатын талаптар:
- инструкция тек бір ғана әрекетке арналу керек;
- инструкция бойынша балалар бір уақытта топпен бірдей жұмыс істеу керек;
- мұғалім орындаған жұмыстарын сөзбен басқарып тұрады, балалар хормен бірге жауап береді. Осындай жұмыс балалардың артта қалуына кедергі жасайды;
- алдын ала қажетті көрнекіліктерді, құрал-жабдықтарды дайындау керек;
- соңында қорытынды шығаруды үйретеді, мысалы: біз қазір не істедік? Қай шеңбер үлкен?
Пропедевтикалық кезеңде сабақтың ұзақтығы 30-35 минут және де екі сергіту кезеңі болады. Балалардың іс-әрекеті 3-5 минут сайын ауысып тұру керек, өйткені зейіндері тұрақсыз. Әр сабақтың үстінде өткен материалды қайталау қажет. Сабақтың үстінде көптеген әр түрлі көрнекіліктерді қолданған жөн. Көрнекіліктің екі түрі қолдананылады: иллюстрациялық және санауға арналған заттар. Әр сабақтың үстінде дәптермен және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған жұмыс ұйымдастырылады.